О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1998 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1998 года
- Атауы (қаз.)
- 1998 жылғы сәуір-маусым айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуын өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56
- Қабылданған күні
- 05.04.1998
- Көрсетілген редакция
- 05.04.1998 670_257440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98B000009_
- ЭКБ идентификаторы
- 670
- Редакция идентификаторы
- 670_257440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:45
0 1998 жылғы сәуір-маусым айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
«Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн атқарған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және 1998 жылғы сәуiр-маусым айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес:
1. Облыстың аудандары мен қалаларының әкiмдерi, қалалық және аудандық комиссариаттар 1998 жылғы сәуiр-маусым айларында облыс аумағында 1980 жылы туған, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметке шақырылуын кейiнге қалдыру мерзiмi өткен басқа жастағы азаматтардың мерзiмдi әскери қызметке шақырылуын және әскерге жөнелтiлуiн жүргiзсiн.
2. Қалалық және аудандық шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және оны бақылау үшiн № 1 қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.
Қалалар мен аудандардың әкiмдерi жергiлiктi жерлерде осындай комиссиялар құрсын және олардың, сондай-ақ жоғарыда аталған Заңның 35-бабына сәйкес жұмысқа тартылатын медициналық, техникалық және басқа қызметкерлердiң жұмысын қамтамасыз етсiн.
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Ақмола бөлiмшесiнiң дәрiгерлiк санитарлық қызметi шақырылудың басталуына қарай қалалық, аудандық және облыстық медицина комиссияларына бiлiктi мамандар жинақтасын, емдеу мекемелерiнде әскер қатарына шақырылғандарды кезектен тыс тексеру және стационарда емдеу үшiн қажеттi орын бөлсiн.
4. «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Ақмола бөлiмшесi шақырылғандардың баратын жерiне дер кезiнде жөнелтiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Облыстық экономика және сауда басқармасы шақыру жүргiзiлген кезде облыстық жинақ пунктiнде тағам өнiмдерi мен бiрiншi қажеттiлiктегi тауарлар сатылатын сауда орнын ашсын.
6. Облыстың iшкi iстер басқармасы әскери комиссариаттармен бiрлесiп шақыру пункттерiнде, жөнелту станцияларында, жинақ пункттерiнде тәртiптiң қамтамасыз етiлуiн және әскери мiндеттiлiгiн орындаудан бас тартатын азаматтардың iздестiрiлуiн ұйымдастырсын.
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық шақыру комиссиясына жүктелсiн.
8 Комиссия мүшелерi:
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
6 сәуiрдегi № 56 шешiмiне
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының тiзiмi
Қайыргелдi Темiржанұлы Сәрсекеев- облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк - құқық жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi - комиссия төрағасы
Қазбек Ысқақұлы Даңғылов - облыстық әскери комиссар комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Қазбек Ерденұлы - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Бану Рамазанқызы Маусымбаева - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Юрий Васильевич Лавров - облыстық әскери комиссариаттың бөлiм бастығының аға көмекшiсi, медицина комиссияның төрағасы
Надежда Семеновна Зорина - облыстық аурухананың қызметкерi комиссия хатшысы
Облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқық жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi