Об утверждении Правил погашения кредиторской задолженности в местный бюджет на 1999 год Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылы жергілікті бюджетке кредиторлық берешектерді өтеу Тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 13 мамырдағы № 569 «Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысын орындауда және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылдың 8 шілдедегі № 353 «1999 жылы жергілікті бюджетке кредиторлық берешектерді өтеу тәртібі жөніндегі келісім туралы» бұйрығының 1-ші тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1999 жылы жергілікті бюджетке кредиторлық берешектерді өтеу Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 1999 жылы жергілікті бюджетке кредиторлық берешектерді өтеу Тәртібі облыстық әділет басқармасында тіркелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Палымбетовке жүктелсін. КЕЛІСІЛГЕН: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ж. Ертлесова 1999 ж. 8 шілде № 353 бұйрық БЕКІТЕМІН: Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Палымбетов облыс әкімінің 1999 ж 20 шілде № 166 шешімі
Басқа 4
1999 жылға арналған жергілікті бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы Ереже Осы ереже облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясының 1999 жылғы 23 сәуірдегі № 285-1 шешіміне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және Қазақстан Республика қаржы Министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 мамырда тіркелген № 517 жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептің көлемі мен нысандары туралы нұсқаулықта айқындалған тәртіппен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 2 мамырдағы № 10-4/4377 «Кредиторлық берешекті өтеу жөнінде» хатымен есеп беретін бюджеттік ұйымдарға қолданылады.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже шаруашылық жүргізуші субъектілердің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешектерін өтудің есебінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген бюджеттік ұйымдар мен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің алдындағы кредиторлық берешектерін өтеудің тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Өтеу тек бюджеттік ұйымдардың тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушілердің алдындағы 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған кредиторлық берешегі және тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер мен «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық, облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында бөлінетін салықтар мен алымдарды қоспағанда, негізгі борышты, өсімақыны және айыппұлдарды қоса есептегенде есеп айырысу жүргізілген сәтте өтелмеген жергілкті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектері (бұдан әрі – жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша крелиторлық берешек) бойынша ғана 1999 жылға арналған жергілікті бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалардың шегінде жүргізіледі. Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің кредиторлық берешегін өтеуге түсетін қаражаттар 107101 «Берешектерді өтеу» төленетін төлемдер коды бойынша жергілікті бюджеттің табысына түседі.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеуді: бюджеттік ұйымдардың тікелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушілері; бюджеттік ұйымдарға тікелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушінің одан кейінгі берушілерінің (бұдан әрі – Берушілер) бірі болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 4
4. Кредиторлық берешектерді өтеуге байланысты мәселелерді облыс әкімінің 1999 жылғы 15 сәуірдегі № 77р өкімімен құрылған жергілікті бюджет қарыздарын оңтайландыру және ықшамдау бойынша комиссия, Атырау қаласына және аудан әкімдеріне қарасты комиссиялар қарастырады. Комиссия:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдындағы кредиторлық берешегін өтеуге байланысты мәселелерді реттеу жөніндегі ұсыныстарды пысықтайды;
Тармақша 2
2) облыс әкімінің қарауына жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың кредиторлық берешегін өтеу мәселелерін реттейтін өкімнің жобасын енгізеді. Комиссияның ұсынысы Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен рәсімделеді.
Тарау ii. II. Бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешегін тіркеудің тәртібі
II. Бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешегін тіркеудің тәртібі
Тармақ 5
5. Бюджеттік ұйым 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әрбір тікелей берушімен өзінің кредиторлық берешектерін салыстыру актісін жасайды. Ұсынылған актілер бойынша кредиторлық берешектің жалпы сомасы бюджеттік ұйымдардың 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылдық бухгалтерлік есебінде көрсетілген кредиторлық берешегінің сомасынан аспауы тиіс. Кредиторлық берешекті салыстыру актілерінің түпнұсқалары екі данада бюджеттік ұйымдармен жергілікті қаржы органдарына ұсынылады. Берешектің бар-жоғы туралы анықтама сұратады және оны бюджеттік ұйымға жолдайды.
Тармақ 11
11. Салық органы берілген анықтамаларды есепке алудың нөмірленуі, тігілуі және мастикалық мөр басылуы тиіс журналын жүргізеді. Журналдағы парақтардың саны салық органы басшысының қолы қойылып расталады. Анықтамада міндетті түрде бюджеттік ұйымның бюджеттік ұйымның «Бюджеттік ұйымның кредиторлық берешектерін өтеу үшін» деген белгі қойылады. Егер тікелей берушіден жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешектің бар-жоғы туралы бір мезгілде бірнеше бюджеттік ұйым анықтама сұрататын болса, салық органы әрбір бюджеттік ұйым үшін әр түрлі нөмірлермен жеке анықтама береді. Бұл ретте бір тікелей беруші бойынша көрсетілген берешектің жалпы сомасы оның жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінен аспауы тиіс.
Тармақ 12
12. Тікелей берушінің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда, сондай-ақ егер бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешегі тікелей берушінің жергілікті бюджеткетөленетін төлемдер бойынша берешегінің сомасынан асатын болса, тікелей беруші олардың алдында өзінің кредиторлық берешегі бар Берушілерден, сондай-ақ одан кейінгі Берушілерден олардың жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің бар-жоғатуралы ақпарат сұратады. Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешегі бар Берушілер тікелей берушіге осы Ереженің 11-тармағына сәйкес аумақтық салық органдарының анықтамасын ұсынады.
Тармақ 13
13. Тікелей беруші Берушінің салық органының анықтамасында көрсетілген берешегінің сомасын анықтаманы ұсынған Берушінің алдындағы өзінің кредиторлық берешегінің сомасымен және бюджеттік ұйыммен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешектің сомасымен салыстырады, Берушімен тікелей беруші мен Берушінің басшылары қол қойған төрт данада салық органының анықтамасында көрсетілген сомаға тең, бірақ бюджеттік ұйымның берілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін кредиторлық берешегінің сомасынан аспайтын сомаға кредиторлық берешекті салыстыру актісін жасайды. Әрбір салыстыру актісі мен салық органдары анықтамаларының екі данасы бюджеттік ұйымға жолданады.
Тармақ 14
14. Бюджеттік ұйым тікелей беруші мен Берушінің тіркелген жері бойынша салық органдарының кредиторлық берешектің бар-жоға туралы анықтамаларында көрсетілген сомаларды салыстыру актілерінде көрсетілген сомалармен және өзінің кредиторлық берешегінің сомасымен салыстырады және № 3 нысан бойынша, осы Ереженің IV бөліміне сәйкес тәртіппен төрт данада кредиторлық берешекті өтеудің сызбасын жасайды. Тікелей беруші мен оның Берушісінің тіркелген жері бойынша салық органдарының анықтамаларымен расталған берешектің жалпы сомасы бюджеттік ұйымның кредиторлық берешегінің сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 15
15. Бюджеттік ұйым тікелей беруші мен оның Берушісінің арасындағы кредиторлық берешекті салыстыру актілерінің түпнұсқаларын оған қоса беру арқылы өтелген кредиторлық берешекті өтеу сызбасының барлық данасын Берушілердің жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамаларын бір-бір данадан жергілікті қаржы органдарына тіркеуге жолдайды. Бюджеттік ұйым тікелей берушіге құжаттардың алынғандығы және оның Берушілерінің өтеу сызбасына енгізілгендігі туралы ресми хабарлайды. Тікелей беруші бюджеттік ұйымның хабарлауын өзі тіркелген және өтеу сызбасына қатысушы Берушілер тіркелген жер бойынша салық органдарына жолдайды.
Тармақ 16
16. Кредиторлық берешекті салыстыру актілері бюджеттік ұйымға қызмет көрсетілетін жергілікті қаржы органына арнаулы тіркеу кодымен № 4 нысан бойынша Берушілердің кредиторлық берешегін салыстыру актілерін тіркеу журналында тіркеледі. Жергілікті қаржы органы осы Ереженің 28-тармағында көрсетілген кредиторлық берешекті өтеу сызбасына қоса берілген қажетті құжаттардың бар-жоғын тексереді. Кредиторлық берешекті өтеу сызбасы № 2 нысан бойынша кредиторлық берешекті тіркеу журналында тіркеледі. Тіркелген кредиторлық берешекті өтеу сызбасының көшірмесін бюджеттік ұйымға қызмет көрсететін жергілікті қаржы органы есеп айырысуға қатысатын барлық қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткізеді.
Тармақ 17
17. Қазынашылық органдары есеп айырысулар жүргізу үшін мынадай шоттар ашады: Бюджеттік ұйым тізімі негізінде 1ЖБ, 2ЖБ-нысандарында олардың орналасқан жері бойынша қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары жоқ бюджеттік ұйымдарға бюджеттік шоттар; Кредиторлық берешекті өтеу сызбасының негізінде тікелей беруші мен Берушілердің орналасқан жерлері бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарында кредиторлық берешекті өтеу сызбасына енгізілген тікелей беруші мен Берушілерге жұмсау құқығынсыз ағымдағы шоттар ашады. Ағымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың тәртібі туралы» нұсқаулығының талаптарына сәйкес рәсімделген қолдардың міндетті түрде ұсынылған үлгілермен ашылады. Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылықтың аумақтық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы бюджеттік ұйымға қызмет көрсетілетін жергілікті қаржы органына хабарлайды.
Тармақ 18
18. Бюджеттік ұйым әкімге үш данада белгіленген тәртіппен жасалған және тіркелген кредиторлық берешекті өтеудің сызбасын ұсынады. Қажет болған жағдайда әкім бюжеттік ұйымнан қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар.
Тармақ 19
19. Әкімалынған сызбаның негізіндегі № 5 нысан бойынша кредиторлық берешекті өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың тізілімін жасайды және сызбалармен бірге жергілікті қаржы органына жолдайды.
Тарау iv. IV. Кредиторлық берешекті өтеудің сызбаларын жасаудың тәртібі
IV. Кредиторлық берешекті өтеудің сызбаларын жасаудың тәртібі
Тармақ 20
20. Бюджеттік ұйым жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша Берушілердің кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары мен Берушілердің кредиторлық берешегін салыстыру актілерін алғаннан кейін оларды өздерінің тікелей берушінің алдындағы кредиторлық берешегінің сомасымен салыстырады және сызбаға кіргізу үшін берешектің сомасымен айқындайды. Сызба тікелей беруші мен Берушілердің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешектерінің сомасына, бірақ бюджеттік ұйымның тікелей беруші алдындағы кредиторлық (берешегінің сомасынан аспайтын сомаға жасалады).
Тармақ 21
21. Сызба әрбір тікелей берушіге жасалады. Тікелей берушіде жергілікті бюджетке жасалатын төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда сызбада есеп айыруға қатысатын барлық Берушілер көрсетіледі.
Тармақ 22
22. № 3 нысанның 1-бағанында олар бойынша тікелей берушінің алдында кредиторлық берешегі бар экономикалық жіктеудің ерекшеліктері, 2-бағанында – әр ерекшелік бойынша кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі. Тікелей берушінің жергілікті бюджеттің алдындағы берешегі 7-бағанда тікелей берушінің атауы, орналасқан жері және СТН-і мен 8-бағанда олар бойынша жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі бар кірістердің кодтары көрсетіле отырып 9-бағанда көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Тікелей берушіде жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмауы және оның басқа Берушіде болуы жағдайында тікелей берушінің аталған Берушінің болуы жағдайында тікелей берушінің аталған Берушінің (2-берушінің) алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегі 4-бағанда көрсетіледі. 3-бағанда тікелей берушінің атауы, орналасқан жері және СТН-і көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Егер өз кезегінде 2-Берушінің жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі болмаса, бірақ өз кезегінде жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі бар 3-Берушінің алдында кредиторлық берешегі болса, 2-Берушінің 3-Берушінің алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегі 6-бағанда көрсетіледі. 5-бағанда 2-Берушінің атауы, орналасқан жері және СТН-і көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Берушілердің саны көбейген жағдайда жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі жоқ 2-Берушіден бастап барлық Берушілер 6-бағанда өтеу сомалары көрсетіле отырып 5-бағанда жеке жолдарда көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Берушілердің жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі 7-бағанда салық төлеушінің атауы, орналасқан жері және СТН-і мен 8-бағанда ол бойынша жергілікті бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегі бар кірістердің кодтары көрсетіле отырып 9-бағанда көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 2 және 9-бағандардың сомасы тең болуы тиіс және бюджеттік ұйымның жергілікті қаржы органында тіркелген тікелей берушінің алдындағы және соңғы Берушінің салық органының анықтамасында көрсетілген жергілікті бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегінің сомаларынан аспауы қажет.
Тармақ 28
28. Сызбаға олардың негізінде акт жасалатын барлық құжаттар: Нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып Берушілердің жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары; Нөмірі мен берілген көрсетіле отырып бюджеттік ұйымның тікелей берушінің алдындағы кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы жергілікті қаржы органдарының анықтамалары; Нөмірлері, қол қойған күндері, тіркелген күні және жергілікті қаржы органының тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, берушілердің кредиторлық берешегінің салыстыру актісі қоса беріледі.
Тармақ 29
29. Кредиторлық берешекті өтеудің сызбасына бюджеттік ұйымдардың және тікелей берушінің, есеп айырысуға енгізілген басқа да Берушілердің басшылары қол қояды, бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешегі тіркелген жергілікті қаржы органында тіркеледі.
Тармақ 30
30. Жергілікті қаржы органы сызбаға кредиторлық кредиторлық берешектітіркеудің арнаулы кодына (Берушінің тоғыз мәнді коды/реттік нөмірі) сәйкес келетін нөмірі) сәйкес келетін нөмірі береді және есеп айырысуға қатысушы барлық берушілердің орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органына жолдайды.
Тарау v. V. Кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізудің тәртібі
V. Кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізудің тәртібі
Тармақ 31
31. Жергілікті қаржы органы ұсынылған құжаттарды қарайды, қажет болған жағдайда басқармадан (бөлімдерден), басқа да ұйымдардан қосымша ақпарат сұратады, негіздемелер жеткілікті болған жағдайда кредиторлық берешекті өтеу туралы әкімнің шешімінің жобасын дайындайды және оны Комиссияның қарауына енгізеді.
Тармақ 32
32. Комиссияұсынылған шешімнің жобасын қарайды, аталған жоба бойынша ұсынысты пысықтайды және оны әкімге қарауға енгізеді.
Тармақ 33
33. Әкімнің шешімінің негізінде жергілікті қаржы органы кредиторлық берешекті өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың тізілімін дайындайды.
Тармақ 34
34. Жергілікті қаржы органы бағдарлама әкіміне тізілім қосымшасымен қаржылық рұқсатты шығарады. Бағдарлама әкімі бюджет мекемелерінің тізіліміне сәйкес бюджет мекемелеріне бюджеттік рұқсат шығарады.
Тармақ 35
35. Бюджеттік ұйымдардың шоттары ашылған қазынашылықтың аумақтық органы қаржыландыру лимиттері келіп түскен жағдайда электронды почтамен 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша расталған күні өтелмеген жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектің бар екендігіне растау алу үшін салық төлеушінің тіркелген жері бойынша тиісті салық органына № 6 нысан бойынша сұрау салу-растау жолдайды.
Тармақ 36
36. Салық органы тек бір рет бұрын тиісті анықтамада көрсетілген салық төлеушінің берешегін растайды және салық төлеушінің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің бар-жоғын растаған сәттен бастап салық төлеушінің тиісті қазынашылық органында ашылғанағымдағы шотына төлемтапсырмасы түскенге дейін көрсетілген сұрау салу-растаудағы кредиторлық берешекті өтеу шотына төлемдерді қабылдаудың тоқтатады.
Тармақ 37
37. Бюджеттік ұйым тікелей берушіге олардың ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады және оны төлеу үшін қазынашылық органына ұсынады.
Тармақ 38
38. Қаржылық рұқсаты түскен қазынашылықтың аумақтық органы салық органы растаған соманы кредиторлық берешекті өтеу сызбасымен және бюджеттік ұйымның төлем тапсырмасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда төлем тапсырмасы арналымы бойынша жөнелтіледі. Егер салық органы растаған берешектің сомасы сызбада, бюджеттік ұйымның төлем тапсырмасында көрсетілген сомадан аз болса, салық органының растауында көрсетілген сомаға ресімделеді. Лимиттің қалған сомасы кері қайтарып алуға жатады. Салық органы сұрау салуды растамаған болса, қазынашылықтың аумақтық органы төлем тапсырмасын қабылдамайды.
Тармақ 39
39. Тікелей беруші 107101 «Берешектерді өтеу» кіріс кодымен салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының СТН-ін көрсете отырып, ағымдағы шоттан 080 «Бюджеттердің арасында бөлінетін кірістер» шотына төлем тапсырмасын жазады. Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректемелер: МФО, шоттың нөмірі, берушінің (салық төлеушінің) атауы, реттік нөмірімен бірге тіркеудің тоғыз мәнді коды және төлемді тағайындаудың мәтіндік кеңістігінде «Кредиторлық берешекті өтеу» деген сөз, төлемнің арналған коды (107101), шығыстардың тоғыз мәнді коды (бюджеттік ұйымдар үшін), төлем сомасы көрсетілуі міндетті.
Тармақ 40
40. Тікелей берушіде жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда тікелей беруші 2-Берушінің расталған берешегінің сомасына оның орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ашқан оның ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады. 2-беруші, өз кезегінде осы Ереженің 39-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің кірісіне төлем тапсырмасын жазады. Сызбаға сәйкес бірнеше Беруші қатысқан жағдайда төлем тапсырмасы бір Берушінің ағымдағы шотынан екінші Берушінің ағымдағы шотына жазылады.
Тармақ 41
41. Қазынашылықтың аумақтық органы өтеу сызбасына сәйкес жергілікті бюджеттің кірісіне соңғы төлем жүргізгеннен кейін электронды почтамен төлемдер жүргізілген қазынашылық органдарына төлем тапсырмаларын жібереді. Содан кейін қазынашылықтың аумақтық органы төлем тапсырмасының көшірмесін жергілікті қаржы органына ұсынады. Жауапты атқарушы арнайы жүргізілген іс қағазына төлем тапсырмасына тігеді және кредиторлық берешекті өтеу сызбасына, кредиторлық берешекті өтеу журналына және Берушілердің кредиторлық берешектерін салыстыру актілерін тіркеу журналына белгі соғады. Одан басқа, салық төлеушінің ағымдағы шоты ашылған қазынашылықтың аумақтық органы салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органына оның бұрын осы салық органы ратаған жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің өтелгендігі туралы № 6 нысан бойынша растау жолдайды.
Тарау vi. VI. Есеп және есептілік
VI. Есеп және есептілік
Тармақ 42
42. Бюджеттік ұйым төлем тапсырмасы көшірмесінің негізінде бухгалтерлік есеп пен есептілікте тікелей берушілердің алдындағы кредиторлық берешектің өтелгендігін көрсетеді. Мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын бюджеттік ұйымдар кредиторлық берешекті өтеудің сомасына жергілікті қаржы органдарына олар бойынша кредиторлық берешекті өтеу жүргізілген бюджеттік жіктеу бағдарламасы бойынша 2 «Ұйымдардың шығыстары сметасының атқарылуы туралы есеп» нысаны (коды 0603008) бойынша есеп ұсынады. Жергілікті қаржы органының жауапты атқарушысы ұсынылған есептерді тексергеннен кейін бақылау визасы мен оң жақтағы жоғары бұрышына мөртаңба қояды. Қаржы органының визасы мен мөртаңбасы бар есеп бюджеттік ұйымға қайтарылады. Мемлекеттік мекеме болып табылатын бюджеттік ұйымда берешекті өтеуді бухгалтерлік есепте көрсетудің тәртібі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік ұйымдардың жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептілігінің көлемі мен нысандары туралы» нұсқаулықта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
Тармақ 43
43. Аумақтық салық органы қазынашылықтың аумақтың органының осы Ереженің 41-тармағында көзделген тәртіппен берілген төлем тапсырмасы мен растауды алған кезде қазынашылықтың аумақтық анықтамасында көрсетілген төлемдердің түрлері бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасында көрсетілген сомаға тең сомадағы кредиторлық берешегін есептен шығарады. Түсімдер туралы есепте аталған төлемдер 107101 «Берешектерді өтеу» коды бойынша көрсетіледі.
Тармақ 44
44. Есепте бір Берушінің екінші Берушінің алдындағы кредиторлық берешегін есептеп шығару үшін қазынашылықтың аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойынша үзіндінің көшірмесі мен төлем тапсырмасының көшірмесі негіздеме болып табылады.
Тарау vii. VII. Жауаптылық
VII. Жауаптылық
Тармақ 45
45. Басқармалар (бөлімдер), бюджеттік ұйымдар тікелей берушілер, Берушілер, қазынашылықтың аумақтық органдары, салық органдары және басқа да ұйымдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес теріс және әдейі жалған мәліметтер ұсынғаны үшін жауаптылықта болады.