Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении призыва граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 1998 года

Өзге акт · № 718 · қабылданған 18.10.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-ekb-3281/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении призыва граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 1998 года Қолданыста 18.10.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении призыва граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 1998 года

Қолданыста Өзге акт № 718 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 1998 года
Атауы (қаз.)
1998 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
718
Қабылданған күні
18.10.1998
Көрсетілген редакция
18.10.1998 3281_258118.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98T000032_
ЭКБ идентификаторы
3281
Редакция идентификаторы
3281_258118
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:30
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1998 ж. қазан-желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңын, 1995 жылдың 19 мамыры және 14 қарашсындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына еңгізілген өзгерістер мен толықтыруларын, «Белгіленген әскери қызметі мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды 1998 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» «Қазақстан Республикасы Президентінің 7 қазан 1998ж. № 4110 Жарлығын орындау мақсатында» ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Облыс аумағында тұратын, шақыру күніне дейін 18 жасқа толған 1980 жылы туған және әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне дейін 27 жасқа толмаған 1971-1979 жылы туған азаматтар 1998 жылдың қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2. «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес қала мен аудандар әкімдері.

өз шешімімен шақыру комиссиясын құрсын (14 бап, 1 тармақ), оның төрағалығына өзінің орынбасарларының бірін тағайындасын және шақыру кезеңінде комиссия мүшелерін өздерінің қызмет міндетін атқаруынан босатсын (35 бап, 3 тармақ);
азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды тиәстә әскери комиссариаттар арқылы ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін (13 бап, 2 тармақ);
әскерге шақырылушыларды тұрғылықты орнынан аудандық (қалалық) шақырушы пунктке дейін және облыстық жинақтаушы пункттен кері қарай, тұрғылықты жерден қызмет орнына дейін, сонымен бірге әскери комиссариаттар жолдамасымен медицина мекемелерінде қосымша тексеруден өткізіп әкелді (13 бап, 2 тармақ, 35 бап, 1 тармақ) қамтамасыз етсін;
бағыныс және меншік түрлеріне қарамай кәсіпорын, мекеме, ұйым, оқу орындары, тұрғын үй-пайдалану және үй басқармаларының басшыларынан ҚР «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 13 бабының 3 тармағы, 27,28,33- баптарына, 35 баптың 3 тармағына сәйкес өз міндеттерін орындауын талап етсін;
тиісті әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен, дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен, автокөлікпен, байланыс құралдарымен, қоғамдық тәртіпті қорғаумен қызметшілер, қызмет көрсетуші адамдармен бірге азаматтардың дәрігерлік тексеруден өтуі үшін емдеу-профилактикалық мекемелерден орындар бөлсін (35 бап, 1 тармақ).

3. Облыстық әскери комиссариат (Текеғалиев Н.):

алынған тапсырмалар есебінен шақыру комиссияларының, дәрігерлік тексерулердің, әскерге шақырылушылардың шақыру пункттеріне келіп-кету мерзімін белгіленсін, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және шақырылған азаматтарды әскерге жөнелту жөніндегі шараларды өткізсін.

4. Қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысына басшылық етіп, сонымен бірге олардың қызметіне бақылау жасау үшін (№ 1 қосымша) облыстық шақыру комиссиясы құрылысын және әскерге шақыру жөніндегі мерзімде оның мүшелерін қызметтік міндеттерін орындаудан босатылсын.

5. Облыстық қаржы басқармасы (А.Шаңқиев):

1998 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды уақытылы және толықтай қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (А.Нұрбердиев):

облыстық дәрігерлік комиссия құрамына тиісті дайындығы бар, тәжірибелі маман-дәрігерлер және білімді медицина қызметкерлерін (№ 1 қосымша), сонымен бірге азаматтардың дәрігерлік тексеруден өтуі үшін емдеу-профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлсін (№ 2 қосымша);
қала және аудан денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінін әскерге шақырылушылардың комиссияға келген күннен бастап қанының тобын, резус-факторын, СПИД вирусын анықтау, кеуде органдарын рентгенологиялық (флюрографиялық) зерттеу, ЭКГ, бруцеллезге қарсы тексеру жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау жөнінде бақылау жасасын («Жалпыға бірдей әскери міндеткерлік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңының 13 бабының 2 тармағына, «Әскерге шақыруды дайындау және өткізу жөніндегі Ережелердің» 88 бабына сәйкес);
әскери комиссариаттар тапсырысына сәйкес аудандарға (қалаға), қажет деген жерлерге облыс емдеу мекемелерінен дәрігер-мамандар жіберсін;
қала және аудандардың дәрігерлік комиссияларын жергілікті емдеу мекемелерінің тәжірибелі маман-дәрігерлерінен іріктелуі және тиісті шақыру пункттерінің қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал-саймандармен, мүліктермен қамтамасыз етілуін бақылауға алсын (35 бап, 1 тармақ);
денсаулығына байланысты әскери шақырылу мерзімі кейінге қалдырылған дімкес жастарды емдеу-сауықтыру, сонымен бірге ауру шақырылушыларды есепке алу кабинеттерін, шақырылушылармен сауықтыру шараларын өткізуін ұйымдастырсын (Заңның 8,11 бап, 2 тармақ);
облыстық әскери комиссариат қалалық және аудандық әскери комиссариаттардан емдеуге бармаған әскери шақырылушыларға шара алу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырсын.

7. Ішкі істер басқармасы (Қ.Мырзабаев):

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде әскери комиссариаттармен бірге шақыру пункттерінде қоғамдық тәртіптті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;
Әскерге шақыру комиссияларына белгіленген мерзімде келмеген адамдарды жедел іздестіріп тауып, сонымен бірге әскери қызметтер бой тасалау әкеттеріне тосқауыл қойып, әскери комиссариаттарға жеткізілсін;
Облыстық әскери комиссариаттың жинақтаушы пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін милицияның күшейтілген нарядын бөлсін, командаларды көлікке отырғызу, жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар ссанына қарамастан) МАИ нарядымен бастап шығарып салсын.

8. Атырау тасымалдау бөлімшесі (Нарегеев Б), Атырау облыстық әскери комиссариатпен бірлесіп (Текеғалиев Н.):

Әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жерінен аудандыұ (қалалық) шақыру пункттеріне және облыстық жинақтау пунктіне дейін және кері қарай, тұрғылықты жерінен қызмет орнына, тұрғылықты жерінен қосымша тексерілу үшін дәрігерлік мекемелерге дейін және кері қарай әскери комиссариаттар бағытында тасуды жоспарлап, жүзеге асырсын.

9. Автобус-троллейбус паркінің директоры (Төлеков А):

әскерге шақырушыларды облыстық жинақтаушы пункттен командаларды көлікке отырғызатын жерге (Атырау стансасы) жеткізу үшін облыстық әскери комиссариаттың тапсырмасымен ақысы төленген жағдайд қажетті мөлшерде автобус бөлетін болсын.

10. Ұйымдар, мекемелер, оқу орындары, меншіктің барлық түріндегі кооператитер мен кәсіпорындар басшылары:

облыстық әскери комиссариат қарамағына әскери міндеттілер арасынан (ер адам) 1998 жылдың 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін техникалық қызметкер бөлсін (№ 3 қосымша), Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35 бабының 3 тармағына сәйкес олардың қызмет орны мен орташа айлық жалақысы сақталсын;
облыстық әскери комиссариатқа техникалық қызметкерлерді таңдап алуға рұқсат етілсін. Оларды басқа адаммен алмастыруға облыстық әскери комиссариаттың келісімінсіз рұқсат етілмесін.

11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне жүктелсін.