Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов в 1999-2000 учебном году с юношами-учащимися средних общеобразовательных профессионально-технических школах (лицеев) и средних специальных учебных заведений (колледжей) области

Өзге акт · № 40 · қабылданған 17.03.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-2000/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов в 1999-2000 учебном году с юношами-учащимися средних общеобразовательных профессионально-технических школах (лицеев) и средних специальных учебных заведений (колледжей) области Күшін жойған 17.03.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов в 1999-2000 учебном году с юношами-учащимися средних общеобразовательных профессионально-технических школах (лицеев) и средних специальных учебных заведений (колледжей) области

Күшін жойған Өзге акт № 40 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов в 1999-2000 учебном году с юношами-учащимися средних общеобразовательных профессионально-технических школах (лицеев) и средних специальных учебных заведений (колледжей) области
Атауы (қаз.)
Облыстың жалпы орта білім беретін кәсіптік-техникалық мектептері (лицей) мен орта оқу орындары (колледж) оқушыларымен 1999-2000 оқу жылында далалық-оқу (лагерлік) жиынын өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
17.03.2000
Көрсетілген редакция
17.03.2000 5962_285273.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000503_
ЭКБ идентификаторы
5962
Редакция идентификаторы
5962_285273
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:35
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың жалпы орта білім беретін кәсіптік-техникалық мектептері (лицей) мен орта оқу орындары (колледж) оқушыларымен 1999-2000 оқу жылында далалық-оқу (лагерлік) жиынын өткізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
«Бастапқы әскери даярлау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 11-ші сынып оқушыларымен және маусым айының басында кәсіптік-техникалық мектеп (лицей) және орта арнаулы оқу орындарының (колледж) үшінші курс оқушыларымен бастапқы әскери дайындық бойынша белгіленген оқу жоспарына сәйкес 2000 жылдың мамыр-маусым айларында далалық-оқу жиындары өткізілсін.

2. Облыстық білім басқармасы (А. А. Құдайбергенов) облыстық әскери комиссариатпен (Қ. А. Сәтенов) бірлесе отырып, бес күндік далалық-оқу жиындарын өткізу жөніндегі бағдарлама мен шаралар жоспарын жасасын.

3. Облыстық әскери комиссариат (Қ. А. Сәтенов) оқу далалық жиындарын табысты өткізуге көмектесу мақсатында әскери бөлімдердің және әскери оқу орындарының, әскери кафедралар мен әскери – техникалық мектептердің командирлерімен байланысты қамтамасыз етсін.

4. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері мүдделі ұйымдар және мекемелермен кеңейтілген кеңестер өткізсін, жиындар өткізетін орындарды, жиындардың уақытша штаттарын, аталған шараларды өткізуге жауапты адамдарды анықтасын, сондай-ақ смета мен тапсырыстарға сәйкес қажетті ақша қаражатын іздестірсін.

5. Бес күндік оқу далалық (лагерлік) жиындар кезінде жалпы білім беретін 11-ші сыныптарының қыздары медициналық емдеу мекемелерінде тәжірибеден өткізілсін. Тәжірибеден өту тәртібі мен орнын облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Ж. Е. Алдашев) облыстық білім (А.А. Құдайбергенов), облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі (С. В. Крутько) басқармаларымен келісе отырып белгілесін.

6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Ж. Е. Алдашев) далалық жиынды өткізетін орындарда оқушылардың елеулі түрде көп жиналатындығына байланысты оқушылардың жұқпалы, тағы да басқа аурулармен науқастанып қалуына қарсы медициналық шараларын белгілесін, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етсін.

7. Облыстық туризм және спорт комитеті (А. П. Лобах) жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақыласын және спорттық шараларды ұйымдастырсын.

8. Облыстық ішкі істер басқармасы (С. А. Исимов) далалық оқу жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.

9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.