О подготовке военно-технических специалистов для вооруженных сил Республики Казахстан на новый 1999-2000 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О подготовке военно-технических специалистов для вооруженных сил Республики Казахстан на новый 1999-2000 учебный год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 1999-2000 оқу жылында әскери-техникалық мамандарды даярлау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 199
- Қабылданған күні
- 25.11.1999
- Көрсетілген редакция
- 25.11.1999 5159_265291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99C0000347
- ЭКБ идентификаторы
- 5159
- Редакция идентификаторы
- 5159_265291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:49
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 1999-2000 оқу жылында әскери-техникалық мамандарды даярлау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
«Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-шы бабына сәйкес және «Әскери-техникалық мамандарды даярлауды басқаруды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 тамыздағы № 1199 қаулысы мен
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мамандар даярлау туралы ережені күшіне енгізу туралы» Казақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1996 жылғы 28 акпандағы № 40 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 1999-2000 оқу жылында облыстың әскери-техникалық мектептерінде даярлануға жататын шақырушылар санатынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 210 адамнан мамандар даярлаудың қоса тіркелген жоспары бекітілсін.
2. Қалалар мен аудандар әкімдері облыстық әскери комиссар (Қ. А. Сәтенов):
1) Ақтөбе қаласының әскери-техникалық мектептерінде топтарды мезгілінде жинақтауды және әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарың орындауды қамтамасыз етсін.
Әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауға іріктелген шақырушыларды міндетті медициналық куәландырудан өткізуді жүргізсін. Әскери-техникалық мектептерге ауруларды, сотталғандарды және кезекті шақыруға жатпайтындарды жіберу оқиғаларын болдырмасын;
2) әскери-техникалық мектептерде өндірістен қол үзіп дайындықтан өтетін шақырушылардың оқуы кезеңінде жұмыс орындарын, лауазымды қызметін сақтасын және негізгі жұмыс орынындағы орташа айлық табысын төлесін.
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Мининстрлігінің әскери-техникалық мектептерінде ғана емес, сонымен бірге меншіктің қандай нысанында екендігіне қарамастан басқа да ұйымдарда, мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субъектілерде даярлаған маман-шақырушылар есепке алсын және оларды Қорғаныс Министрлігінің тапсырысына сәйкес алған әскери-техникалык, мамандықтары бойынша ғана әскерге жіберсін.
3. Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің бастығы (В. В. Исаенко):
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 1999-2000 оку жылында әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарын толық әрі сапалы орындауды қамтамасыз етсін;
2) мектептің оқу-материалдық базасын Қарулы Күштер үшін әскери-техникалық мамандар даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкестендірсін, әскери-техникалық мектепті практикалық жұмыс тәжірибесі /мол оқытушылармен және өндірістік оқыту шеберлерімен толықтырсын, олармен әдістемелік жұмыс деңгейін арттырсын сондай-ақ жетіспес техникамен, мүлікпен, оку құралдары және әдебиеттермен қамтамасыз етсін;
3) әскери-техникалық мектептің курсанттары мен оқу техникасын оқу үрдісіне байланыссыз жұмыстарға тарту және пайдалануға тыйым салсын.
4. Әскери құрамалар мен бөлімдердің командирлері, Ақтөбе гарнизонының бастығы әскери оқу орындары мекемелерінің және оқу орындары әскери кафедраларының бастықтары жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және мектептердің оқу-материалдық базаларын жетілдіру, мәселелерінде әскери-техникалық мектебінің тапсырысы бойынша курсанттардан уақытында емтихан қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясының бастығы (Ж. Т. Тасыбаев) Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің тапсырысы бойынша курсанттардан уақытында емтихан қабылдауды қамтамасыз етсін.
6. Облыстық қоғамдық көлік қызметі басқармасы (Т. Т. Құрманалин ) Ақтөбе әскери-техникалық мамандар даярлау мектебінен өтіп жатқан курсанттардың оқуы кезеңінде қаланың жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүруі туралы мәселесін шешсін.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. К. Есіркеповке жүктелсін.
14 Облыс Әкімінің
1999 жылғы 25 қарашадағы
№ 199 шешімімен бекітілді
1999-2000 оку жылында облыстық әскери-техникалық мектептерінде даярлануға жататын санатынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мамаңдар даярлаудың ЖОСПАРЫ
№
Даярлайтын қалалық
жене аудандық әскери комиссариаттар
Мамандықтардың аты
Кезеңдер бойынша
Оқу мерзімі
Электро
механик
жүргізушілер
«в», «с»
категориялы
жүргізушілер
1-к.
1.10.1999
бастап
15.01 дейін
2-к.
1.02.2000
бастап
15.05. дейін
1
Ақтөбе қаласының әскери комиссариаты
30
40
35
35
2
Алға аудандық әскери комиссариаты
15
5
10
3
Әйтекеби аудандық әскери комиссариаты
20
10
10
4
Байғанин аудандық әскери комиссариаты
5
2
3
5
Қарғалы аудандық әскери комиссариаты
10
5
5
6
Қобда аудандық әскери комиссариаты
10
5
5
7
Мәртөк аудандық әскери комиссариаты
20
10
10
8
Мұғалжар аудандық әскери комиссариаты
20
10
10
9
Ойыл аудандық әскери комиссариаты
5
2
3
10
Темір аудандық әскери комиссариаты
10
5
5
11
Хромтау аудандық әскери комиссариаты
10
5
5
12
Шалқар аудандық өскери комиссариаты
10
5
N
13
Ырғыз аудандық әскери комиссариаты
5
2
3
Барлығы
30
180
101
109