Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О нормативах (ставках) платежей за загрязнение окружающей среды на 1998 год

Өзге акт · № 3-94 · қабылданған 11.03.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-ekb-557/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О нормативах (ставках) платежей за загрязнение окружающей среды на 1998 год Күшін жойған 11.03.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О нормативах (ставках) платежей за загрязнение окружающей среды на 1998 год

Күшін жойған Өзге акт № 3-94 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О нормативах (ставках) платежей за загрязнение окружающей среды на 1998 год
Атауы (қаз.)
Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемақының 1998 жылға арналған нормативтері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-94
Қабылданған күні
11.03.1998
Көрсетілген редакция
11.03.1998 557_260268.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98D000004_
ЭКБ идентификаторы
557
Редакция идентификаторы
557_260268
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:47
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемақының 1998 жылға арналған нормативтері туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 13.01.1999 № 1-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1993 жылғы қазанның 15-гi N 1024 "Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау қорлары туралы" және 1994 жылғы қазанның 5-гi "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң N 1024 Қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы N 1113 қаулыларына сәйкес және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмiн жетiлдiру, табиғат қорғау қызметiн ынталандыру мақсатында облыс Әкiмi шешiм қабылдады:

1. Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төлемақының 1998 жылға арналған нормативтерi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).

2. Балансында көлiк, темiржол, теңiз және әуе транспорты бар табиғатты пайдаланушылар үшiн 2-ТП (көлiк) есеп нысаны бекiтiлсiн (2 қосымша).

3. Атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында облыс аумағында этильденген бензиндi сатуға және ауаны ластаушы жылжымалы құрамдарға (автокөлiкке) пайдалану тыйым салынсын.

4. Облыстық экология және биоресурстар басқармасы (Ұлдарбеков Б.Ұ.) ластаушы заттар, өндiрiс қалдықтары және оларды орналастыру жөнiндегi лимиттердi табиғат пайдаланушыларға дер кезiнде жеткiзудi қамтамасыз етсiн, коршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң, табиғатты қорғау заңдарын бұзғаны үшiн айыптардың дұрыс есептелуiн және түсуiн тұрақты бақылауды жүзеге асырсын.

5. Алматы облысы бойынша салық инспекциясы Сатқалиев М.А. төлемдердiң, талаптардың, айыптардың облыстық бюджетке (табиғат қорғауқорына) толық және мезгiлiнде түсуi жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.

6. Табиғатты пайдаланушы бюджеттегi кәсiпорындар, ұйымдар табиғат қорғау заңдарын сақтаған жағдайда қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдерден босатылады.

7. Облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы 08 тамызындағы N 8-316 шешiмiнiң күшi жойылсын.

8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Үмбетов С.А. тапсырылсын.

9 Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы

11 наурыздағы N 3-94
шешiмiне 1 қосымша
Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн
төлемақының 1998 жылға арналған
НОРМАТИВТЕРI
NN
Нормативтiң атауы
Ставкалар мөлшерi
Ескерту
1.
Белгiленген лимит көлемiнде ластаушы стационарлық көздерден бөлiнетiн ластаушы заттар үшiн төлемақы нормативi
1 шартты тонна үшiн 160 теңге
2.
Ластаудың жылжымалы (автокөлiк, темiржол, теңiз және әуе жол транспорты) көздерi бөлетiн атмосфераны ластаушы заттар үшiн төлемақы нормативi
1 шартты тонна үшiн 56 теңге
3.
Белгiленген лимит көлемiнде су объектiлерiне сарқынды сумен қоса тасталатын ластаушы заттар үшiн төлемақы нормативi
1 шартты тонна үшiн 2340 теңге
4.
Зиянды қалдықты көму үшiн төлемақы нормативi
- V дәрежелi уландырғыш қалдықтар, ТБО және басқа/
1 куб.м. үшiн 30 теңге
- IV дәрежелi уландырғыш қалдықтар, оның iшiнде күл-шлак қалдықтары
1 куб.м. үшiн 60 теңге
- III дәрежелi уландырғыш қалдықтар
1 куб.м. үшiн 120 теңге
- II дәрежелi уландырғыш қалдықтар
1 куб.м. үшiн 480 теңге
- I дәрежелi уландырғыш қалдықтар
1 куб.м. үшiн 960 теңге

10 199_ жылы жылжымалы көздерден атмосфераға тарайтын зиянды заттың қалдықтары мен жағылған отынының саны жөнiндегi Е С Е П

Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
11 наурыздағы N 3-94
шешiмiне 2 қосымша
Алматы облыстық экология басқармасы
Кәсiпорынның аты______________________________________ Ведомстволық нысан
_______________________________________________________ 2-ТП (көлiк)
Кәсiпорынның мекен жайы_________________________________
Барлық кәсiпорындар мен ұйымдар
мен меншiктiк нысанына қара.
мастан өздерiнiң балансындағы
зиянды затты шығаратын көздердi
көрсетуi тиiс
Бұл мәлiмет 10 қаңтарға дейiн
берiледi
199_ жылы жылжымалы көздерден атмосфераға тарайтын зиянды
заттың қалдықтары мен жағылған отынының саны жөнiндегi
Е С Е П
NN
Отынның түрi
Саны жылына/т.
NN
п.п
Ластайтын заттың аты
Қалдықтар жылына/т.
1.
Барлық отынның шығыны,оның шінде:
1.
Барлық қалдықтар,оның ішінде:
2.
Этильденбеген бензин
2.
Көміртегі тотығы
3.
Этильденген бензин
3.
Көмiрсутегi
4.
Дизельдi отын
4.
Альдегидтер, оның iшiнде жағудан:
5.
Мұнайдың сұйылтылған газы
-бензинді
6.
Табиғи сығылған газ
-дизотынды
7.
Авиациялық керосин
-газды
5.
бензпирен
6.
Азот тотығы
7.
Күкiрт диоксидi
8.
Қорғасын
"__"__________199_ж. Жетекшi_________________________
(Аты-жөнi, телефоны)