О региональной Программе поддержки и развития малого предпринимательства на 1999-2000 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлекті қолдаудың және дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған аумақтық бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған аумақтық бағдарламасын қарап, ҚР «Шағын кәсіпкерлекті мемлекеттік қолдау» туралы Заңының 7 бабы 2 тармағының негізінде облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған аумақтық Бағдарламасы бекітілсін. Бірге ұсынылды.
Тармақ 2
2. 1999 жылға арналған облыстық бюджеттің шығыс бөлігінде шағын бизнесті аумақтық бағдарлама шеңберінде қолдау үшін 30 млн. кем емес қаржы сомасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасына жыл сайын облыстық бюджетті қалыптастыру барысында кіші кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін қажетті қаражатты қарастыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық басқармалар мен комитеттер, аудан әкімдері мен Орал қаласының әкіміне Бағдарлама қараған шаралардың уақытында орындалуын қарағалау міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуді үйлестіру және бақылау облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Департаментіне тапсырылсын.