Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О ставках нормативной платы за загрязнение природной среды на 1999 год и порядке взимания средств

Өзге акт · № 263 · қабылданған 30.12.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-2552/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О ставках нормативной платы за загрязнение природной среды на 1999 год и порядке взимания средств Күшін жойған 30.12.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О ставках нормативной платы за загрязнение природной среды на 1999 год и порядке взимания средств

Күшін жойған Өзге акт № 263 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ставках нормативной платы за загрязнение природной среды на 1999 год и порядке взимания средств
Атауы (қаз.)
1999 жылға табиғаттық ортаны ластағаны үшін нормативтік төлем ставкалары және қаржыны алу тәртібі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
263
Қабылданған күні
30.12.1998
Көрсетілген редакция
30.12.1998 2552_236038.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98S000055_
ЭКБ идентификаторы
2552
Редакция идентификаторы
2552_236038
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:23
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1999 жылға табиғаттық ортаны ластағаны үшін нормативтік төлем ставкалары және қаржыны алу тәртібі туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 14.12.1999 № 238 шешімімен
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі» 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорлары туралы» 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 280 және «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем алу ережесі туралы" 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1213 қаулысына, сондай-ақ Қоршаған табиғаттық ортаны ластағаны үшін төлемдерді айқындау әдістемелеріне сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:

1. Табиғаттық ортаны нормативті ластағаны үшін төлемдер ставкасы және табиғат ресурстарына келтірген залалдарды айқындау және оның орнын толтыру тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Арнайы табиғат пайдаланушы ретінде, қандай да болмасын қызмет жүргізетін кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелерге олардың меншік нысандарына қарамастан төмендегі белгіленген лимит аясында табиғаттық ортаны ластағаны үшін төлем жөнінде есеп жүргізу және оны табиғат қорына аудару функциясы жүктелсін:

- тұрақты және қозғалмалы көздердің атмосфераны ластаудан;
- жер үсті суларын ластаудан, жинақтаушылар мен жер қыртысын ластаудан;
- өндіріс қалдықтарын орналастырудан, (сақтау, жерлеу және полигондар, қоймалар мен қоқыс орындарындағы ластаулар).

3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы табиғаттық ортаны ластаудың лимитін белгілесін және оның сақталуына бақылау жасасын, шағым-талап тәртібінде залалдық талаптар қоюмен оларды өндіріп алуды, сондай-ақ айыптар салуды көздейтін табиғатты қорғау заңдарын бұзушылықтардың (өндірістік есепке алынбаған және статистикалық есепке енгізілмеген апаттық, өздігінен ластаулар) беті ашылсын.

4. Белгіленген лимит аясында табиғаттық ортаны ластатаны үшін нормативтік төлем төлеуден мәдениет, денсаулық сақтау, білім мекемелері, балалардың демалыс лагерлары босатылсын.

5. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының алқасына шағым- талаптық тәртіпте ұсынылатын төлемдердің көлемін кеміту, сондай-ақ ол қаржының бір бөлігін табиғатты қорғау шараларына бағыттау жөнінде ұсыныстар жасау құқы берілсін.

6. Ластағаны үшін нормативтік төлем ставкасына "Көкшетау" Ұлттық паркіне (Айыртау, Зеренді, Щучинск аудандары) енетін облыс аудандары үшін 1.5 жоғарлату коэффициенті енгізілсін.

7. Төлемдердің дұрыс есептелуіне және оның дер уақытында аударылуына бақылау жасау мемелекеттік салық қызметтері мен облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына жүктелсін.

8. Жылжымалы көздерден табиғаттық ортаны ластағаны үшін төлемдер моторлық отындармен жабдықтаушылардан (сатушылардан), моторлық отындарды сақтаушылардан, басқа да кәсіпорындардан, соның ішінде облыстан тыс жерлерде тіркелген, алынсын.

9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Ф. Вербнякқа жүктелсін.