Құжат мәтініне өту

Об областном бюджете на 1999 год

Өзге акт · № 20/2 · қабылданған 05.02.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-3449/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об областном бюджете на 1999 год Күшін жойған Өзге акт ·№ 20/2 ·05.02.1999
23.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об областном бюджете на 1999 год

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20/2 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об областном бюджете на 1999 год
Атауы (қаз.)
1999 жылғы облыстық бюджет туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/2
Қабылданған күні
05.02.1999
Көрсетілген редакция
23.07.2010 AI3449_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99S000065_
ЭКБ идентификаторы
3449
Редакция идентификаторы
AI3449_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:21

0 1999 жылғы облыстық бюджет туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.07.23 № 27/10 Шешімімен

1 1. 1999 жылғы облыстық бюджет кiрiстерi мен шығыстары бойынша 8573154 мың теңге сомасында қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2 2. 1999 жылғы облыстық бюджеттiң кiрiстерi мынадай салықтардан қалыптасады деп белгiленсiн:

- заңды тұлғалардан табыс салығы, төменгi тұрған бюджеттерге есептелетiн салаларды қоспағанда;
- төлем көзiнен ұсталатын жеке адамдардан табыс салығы, төменгi тұрған бюджеттерге есептелетiн соманы қоспағанда;
- әлеуметтiк салық.

3 3. Облыстық бюджеттiң кiрiстерi мынадай салық емес түсiмдер есебiнен қалыптасады деп белгiленсiн:

- қылмыстық-атқарушылық инспекцияның қызметiнен алынатын кiрiстер;
- мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден алынатын түсiмдер;
- жол полициясы салатын әкiмшiлiк айыппұлдар және басқа санкциялар;
- заңды және жеке тұлғалардан - табиғатты пайдаланушылардан түсетiн қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн айыппұлдар, тәркiленген аңшылық және балық аулау құралдарын, заңсыз аулаған өнiмдердi өткiзуден түскен қаржылар, ол түсiмдер көлемiнiң 21 процентi мөлшерiнде; - республикалық бюджеттен трансферттер.

4

4. Төменгi тұрған бюджеттердiң кiрiстерi мынадай салықтар мен телемдер есебiнен қалыптасады деп белгiленсiн: - заңды тұлғалардан табыс салығы, облыстық бюджетке есептелетiн сомадан басқасы; - төлем көзiнен ұсталатын жеке адамдардан табыс салығы, облыстық бюджетке есептелетiннен басқасы; - кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдардан табыс салығы; - мүлiкке салық; - жер салығы; - транспорт құралдарына салық; - кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдарды тiркеу үшiн алым; - қызметтiң жеке түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым; - заңды тұрғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым; - аукциондық сатудан алым; - рыноктарда товарларды өткiзу құқығы үшiн алым; - су үшiн төлем; - орманды пайдаланғаны үшiн төлем.

5 5. Төменгi тұрған бюджеттердiң кiрiстерi мынадай салық емес түсiмдерден және капиталмен операциялардан кiрiстерден қалыптасады деп белгiленсiн:

- тәркiленген, иесi жоқ мүлiктердi, мұрагерлiк құқығымен мемлекетке ауысқан мүлiктердi, қазыналарды, табылған дүниелердi өткiзуден түсiмдер, республикалық бюджетке есептелетiн сомадан басқасы;
- жерге меншiк құқығын, жердi пайдалану құқығын сатудан, жер учаскелерiн жалға берудi қоса;
- жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң және қазыналық кәсiпорындардың мүлiктерiн сатудан түсiмдер;
- мектеп-интернаттарда балаларды ұстау үшiн төлемдер;
- қозғалмайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу құқығы және олармен ымыраласу үшiн төлемдер;
- тұрғын үй кiтапшаларын сатудан түсiмдер;
- қаруды тiркеуден төлемдер;
- басқа әкiмшiлiк алымдары;
- мемлекеттiк пошлиналар;
- әкiмшiлiк айыппұлдар және санкциялар (салық және кеден органдары санатындағылардан басқасы), республикалық және облыстық бюджеттерге есептелетiндерiнен басқасы;
- медициналық айықтырғыштарға түскен адамдар төлеген түсiмдер;
- стандарттар мен сертификация талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердi, жұмыстар мен қызметтердi өткiзуден кiрiстер сомасынан түсiмдер;
- жергiлiктi бюджеттер қаржысы есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қызметтердi өткiзуден түсiмдер (мектептер мен мектеп-интернаттардан басқалары), басқа айыппұлдар мен санкциялар, жоғары тұрған бюджеттерге есептелетiн сомалардан басқасы;
- басқа салық емес түсiмдер, жоғары тұрған бюджеттерге есептелетiндерден басқасы.

6 6. 1999 жылға жалпымемлекеттiк салықтардан түсiмдердiң жалпы сомасын аудандардың, Көкшетау және Петропавл қалаларының бюджеттерiне бөлу мынадай мөлшерде белгiленсiн:

а а) заңды тұлғалардан табыс салығы бойынша

Айыртау, Ақжар, Булаев, Еңбекшiлдер, Есiл, Жамбыл, Зерендi, Қызылжар, Мамлют, Сергеев, Совет, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Целинный, Щучье аудандарына - 100 процент, Көкшетау және Петропавл қалаларына - 30 процент;

б б) төлем көзiнен ұсталатын жеке адамдардан табыс салығы

Айыртау, Ақжар, Булаев, Еңбекшiлдер, Есiл, Жамбыл, Зерендi, Қызылжар, Мамлют, Сергеев, Совет, Тайынша, Тимирязев, Уәлихан, Целинный, Щучье аудандарына - 50 проценттен, Көкшетау және Петропавл қалаларына 30 процеттен.

7

7. 1999 жылғы 1 қаңтардан аудандар, Көкшетау және Петропавл қалалары бюджеттерiнiң шығыстарында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде және тәртiппен балалары бар отбасыларына жәрдемақылар және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға тұрғын үй жәрдемақыларын төлеуге, қоғамдық жұмысты, жұмыссыздарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруды қоса қаржы көзделгенi ескерiлсiн.

8

8. 1999 жылғы 1 қаңтардан аудандар, Көкшетау және Петропавл қалалары бюджеттерiнiң кiрiстер құрамында Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюдаң мүгедектерi мен қатысушыларына, экологиялық апаттар және ядролық сынақтар салдарынан болған мүгедектерде сауықтыруға жәрдемақыларды және ел iшiнде, ТМД көлемiнде қалаарылық транспортта жүру, байланыс, мерзiмдiк баспасөзге жазылу шығындарын қолданылып жүрген заңға сәйкес төлеу қаржылары көзделгенi ескерiлсiн.

9

9. 1999 жылы жергiлiктi бюджеттердiң шығыстар құрамында тегiн кепiлдi көлем және қорды ұстау моделi бойынша мемлекеттiк заказ шеңберiнде халыққа медициналық көмек көрсететiн медициналық ұйымдарды, темiржолдағы медициналық ұйымдарды қоса, қаржыландыруға қаржы көзделгенi ескерiлсiн. Медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемiн орындау жөнiнде және қор ұстау жөнiнде мемлекеттiк заказды әкімгерлеудi өкiлеттi орган жүзеге асырады.

10 10. 1999 жылы аудандар мен қалалар бюджеттерiне трансферттер 5980507 мың теңге сомасында бөлiнсiн, соның iшiнде:

Соның iшiнде:
___________________________________________________________________________
Барлығы: Респуб- Облыстық Оның iшiнде:
(мың ликалық бюджет қор ұстау
теңге) бюдж. бойынша моделі бойынша
теңестiру (35 пр.)
___________________________________________________________________________
Айыртау ауданына 328915 190061 138854 39917
Ақжар ауданына 184560 120645 63915 19699
Булаев ауданына 288452 185595 102857 33638
Еңбешiлдер ауданына 221120 124915 96205 19469
Есiл ауданына 260142 143810 116332 26035
Жамбыл ауданына 252250 137411 114839 25805
Зерендi ауданына 279476 186965 92511 33178
Қызылжар ауданына 263726 179293 84433 30470
Мамлют ауданына 165276 110459 54817 19066
Сергеев ауданына 232574 140547 92027 21658
Совет ауданына 179000 123792 55208 20448
Тайынша ауданына 423643 260288 163355 45446
Тимирязев ауданына 115508 88233 27275 13997
Уәлиханов ауданына 211847 123952 87895 21773
Целинный ауданына 292753 206890 85868 37786
Щучье ауданына 505585 271006 234579 53683
Көкшетау қ. 883975 416967 467008 68701
Петропавл қ. 891705 492574 399131 107472
___________________________________________________________________________
Облыстық қаржы басқармасы төмен тұрған бюджеттерге трансферттердi беру былайша жүргiзiлсiн:
республикалық бюджеттен - олардың түсуiне қарай;
облыстық бюджеттен - әлеуметтiк және табыс салықтарының контингентi бойынша жинау жоспарының орындалуына, мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден түсiмдерге пропорциялы түрде облыс бюджетiн жасау кезiнде тиiстi аумақтарға белгiленген мөлшерде.

11 11. "Жалпы бiлiм беру жергiлiктi деңгейше" бағдарламасы бойынша аудандардың, Көкшетау және Петропавл қалаларының бюджеттерiнен бөлiнетiн қаржылар мөлшерi мынадай сомадан төмен болмауы тиiс екенi ескерiлсiн:

Айыртау ауданына 212689 мың теңге;
Ақжар ауданына 112056;
Булаев ауданына 177988;
Еңбекшiлдер ауданына 116800;
Есiл ауданына 133377;
Жамбыл ауданына 150019;
Зерендi ауданына 200470;
Қызылжар ауданына 164453;
Мамлют ауданына 106524;
Сергеев ауданына 122473;
Совет ауданына 115516;
Тайынша ауданына 262634;
Тимирязев ауданына 80998;
Уәлиханов ауданына 113223;
Целинный ауданына 218007;
Щучье ауданына 236797;
Көкшетау қ. 404154;
Петропавл қ. 570687.

12 12. Денсаулық сақтау басқармасы бойынша аудандардың, Көкшетау және Петропавл қалаларының бюджеттерiнен бөлiнетiн қаржылардың мөлшерi мынадай сомадан төмен болмауы тиiс екенi ескерiлсiн:

Айыртау ауданына 106873 мың теңге;
Ақжар ауданына 55103;
Булаев ауданына 96023;
Еңбекшiлдер ауданына 56936;
Есiл ауданына 77342;
Жамбыл ауданына 67699;
Зерендi ауданына 84751;
Қызылжар ауданына 79718;
Мамлют ауданына 52159;
Сергеев ауданына 61719;
Совет ауданына 59369;
Тайынша ауданына 133434;
Тимирязев ауданына 39869;
Уәлиханов ауданына 68168;
Целинный ауданына 110024;
Щучье ауданына 206746;
Көкшетау қ. 403374;
Петропавл қ. 536732.

13 13. Өткiзiлген тендерге сәйкес медикаменттердi орталықтандырылған жеткiзiлiм үшiн 1998 жылы пайда болған 7247 мың теңге сомасындағы, соның iшiнде:

облпсихауруханаға - 2843 мың теңге, мемсанэпидбақылау облыстық басқармасына - 2000 мың теңге, облыстық қан орталығына - 2259 мың теңге, аймақтық тубдиспансерге - 73 мың теңге, облыстық тубдиспансерге - 72 мың теңге кредиторлық берешектi өтеу үшiн қаржы көзделсiн.

14

14. 1999 жылы облыс әкiмi аппараты шығыстарының құрамында "Боздақтар" кiтабын шығаруды аяқтауға 71 мың теңге, ведомстволық тұрғын үй сатып алуға - 24000 мың теңге, "Мүлiктiк жалдау орталығының" қызметiн төлеуге - 1972 мың теңге, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне аз қамтамасыз етiлген азаматтарды қолдау қорын құруға - 30000 мың теңге қаржы көзделгенi ескерiлсiн.

15 15. 1999 жылы облыстық бюджет шығыстарының құрамында шағын кәсiпкерлiктi қолдау бойынша шағын бизнес объектiлерiн микрокредиттеуге - 20000 мың теңге көзделгенi ескерiлсiн.

16 16. Облыстық бюджетте резервтiк қор 20000 мың теңге, соның iшiнде төтенше жағдайларды және тыбиғи және техногендiк сипаттағы шараларды қаржыландыру үшiн 15000 мың теңге белгiленсiн.

17 17. 1999 жылғы облыстық бюджеттi орындау процесiнде мына облыстық бағдарламалар қысқартылмайтын болып белгiленсiн:

- "Туберкулез";
- балаларды әлеуметтiк қорғау; - жергiлiктi деңгейде жалпы бiлiм беру,
- мектеп жасына дейiнгі мүгедек балалардың өсуi (емдеу, әлеуметтiк адаптациямен байланысты мемлекет кепiлдендiрген жағдайларды қамтамасыз етумен байланысты).

18 18. Облыстық бюджет бойынша жылдың аяғында айналымдық кассалық қолда бар ақшаның мөлшерi 95 мың теңге сомасында белгiленсiн, облыстық бюджеттiң 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi ақша қаржысының қалғаны аталған сомада осы мақсаттарға бағытталсын.

19

19. Облыстық қаржы басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен маусым-шiлде айларында облыстың бюджеттiк мекемелерiнiң қажеттерi үшiн отын сатып алу және бiлiм қызметкерлерiнiң демалыс жәрдемақыларын төлеу қажеттiгiнен туындаған уақытша кассалық айырмашылықты жабу үшiн 600 млн. теңге сомасында қарызға алу лимитiн келiсетiн болсын.

20

20. "Бюджет жүйесi туралы" Заңның 27-бабына сәйкес бюджеттi орындау барысында табыс көздерiнен жоспарланған түсімдердiң төмендеуi жағдайында облыстық бюджетте көзделген шығыстарды әрбiр бағдарлама бойынша бекiтiлген соманың 10 процентiне дейiн қысқарту туралы шешiмдi облыс әкiмi, ал 10 проценттен жоғары болса облыстық мәслихат қабылдайды.

21 21. Солтүстік Қазақстан облысының әкiмiне облыстың 1999 жылғы бюджетiн оның кiрiстер бөлiгiн ұлғайтуды ескерiп орындау жөнiнде шаралар жасау тапсырылсын.

Қолданыстағы