Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1999 года

Өзге акт · № 184 · қабылданған 01.08.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-4003/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1999 года Күшін жойған 01.08.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1999 года

Күшін жойған Өзге акт № 184 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1999 года
Атауы (қаз.)
Мал азығын даярлау және 1999 жылдың егін орағы кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
01.08.1999
Көрсетілген редакция
01.08.1999 4003_257802.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99N000104_
ЭКБ идентификаторы
4003
Редакция идентификаторы
4003_257802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мал азығын даярлау және 1999 жылдың егін орағы кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
1998 жылы шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық кәсіпорындарының жекелеген басшыларының өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау салдарынан пішен қоймаларында, астық алқаптарында бірқатар ірі өрттерге жол берілді, нәтижесінде бір миллион теңгеден астам сомаға материалдық зиян келтірілді, 344 тонна пішен өртеніп кетті.
Үстеміздегі жылы да пішен дайындау кезеңінің бастапқы кезінде көптеген мал азығын сақтайтын жерлерде қажетті тәртіп орнатмаған: су қоры, өрт сөндіру құралдары, жайтартқыштар жоқ. Астық қабылдау пункттеріне, элеваторларга, астық коймаларына, мал азығы қоймаларына жедел тексеру жүргізу барысында бірқатар елеулі өрт қауіпсіздік шараларын бұрмалаушылықтар байқалды. Пішен дайындау және сақтау орындарында, астық алқаптары мен астық өңдеу объектілерінде өрттің алдын алу мақсатында ШЕШТІМ:

1. 1999 жылдың пішен дайындау және егін орағы науқаны қезінде қосымшаға сәйкес өртке қарсы шараларды өткізудің жоспары бекітілсін.

2. Қостанай облысы әкімінің орынбасары — ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаментінің директоры Қ.С. Бисетаев, мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы А.А. Алпысов, шаруа және фермерлік қожалықтар қауымдастығымен (Р.Б. Жабағинов) келісе отырып 1999 жылғы тамызда кеңес өткізсін, онда шыққан өнімді өрттен қорғаудың жағдайы мен оны қамтамасыз ету шаралары қаралсын.

3. Облыстық қаржы басқармасы М.А. Щеглова өртке қарсы қызметтің қызметкерлерінің іссапарлық шығыстарына облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының шығыстар сметасы есебінен 300 мың теңге бөлсін.

4. Облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті (Қ.С. Бисетаев) комиссия құрсын, оның құрамына мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының мамандары және мемлекеттік астық инспекциясының қызметкерлері енгізілсін. АҚП, элеваторлардың, астық комбинаттарының техникалық базаларының даярлығы белгіленген үлгідегі актімен қабылдансын.

5. Шаруа қожалықтарының және басқа да ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларына жергілікті жерлерде өртке қарсы қызметтерінің тәулік бойғы кезекшілігін (қосындар, звенолар) үйымдастыру, оларды техникамен, арнаулы киімдермен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету, өртке қарсы сумен жабдықтаудың тұракты уақытша көздерін қалпына келтіру ұсынылсын.

6. Аудан, селолық округ әкімдері жергілікті жерлерде арнаулы техниканы (өрт автомобильдерін) тұрақты жауынгерлік даярлық сапына қойсын, оларды ЖЖМ қажетті мөлшерімен қамтамасыз етсін, адамдармен және өрт-техникалық жарақтармен жабдықтасын.

7. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы мүмкін болатын өрттерді жою машықтарын әзірлеу мақсатында ведомстволық күзет және кәсіпорындардың, астық қабылдау пунктері мен элеваторлардың ерікті өрт құрамаларымен бірлесе отырып өрт-техникалық оқулар және практикалық жаттығулар өткізсін.

8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауыл шаруашылыгы және азық-түлік департаментіне (Қ.С.Бисетаев) және мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасына (А.А. Алпысов) жүктелсін.

9 1999 жылғы мал азығын дайындау және егін орағы науқаны кезіндегі өртке қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізудің жоспары

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 2 тамыздағы
184 шешіміне қосымша
1999 жылғы мал азығын дайындау және егін орағы науқаны кезіндегі өртке қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізудің жоспары
Мал азығын және 1999 жылдың астығын оттан қорғауды қамтамасыз ету, мал азығын дайындау және сақтайтын, егін оратын және астық сақтайтын жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға алдын ала қадағалауды күшейту мақсатында мынадай жұмыстарды жүргізу қамтамасыз етілсін.

1. Аудандық ауыл шаруашылық басқармаларының және басқа құрылымдардың басшьшары аудандардың өрт бөлімдерінің (ӨБ) бастықтары ауыл шаруашылық объектілерінде өрт қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралардың жағдайлары туралы мәселені қарасын және өрттің алдын алу мен сөндіру жөнінен қосымша шаралар қабыддасын.
Орындаушылар: аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары, шаруашылық басшылары, ӨБ бастықтары.

2. Өрт сөндіру автомобильдерінің, су көздерінің техникалық жағдайын тексерсін. Шаруашьшық басшылары өрт және өрт сөндіруге арналып лайықталған техниканы жауынгерлік даярлау сапына қосып, өртке қарсы қүрылымдарының тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырсын.

Орындаушылар: шарушылық басшылары, ӨБ бастықгары, жол полициясы.

3. Шаруашылық мамандарымен егін орағы және мал азығын даярлау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы семинарлық оқулар ұйымдастырсын және өткізсін.

Орындаушылар: аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары, ӨБ бастықтары.

4. Баспаханаларда өртке қарсы тақырыпқа жарнамалар, парақшалар әзірлесін және олармен дала қостарын, астық кырмандарын, бригадаларды, жүргізушілердің, механизаторлардың тұрақтарын, таразылар орналасқан жерлер мен басқа объектілерді камтамасыз етсін.

Орындаушылар: аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары, ӨБ.

5. Астық қырмандарының, астық қоймалары мен пішен қоймаларының өртке қарсы жағдайларына, комбайндардың алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуіне тексеру жүргізілсін, егін орағы мен мал азығын дайындауға қатысып жүрген кісілерге өртке қарсы нұсқамалар беру үйымдастырылсын, шаруашылықтарды қажетті мөлшердегі өрт құралдарымен толықтырылсын.
Орындаушылар: аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары, ӨБ.

6. Мал азығын өртке қарсылық жасау жағынан дайын болмаған пішен қоймаларының аумағына апаруға жол берілмесін. Шөп маялары жолдардан, электр тарату желілерінен, ғимараттардан кем дегенде 50 м. қашықтықта орналастырылсын. Маялардың арасы кем дегенде 20 м. жақын болмасын. Бір маяның табаны 300 шаршы м. аспасын. Кварталдардың (20 мая) арасындағы өртке қарсы үзіктер 100 м. кем болмасын, маялар арасындағы үзіктер ені 4 м. кем емес алаппен жыртылып тасталсын. Қоймалар жайтартқыштармен жабдықталсын. Олардың маңайында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылсын, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілсін.
Орындаушылар: шаруашылық басшылары.

7. Мал жайылымы мен шабындықтарға, орман алқаптарына, темір және тас жолдарға жақын орналасқан астық алқаптарының маңы ені 4 метрден кем емес тұтас алаппен шөбі шабылып және жері жыртылып тасталсын. Егін орағы басталар алдында астық алқаптары 50 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінсін. Учаскелер арасының шөбі 8 метрлік ендікпен шабылсын, жері 4 метрлік ендікпен жыртылсын.
Орындаушылар: шаруашылық басшылары.

8. Егін орағы кезінде сабан мен аңызды өртеуге жол берілмесін.

Орындаушылар: шаруашылық басшылары.

9. Егін орағы белең алған жерлерде өрт сөндіру мақсатында соқасы бар кезекші тракторлар, су тасығыштар, су таратушылар және басқа да техникалар болсын.

Орындаушылар: шаруашылық басшылары.

10. Егін оратын машиналарды жөңдеу, олардың тұрағы, газ дәнекерлеу жұмыстарын орындау, оларға май құю арнаулы бөлінген алаңдарда, астық алқаптарынан кем детенде 30 метр қашықтықта жүргізілсін, жөндеу орны айнала жыртылып тасталуға , өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.

11. Тез арада қимылдау және аудандардың өрт бөлімдеріне нақгылы көмек көрсету үшін бес жедел топ ұйымдастырылсын, оған облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының, Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалалары өрт бөлімдерінің қызметкерлері тартылсын.