О дополнительных мерах по обеспечению подготовки, проведения и обработки материалов Переписи населения 1999 года в Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по обеспечению подготовки, проведения и обработки материалов Переписи населения 1999 года в Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазакстан облысында 1999 жылы халық Санағы материалдарын әзірлеуді, өткізуді және өндеуді қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 522
- Қабылданған күні
- 19.05.1998
- Көрсетілген редакция
- 19.05.1998 1153_254960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000046
- ЭКБ идентификаторы
- 1153
- Редакция идентификаторы
- 1153_254960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:42
0 Шығыс Қазакстан облысында 1999 жылы халық Санағы материалдарын әзірлеуді, өткізуді және өндеуді қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
«1999 жылы Қазақстан Республикасында халық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 3 сәуірдегі № 389 және «1999 жылы Қазақстан Республикасында халық Санағына әзірлену, өткізу және оның материалдарын өндеу тәртібі туралы» 1996 жылғы 11 желтоқсандағы № 1519 Қаулыларын және Қазакстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 13 сәуірдегі № 3231 хатын орындау мақстанда
ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
1.1. Мемлекеттік статистика органдарына 1999 жылы халық Санағына әзірлікте, өткізуде және оның материалдарын өндеуде жан- жақты мейлінше көмек көрсетсін, бұл жұмыска меншіктін. барлық нысандарындағы ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың қызметкерлерін, мектеп мұғалімдерін, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін, колледждердің жоғарғы курстар оқушыларын қатыстырсын, олардың негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақылары немесе жергілікті оқу орны бойынша стипендиялары сақталсын.
1.2. Халық санағын өткізудің бекітілген ұйымдастырушылық жоспарларына сәйкес санақ кадрларын дербес бекіту, санақ бөлімдері үшін қажетті мөлшерде үйлер, нұсқаулық учаскелер, орталықтан, автокөлікпен түсетін санақ құжаттарын сақтау қамтамасыз етілсін.
1.3. Шаруашылық кітаптарын толық және сапалы жүргізу қамтамасыз етілсін.
1.4. Аймақта 1999 жылғы халық санағына әзірліктің барысы үнемі қаралсын.
2. Қалалар мен аудандардын, әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ө.) 1999 жылғы халық Санағына әзірлену мен өткізуді қаржыландыру мәселесін шешсін.
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Лұкпанов Т.М.), облыстық көш-қон және демография басқармасы (Омаров Б.А.) үстіміздегі жылы халықтын көш-қонын қадағалау жөнінде қосымша шаралар қолдансын.
4. Облыстық ақпарат және қоғамдык келісім басқармасы (Абайділдин Т.Ж.), облыстық телерадиокомпания (Городнянский Е.А.), облыстық газет редакциялары (Акава А.И., Өділбаев Ж.Ә.), облыстық білім департаменті (Видова О.И.) 1999 жылғы халық Санағы туралы халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізуді күшейтсін.
5. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Дьяченко А.С.) облыстын елді мекендерімен үздіксіз телефон байланысын, жеделхаттар, корреспонденциялар мен сәлемдемелер жіберуді, сондай- ақ 1999 жылғы халық Санағына әзірлену мен өткізу және онын материалдарын өткізу кезеніне жай тариф бойынша ақы төлеу арқылы мемлекеттік статистика органдарына «Санақ» паролі бойынша кезексіз қалааралық телефон байланысын беруді қамтамасыз ету жөнінде шаралар белгілесін.