О проведении приписки граждан мужского пола, 1998 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Жанааркинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан мужского пола, 1998 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Жанааркинского района
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 03.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2015 AI84541_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KL002826
- ЭКБ идентификаторы
- 84541
- Редакция идентификаторы
- AI84541_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:06
0 Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алу, олардың санын, жалпы білім деңгейі мен мамандығының дәрежелерін белгілеу, шақырылушылардың дене шынықтыру дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
1 1.
Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейін ұйымдастырылсын.
2 2.
Жаңаарқа ауданының ауылдық округтар және кент әкімдері жасөспірімдердің Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырған түрде және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
3 3.
Жаңаарқа ауданы әкімінің 2013 жылғы 4 қарашадағы «Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы» № 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2443 болып тіркелген, «Жаңаарқа» газетінің 2013 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 (9593) санында жарияланған) күші жойылған болып танылсын.
4 4.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Жұмасейітұлы Жұмасейітовке жүктелсін.
5 5.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.