Об утверждении временного тарифного Соглашения об оплате медуслуг на 1999 год. Қолданыста
Басқа 0
1999 жылға арналған медициналық қызметті төлеу туралы уақытша тарифтік Келісімді бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 12.09.2000 № 496 шешімімен.
"Міндетті медициналық сақтандыру Қорын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің. 31.12.1998 ж. N 1387 Қаулысының негізінде Міндетті Медициналық сақтандыру қоры облыстық бөлімдерімен бірге "Медициналық қызметті төлеу жөніндегі Орталығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта кұрылды, оған емдеу - профилактикалық мекемелердің. (бүдан әрі ЕПМ) тегін медициналық жәрдемнің. кепілді көлемін көрсету жөніндегі көрсеткен қызметі үшін бюджеттік қаражат шегіндегі шығындарын өтеу тапсырылды.
Денсаулық сақтау саласында нарықтық тетіктерді дамыту және облыстың денсаулық сақтау жүйесінде құрылымдық қайта құруды жүргізу мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Медициналық қызметті төлеу жөніндегі Орталығы Маңғыстау облыстық бөлімінің. МКТО ОБ медициналық қызметті төлеу туралы 1999 жылға арналған уакытша/гарифтік Келісімі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалаларды. әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы (А.Т.Айдарханов) ЕПМ—ді мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар етіп тіркеу және қайта тіркеу үрдісін тездетсіп және ЕПМ-ді МҚТО ОБ-мен жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуі үшін уакытылы әзірлеуді, қамтамасыз етсін,әр- бір кәсіпорынның қаржылық балансын бекітсін және оны облыстық қаржы басқармасына табыс етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы, (С. Б. Шаметова) Медициналық қызметті телеуорталығы облыстық бөлімі (С.Б.Бердәулетов) бюджеттік жіктелімнің ерекшеліктері бойынша бекітілген шектер шегінде қаржындыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Бортникке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің
1999 жылғы 13 сәуір
№ 72 шешіміне қосымша
1999 жылға арналған Медициналық қызметті төлеу жөніндегі Орталығы Маңғыстау облыстық бөлімінің медицтналық қызметті төлеу туралы уақытша тарифтік келісімі
Маңғыстау облыстық қаржы басқармасыү, оның атынан бастығы С. Б. Шаметова, медициналық қызметті төлеу жөніндегі Орталығының облыстық бөлімі, (МҚТО 0Б) оның. атынан директоры С. Б. Бердәулетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, оның атынан бастығы А.Т.Айдарханов денсаулық сақтау саласындағы нарықтық тетіктерді дамыту және аймақтағы денсаулық сақтау жүйелеріне құрылымдық қайта кұруды жүргізу мақсатында осы уақытша келісімді жасастық.
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
Тармақ 1
1. Осы Келісім денсаулық сақтау орталық органының. 1999 жылға арналған Типтік тарифтік келісімін бекіткенге дейін СС-қимыл әрекетінде болады және ол Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталады.
Тармақ 2
2. Келісім МКТО ОБ-мен келісім шарт жасасқан медициналық қызмет көрсетуді жеткізіп қоюшылардың. барлығына таралады. Меншік нысанына қарамастан кез-келген медициналық ұйым және белгіленген тәртіпте лицензия алған, медициналық практикамен шұғылданатын тұлға Жеткізіп қоюшы бола алады.
Тармақ 3
3. Медициналық қызметті Жеткізіп қоюшы мен МКТО ОБ арасындағы қатынас КР денсаулық сақтау, білім жане спорт Министрінік 1999 жылғы 29 қаңтардағы HP 69-1 бұйрығымен бекітілген Типтік келісім-шарт негізінде құрылады. Келісім-шартпен мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүргізіледі.
Тармақ 4
4. МКТ0 бөлімі шығындарды мынадай принциптер бойынша өтейді:
Тармақ 4.1
4.1. Жатып емделетін жағдай мен клиникалық шығыстар тобы (КШТ) бойынша - мамандандырылған медициналық көмекті қоса алғанда тәулік бойына тұрақты емдеу орындары үшін.
Тармақ 4.2
4.2. Бір тұрғынға шаққанда жан басына келетін норма бойынша - отбасылы дәрігерлік амбулаториялар, селолық дәрігерлік амбулаториялар олардың құрылымдық бөлімшелері-фельдшерлік-акушерлік пункттер үшін.
Бір тұрғынға шаққанда жан басына келетін норматив емхана құрамында дербес және уақытша тұрған отбасылық және селолық дәрігерлік амбулаторияларға таралады.
Тармақ 4.3
4.3. Мамандандырылған медициналық қызметті төлеу амбулаториялық- емхана ұйымдарына бір қаралу тарифі бойынша жүргізілсен.
Аяқталған жағдай бойынша-мамандандырылған амбулаториялық – емханалық ұйымдардың күндіз тұрақты емдеу үшін.
📌 Ескерту. 1-тарауға өзгерістер енгізілді -Маңғыстау облысы әкімінің 23.11.1999 № 268 шешімімен.
Тармақ 4.4
4.4. Еңбектің жүйеленген бірлігі (ЕЖБ) бойынша –стомотологиялық қызмет үшін.
Тармақ 5
5. Медициналық қызметті алдын ала төлеу 1999 жылға арналған жергілікті бюджетте көзделген қаржы қаражаты шегінде жоспарлы тарифтар (ставкалар) бойынша жүргізіледі. Қайта есептеу медициналық кәсіпорынның іс жүзінде нақтылы шығындарына сәйкес тоқсан сайын жүргізіледі. Қайта есептеу көрсетілетін қызметті берушілермен салыстыру-актісінін, жалақыны есептеу және оған есептелімдер» ведомосының негізінде, алайда осы тарифтік Келісіммен бекітілген жоспарлы тарифтерден (ставкалардан) артық емес ретте жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Медициналық қызметке арналған жоспарлы тарифтерді (ставкаларды) қайта есептеу жылына 2 реттен асырмай жүргізіледі.
Жергілікті бюджетті нақтылау жағдайында жоспарлы тарифтер (ставкалар) міндетті түрде қайта есептеуге жатады оны облыс әкімі бекітеді және ол осы Келісімнің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Тармақ 7
7. Медициналық қызметті жеткізіп қоюшылар МКТО ОБ-не мыналарды табыс етеді:
- КР ДБ ж С Министрлігінің 1999 жылғы 4 ақпандағы №78 бұйрығына сәйкес тізілімін - ай сайын;
-ҚР Қаржы министрлігінің көрсетілетін қызметті берушімен салыстыру актісін сайын.
Тармақ 8
8. Медициналық қызметті орындуа арналған Мемлекеттік тапсырыс, "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 ж. 16 шілдедегі N 163-1 Заңына сәйкес берілген конкурстық өтінімдерге сәйкес конкурстық негізде орналастырылады.
Тармақ 9
9. Конкурстық өтінімді жеңіп шығушыны анықтап белгілеу кезіндегі өлшемдер мыналар болып табылады:
-конкурстық өтінімнің бағасы;
-медициналық қызметін сапасы мен касіби біліктілігінік кепілдігі .
Тармақ 10
10. Медициналық қызметті жеткізіп қоюшы мемлекеттік тапсырысты төлеуге арналып бағытталған бюджеттік қаражаттың мақсатқа сай әрі тиімді пайдаланылуына, КР Үкіметінің 25.12.1998 ж. N 1336 "Кредиторлық берешек өсуінің алдын алу жөніндегі шаралар"туралы қаулысына сайкес кредиторлық берешектің өсуіне жол бермеуге жауапкершілік артады.
Тармақ 11
11. 1999 жылға арнап мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға облыс бюджетінде 724986,0 мың теңге көзделіп отыр (N 1 қосымша) , соның ішінде
- 35 бағдарлама - 290028,0 мын тенге;
- 36 бағдарлама - 434958,0 мын тенге.
Тармақ 12
12. 1999 ж.1 қаңтардағы жағдай бойынша МҚТО ОБ медициналық кәсіпорындар алдында 329713,4 мың теңге сомасында, соның ішінде жалақы жөнінде 97452,2 мың теңге, қорға аударылым жөнінде 95398,9 мың теңге кредиторлық берешегі бар.
“Медициналық қызметтерді төлеу орталығының облыстық бөлімі МҚТО арқылы қаржыландарылуға ауыстырылған медицина ұйымдарының бюджеттегі кредиторлық берешегін 01,01.1999 ж. жағдай бойынша барлығы 262435,1 мың теңге, оның ішінде еңбек ақыға борышы 19593,8 мың теңге құрайды, жалақыға аударылым жөнінде 20334,0 мың теңге (жалғанады).
Барлық есептесулердің несиеге ұлғайта отырып жүргізілген, оның мемлекеттік тапсырысқа әсер етпейтіні қаперге алынсын.
📌 Ескерту. 12 -тарауға өзгерістер енгізілді -Маңғыстау облысы әкімінің 23.11.1999 № 268 шешімімен.
Тармақ 13
13. 1999жылдың бюджетінде 1998 жыл ішіндегі жалақы мен есептелімдер бойынша 195851,4 мың теңге сомасында борышты көзделген. Соның ішінде:
- жалақы барлығы - 97452,5 мың тенге:
35 бағдарлама - 54469,1 мың тенге
36 бағдарлама - 42983,4 мың тенге;
- жалақыға есептелімдер барлығы - 95398,9 мың теңге!
35 бағдарлама - 36597,2 мың тенге
36 бағдарлама - 58801,7 мың тенге.
136862,0 мың теңге сомасындағы өзгеде кредиторлық берешек өзара есептесу жолымен өтелетін болады.
Тармақ 14
14. Жоспарлы тарифті (ставканы) есептеу үшін 1998 жыл ішіндегі жалақы мен оған есептелімдер жөніндегі борыш сомасын немесе 532134,6 мың теңге, соның ішінде:
-35 бағдарлама - 198961,7 мың теңге;
-36 бағдарлама - 333172,9 мың теңге;
алынып тасталған, 1999 жылғы бюджетте бекітілген, қаражат сомасы қолданылады.
Тармақ 15
15. 1999жылға арналған мемлекеттік тапсырыс (аяқталған жағдайлардың, ЕЖБ мен дәрігерлік келіп қараулары), оларды іс жүзіндегі нақтылы шығыстарға жақындату үшін қалалар мен аудандар бойынша, жоспарлы тарифті (ставканы) есепк ала отырып және оны теңдестіру мақсатымен белгіленді.
Тармақ 15.1
15.1. 1999жылға арналған тәулік бойына үздіксіз тұрақты емдеу орынын~ мемлекеттік тапсырыс 1998 жыл ішіндегі іс жүзіндегі нақтылы көлемі 56672 жағдайына қарағанда, 47990 аяқталған жағдай болады.
Бұл орайда Қарақия ауданы бойынша 1999 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі жоспарлы тарифті (ставканы) бір жағдай үшін 1557 теңгеден 5000 тенгеге дейін көтеру мақсатында аяқталған жағдайлар саны 1998 жылғы іс жүзінде нақтылы орындалғанымен салыстырғанда азайтылды.
Тармақ 15.2
15.2. Отбасылы дәрігерлік амбулаториялар, Фельдшерлік-акушерлік пункттерімен қоса селолық дәрігерлік амбулаториялар облыстық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес 1999 жылғы 1 қаңтарға барлығы 346400 адамнан тұратын Маңғыстау облысының халқына қызмет көрсетеді.
Тармақ 15.3
15.3. Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдарда- 1999 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс, 1998 жыл ішінде іс жүзіндегі нақтылы 278220 жағдай көлеміне қарағанда амбулаториялық қабылдаудың 238470 аяқталған жағдайы көлемінде жоспарлануда.
Бұл орайда қарақия ауданы бойынша 1999 жылға арналған мемлекеттік тапсырыстық көлемі, тәулік бойына үздіксіз тұрақты емдеу орны мен тұрақты емдеу орнындағы сырқаттардың белгілі бір санын амбулаториялық емдеуге тиісінше беру жөніндегі мемлекеттік тапсырыстын азаюын есепке алғанда 1998 жыл ішіндегі іс жүзіндегі нақтылы көлемімен салыстырғанда жоғарлайды.
Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған аудандары, Жаңаөзен қаласы бойынша 1999 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс, жоспарлы тарифті бір аяқталған жағдай үшін 93,3 - 93,5 теңге 190 теңгеге дейін көтеру максатында 1998 жыл ішінде іс жүзіндегі нақтылы көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Бұдан басқа, күндіз тұрақты емдеу мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар бойынша 1999 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс 15440 аяқталған жағдай көлемінде жоспарлануда.
Тармақ 15.4
15.4. Стоматологиялық емханалар мен кабинеттерінде 1999 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс 1998 жыл ішінде орындалган 724155 ЕЖБ іс жүзіндегі нақтылы көлеміне қарағанда 420500 ЕЖБ болады.
Бұл орайда 1999 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс стоматологиялық көмекті халыктың. ересек тобына ақылы негізге көшірілуін ескере отырып 1998 жылы іс жүзінде нақтылы орындалған /ЕЖБ санымен салыстырғанда төмендейді. Тіс емдеу кәсіпорындары мен оның бөлімшелерінің медициналық қызметтері бекітілген тарифтерге сәйкес, шартты тарифтік бірлікке теңестірілген негізгі салмақ коэффиценті (бұдан әрі НСК) бойынша төленеді.
📌 Ескерту. 15-4 тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімінің 23.11.1999 № 268 шешімімен.
Тармақ 16
16. Э ксперимент ретінде:
-екінші тоқсанда МҚТО ОБ мен ОДБ 1999 жылға 03/05 наурыздағы N 06/51 бірлескен бұйрығына сәйкес клиникалық шығындар тобы бойынша тәулік бойына үздіксіз болатын тұрақты емдеу орындарын медициналық қызметті төлеуге көшіруді жүзеге асыру
-екінші жартыжылдықта облыстың. 2-4 отбасылық дәрігерлік амбулаторияларында толықтай қор ұстауды енгізу.
Тармақ 17
17. 0блыстық және қалалық бағыныстағы тәулік бойына үздіксіз болатын тұрақты емдеу орындарының. Ақрау қаласында орналасқанын ескере отырып, ауруханалардағы аяқталған жағдайдың. жоспарлы тарифтерін (ставкаларын) есептеу үшін облыстық және Ақтау қалалық бюджеттерінің 36 бағдарламасындағы бюджеттік қаражатты біріктіру.
Тармақ 18
18. Денсаулық сақтау жүйесін/жетілдіру, "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасын орындау ондағы айқындалған алғашқы медициналық~санитарлық көмекті басым дамыту мақсатында қымбат тұратын тәулік бойына үздіксіз тұрақты емдеу орнының көмегімен халыққа ам- булаториялық-поликлиникалық қызмет көрсетуге және күндізгі тұрақты емдеу орындарында тұрақты/емдеу медициналық көмектің. шығыны аз нысандарын дамытуға көшу ушін 36 бағдарламаның қаражаты есебінен мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі тұрақты емдеу орындарындағы көрсетілген қызметті төлеуге 17822,9 мың теңге көздестіру.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың тәртібі және есеп беру
2. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың тәртібі және есеп беру
Тармақ 1
1."1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 тармағының негізінде медициналық көмектін тегін кепілді көлемі бойынша және қор ұстау моделі бойынша мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға арналған жұмсалатын қаражат, облыстық бюджетте көзделеді, облыстық қаржы басқармасы қаржылық рұксат береді және МКТО облыстық бөлімін қаржыландыруды ашады.
Тармақ 2
2. МӨТО облыстық бөлімі , қалалар мен аудандар бойынша есебін ҚР денсаулық сақтау, білім және спорт министрінік 1999 жылғы 4 ақпан- дағы N 78 бұйрығымен бекітілген үлгіде және мерзімде облыстық қаржы басқармасына табыс етеді.
Тарау 3. 3. Жоспарлы тарифтердің (ставкалардың) есебі
3. Жоспарлы тарифтердің (ставкалардың) есебі
2.35. бағдарлама амбулаториялық – емханалық көмек
Тармақ 2.1
2.1. Отбасылық және селолық дәрігерлік амбулаториялар үшін бір тұрғынға шаққандағы норматив, басыңқы алғашқы медициналық –санитардық көмекті есепке ала отырып айына 30 тенге мөлшерінде белгілеу.
Отбасылық және селолық дәрігерлік амбулоториялардың күнізгі тұрақты емдеу орындарын ұстау біл тұрғынға арналған норматив шегінде жүргізіледі.
Тармақ 2.2
2.2. Стоматологиялық қызмет бойынша еңбектің бір жүйеленген бірлігінің жоспарлы тарифы 1998 жылғы 17 наурыздағы тарифтік көлеммен көзделген, өткен жылғы тариф деңгейінде, 58,1 теңге мөлшерінде сақтау.
Тармақ 2.3. Есептеу тәртібі
2.3. Мамандандырылған амбулаториялық – емханалық ұйымдар –барлығы 49826,8 мың теңге.
Есептеу тәртібі
Тармақ 1
1. ҚР ДБ және С Министрлігінің медициналық қызметті төлеу жө- ніндегі Орталығының. облыстық/бөлімі Қазақстан республиканың азама- ттарына медициналық қызмет көрсетуіне байланысты шығыстарды Жеткізіп қоюшыларға, ерекшеліктер бойынша қолда бар қаражат шегінде етейді.
Тармақ 2
2. Жеткізіп қоюшымен есептесу, ерекшеліктер бойынша ай-сайын төлеуге қабылданған есепті кезең ішінде атқарылған жұмыстар актілерінен есеп-шот-тізілімдерін МҚТО ОБ бюджетке келіп түскен қаражат шегінде қаржыландыру жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. МКТО облыстық бөлімінен келіп түскен бюджет қаражатын медициналық қызметті жеткізіп қоюшы қатаң түрде ерекшеліктер бойынша, бірінші кезекте жалақы төлеуге, дәрі-дәрмек және ауруларға арналған тамақтар сатып алуға жұмсайды. Бұл орайда ерекшеліктер бойынша шығыстар МҚТО облыстық бөлімімен және облыстық қаржы басқармасымен келісілген, 1999 жылға арналған смета шегінде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Атқарылған жұмыстардын есеп-шот-тізілімдері мен актілері ағымдағы айдын 25 жұлдызындағы жағдай бойынша жасалады және есепті айдан кейінгі айдын 2 жұлдызына дейін төлеуге қабылданады. Ерекше жағдайда, далелді себептер бойынша атқарылған жұмыстардын есеп-шот тізімдері мен актілерін қабылдау мерзімі есепті айдан кейінгі айдын 4 жұлдызына дейін ұзартылады.
Тармақ 5
5. МҚТ0 ОБ есеп-шот тізілімдерінің не атқарылған жұмыстар актілерінің уақытылы табыс етілмеуіне жауапкершілік артпайды және оларды төлеуге қабылдамайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік тапсырыстың көрсеткіштері 1999 жылға арналған МҚТО ОБ келісімі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы бекіткен мемлекеттік тапсырыс туралы Ережеге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 7
7. МҚТ0 ОБ жинақтық есебін тиісті органға есепті айдан кейінгі айдың 5 жұлдызына дейін табыс етеді.
Тармақ 8
8. 0сы тарифтік келісім 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап 1999 жылғы 31 жолтоқсанға дейін әрекет күшінде болады.
Тармақ 9
9. Осы тарифтік келісімге есептемелер мен анықтамалық мәліметтер қоса беріледі.
Басқа 49. Комиссия мүшелері:
Комиссия мүшелері:
Баужанова Ақмошақ-
облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы;
Гребеньков Николай Михайлович -табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы;
Жарымбетов Жантеке Қалиллаұлы--“Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі Агенттігі” ААҚ филиалының директоры;
Иванова Галина Борисовна -облыстық статистика басқармасының бастығы;
Күмісқали Есен
-облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы;
Сатқынова Бану Сатқынқызы-
-ҚР Ұлттық банкісіның облыстық филиалының басқармасы;
Сәрсенқұлов Жансейіт Сәрсенқұлұлы-
облыстық салық комитетінің төрағасы;
Тимофеенко Галина Ивановна-облыстық әділет басқармасының бастығы;