Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О программе развития и государственной поддержки малого предпринимательства в Павлодарской области на 1999 – 2000 годы

Өзге акт · № 51 · қабылданған 31.03.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-2000-ekb-3411/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О программе развития и государственной поддержки малого предпринимательства в Павлодарской области на 1999 – 2000 годы Қолданыста 31.03.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О программе развития и государственной поддержки малого предпринимательства в Павлодарской области на 1999 – 2000 годы

Қолданыста Өзге акт № 51 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О программе развития и государственной поддержки малого предпринимательства в Павлодарской области на 1999 – 2000 годы
Атауы (қаз.)
Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51
Қабылданған күні
31.03.1999
Көрсетілген редакция
31.03.1999 3411_253392.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99P000136_
ЭКБ идентификаторы
3411
Редакция идентификаторы
3411_253392
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:16
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4189 Жарлығын орындау және облыста шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 - 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. Қалалар мен аудандар әкімдері, облыстың экономика, индустрия, көлік және коммуникациялар, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық, білім департаменттері, облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет. Облыстық еңбекпен қамту орталығы – еңбек биржасы, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитет, облыс бойынша қаржы басқармасы Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Облыстың экономика департаменті Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыратын өкілетті орган болып белгіленсін.

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.

5 Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы

Облыс әкімінің
1999 жылғы «1» сәуір
№ 51 шешіміне
Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы
Атауы:
Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы.
Бағдарламаны дайындау туралы шешім:
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4189 Жарлығына және Павлодар облысы дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес.
Негізгі дайындаушы:
Облыстың экономика департаменті.
Бағдарламаның мақсаттары:
Шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
оның ұтымды салалық құрылымын жасау;
жұмыс орындары санын көбейту;
қоғамның орта буыны ретінде кәсіпкерлер секторы жұмысын жандандыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік және ақпараттық ресурстарды, бос тұрған өндірістік орындарды, жабдықтарды кедергісіз пайдалануларын қамтамасыз ету;
шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдарының тиімді институттарын құру және дамыту;
мемлекеттік басқару органдарының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз етудегі тиімді қарым – қатынастары;
шағын кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қолдау және қорғау түрлерін жетілдіру;
өндірістік, консалтингтік, қаржы инновациялық және басқа салаларда шағын кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
шағын кәсіпкерлікке мамандар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыру.