Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации отдыха детей и подростков летом 1999 года

Өзге акт · № 63 · қабылданған 04.05.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-3227/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об организации отдыха детей и подростков летом 1999 года Күшін жойған 04.05.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации отдыха детей и подростков летом 1999 года

Күшін жойған Өзге акт № 63 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации отдыха детей и подростков летом 1999 года
Атауы (қаз.)
1999 жылдың жазында балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
04.05.1999
Көрсетілген редакция
04.05.1999 3227_257379.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99C000117_
ЭКБ идентификаторы
3227
Редакция идентификаторы
3227_257379
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:11
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1999 жылдың жазында балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 432 қаулысын орындау үшін және жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуын және тәрбие жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру мен өткізу мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Аудандардың, Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық білім басқармасы (А. А. Құдайбергенов):

1) балалар мен жасөспірімдердің демалуын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын жергілікті бюджеттерде балалармен мәдени шаралар өткізуге көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектерді тарту есебінен ұйымдастырсын және өткізсін;

2) балалар мен жасөспірімдердің демалуы, сауықтырылуы, жұмыспен қамтылуы жөнінде облыстық, қалалық және аудандық комиссияларын құрсын;

3) бірінші кезекте жетім балалардың, ата-анасының қарауынсыз қалган балалардың, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасы балаларының, қолайсыз экологиялық аудандарда тұратын балалардың демалысын және сауықтырылуын қамтамасыз етсін;

4) мектеп жанындағы күндізгі лагерлерін, мектептен тыс мекемелер жанындағы лагерлерін стационарлық және мектеп жанындағы еңбек және демалыс лагерлерін, окушылардың орман шаруашылығын ұйымдастырсын;

5) жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, каникул кезеңінде уақытша жеңіл еңбек орындарын ұйымдастыру жөнінде заңдарға сәйкес шаралар қабылдасын;

6) жұмыссыздардың отбасы балалары үшін сауықтыру ұйымдарына тегін және женілдікті жолдамалар бөлуді қарастырсын.

2. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантеміров) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын, қолайсыз экологиялық аудандарда тұратын балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға облыстық білім басқармасына 6 млн. теңге бөлсін.

3. Облыстык денсаулық сақтау басқармасы (Ж. Е. Алдашев) сауықтыру лагерлерін медицина қызметкерлерімен толықтырып, олардың санитарлық-эпидемологиялық талаптарына сай болуларын қамтамасыз етсін. Қызмет етушілерді медициналық байқаудан және бактериологиялық зерттеулерден төлемақы алмай өткізсін.

4. Облыстық ішкі істер басқармасы (С. А. Исимов):

1) балаларды тасымалдауда қауіпсіздікті және балаларды сауықтыру ұйымдарында құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;

2) оқушылардың каникул кезеңінде жолдарда және көшелерде балалар мен жас өспірімдердің жарақаттануын төмендетудің алдын алу шараларын қарастырсын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е. И. Иманқұловқа жүктелсін.