О противопожарной защите лесов Костанайской области в 1999 году Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылы Қостанай облысындағы ормандарды өрттен қорғау туралы Өткен 1998 жылы көктем-жаз уақыттарында болған кұрғақшылыққа байланысты Қостанай облысы аумағында 90 орман алқаптарының өрті болып, одан 8 млн. 842 мың теңге зиян келді. Жалпы көлемі 5195 га болатын жерді өрт шалған, оның ішіндегі 2748 га жері орман алқабы болатын. Қостанай облысында орманы бар жер көлемі аз екені белгілі, оның барлық жалпы көлемі 218 мың га жерді алып жатыр. Осыдан облысымызға өрттің салдарынан үлкен материалдық және экологиялық зиян келген. Болған орман өрттері көрсеткендей, оның пайда болу жағдайларының себептері табиғи жағдайларға, орман және аң шаруашылықтарының орман өрттерін ескерту және сөндіру күралдары мен күштерінің, дайыңдығының әлсіздігі, жанармайдың жетіспеушілігіне байланысты болды. Жеткілікті мөлшерде каржыландырылмауға байланысты орман шаруашылығының инвентары, орт техникалары, құрал-жабдықтары соңғы бес жыл ішінде жаңартылмаған, сапалық жағынан тозған. Ормандарды әуеден күзету жүргізілмейді. Осыңдай жетіспеушіліктің салдарынан өрт ошақтарын өз уақытында анықгауға және оны өшіруге шаралар қолдануға мүмкіндік бермей отыр. 1) Аумағында өрт пайда болған кәсіпорындар тарапынан өрт пайда болған кезде оны сөндіруге ешқандай шаралар қолданылмайды, ауылшаруашылық мақсаттарында өрт жіберуге жол беріледі. 2) Өрт қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты, орман өрттерінің пайда болуы мен оның таралуының алдын алу, сонымен катар оларды жою үшін адам ресурстарын, өрт сөндіру және арнаулы техниканы уақытында жүмылдыру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Өрттердің алдын алу шараларының жоспары (1-ші қосымша) және облыс аумағында күштер мен құрал-жабдықтарды тарту арқылы орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқау бекітілсін (2-ші қосымша).
Тармақ 2
2. Орман, балық және аң шаруашылығы Қостанай басқармасына (ОБ ж АШБ) (В.П. Поддубный), облыстық ішкі істер басқармасына (ІІБ) (С.Ж. Алпысов), төтенше жағдайлар жөніндеғі басқармаға (ТЖЖБ) (Е.В. Батов) өрттерді болдырмау жөніндеғі шаралар жоспарын орындау үшін шараларды қабылдау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Ірі көлемдегі өрттерді жою үшін (ормаңдағы көлемі-50 га және одан да көп болса, ал даладағы —200 ға және одан да көп болса) ұдайы жүмыс істейтін облыстық өрт сөндіру штабын құрсын. Штаб мүшелерінің құрамын бекітсін (3-ші қосымша).
Тармақ 4
4. Қалалар және аудандар әкімдері: - 1999 жылдың 15-ші маусымына дейінгі мерзімде өрт сөндірудің аудандық жоспарлары мен орман және дала өрттерін сөндіруге, меншік нысанына қарамастан, ауылшаруашылық және орман кәсіпорындарының көлік техникаларын тарту механизмін әзірлесін әрі бекітсін. - жұмысшы комиссияларын құрсын және орман алқаптарының 1999 жылғы өрт қаупі бар кезеңіне (маусымына) даярлығын қабылдап алуды жүзеге асырсын, мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерін, сондай-ақ орман шаруашылығы кәсіпорындарының автомобильдерін, тракторларын орманды қорғау жүмыстарынан баска жұмыстарға пайдалануға жол бермесін.
Тармақ 5
5. Ақмола темір жолының Қостанай аймақтық филиалымен (И.Н. Рахметжанов), "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қостанай облыстық филиалымен (РМКҚ ҚОФ) (Х.А. Абдуллин), "Қостанайоблавтожол" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (МҚК) (А.М.Горвад), "Қостанай электржелісін тарату компаниясы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамы мен (ЖҮАҚ) (С.Н.Байтенов) келісе отырып, темір және тас жолдар бойындағы бөлу алаптарын, электр тарату желілері (ЭТЖ) тіреулерінің астыңдағы жер учаскелерін қалыпты жағдайда ұстауды қамтамасыз етсін, минералдандырылған алқаптарды орындасын, тез жанатын материалдардан тазартсын; орман өрттерін сөндіруге әскериленбеген азаматтық қорғаныс құрамаларын тартудың, орманды өрттен қорғаудың нақты шараларын жасап бекітсін.
Тармақ 6
6. Қостанай орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы (В.И. Поддубный): - нормативті құжаттарға сәйкес өртті ескерту және сөндіру жұмыстарын ұйымдастырсын; - орман шаруашылығы өрт техникаларының техникалық күйінің дұрыстығын қамтамасыз етсін, орманды қорғау қызметкерлерінің күні-түні күзетін ұйымдастырсын, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың келісімінсіз орт сөндіргіш техникалар мен оған қажетті құрал-жабдықтарды есептен шығаруға тыйым салсын; - мемлекеттік орман күзету күштерімен орман қоры аумағын тұрақты күзетуді қамтамасыз етсін, өрт қауіпсіздігі ережелерімен шектелген минералдандырылған алаптарды орындауды ұйымдастырсын; - өрт қаупі бар маусымның сақталу кезеңіне бензин тасымалдаушы машиналарды орман өрттерін сөндіруге кешеуілдетпей беру мақсатында оларды дайындық сапында ұстауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы және азық түлік департаменті (Қ.С. Бисетаев), "Зем" ғылыми өндірістік орталығы "Қостанай" еншілес мемлекеттік кәсіпорны (Б.К. Садуев), орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы (В.И. Поддубный): - өз аумағында орман учаскесі бар кәсіпорындар мен басқа да шаруашылық субъектілерінің, орман қорының учаскелері иелерінің, ауылшаруашылық кәсіпорындары жерлерінің шекараларын анықтасын, жерді пайдаланушыларға бақылауға алынған жердегі өртті сөндіру тәртібін ұйымдастыру туралы нұсқауды жеткізсін; - ауылшаруашылық мақсатындағы өрттің жайылуының алдын алу шараларын қолдансын, Мемлекеттік орман қорының жерлерінде ауылшаруашылық жұмыстары кезеңінде өртке қарсы шараларды орындауды қамтамасыз етсін; - орман шаруашылықтарымен бірлесе отырып малдар жайылатын аймақтарды анықтасын, отын, шөп дайындау мақсатында халықтың өз бетінше орманға кіруіне, шамадан көп мөлшердегі адамдардың орманда демалуына жол бермесін.
Тармақ 8
8. "Қостанай мұнай өнімдері" акционерлік қоғамы (Р.Н. Файзуллин) (келісім бойынша), "Бүлақ" акционерлік қоғамы (М.К. Доспанов) (келісім бойынша), "Иволга" өндіріс-сауда компаниясы (В.С. Розинов) (келісім бойынша): - ірі көлемдегі және ұзаққа созылған орман өрттерін өшіруге тартылған арнайы қызмет техникаларына жанармай құю үшін әрбір ауданда кем дегенде 5,0 тонна бензин және 5,0 тонна дизель отынының резервін жасасын; - орман өрттерін өшіруге қатысушылардың арнайы қызмет техникаларына жанармай қүю үшін мұнай өнімдерін жіберуді алдын ала төлемсіз қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. ОБ ж АШБ орман өрттерін сөндіруге байланысты шыққан шығыстарын орнына келтіру өрттің шығуына кінәлі заңды және жеке тұлғалардың есебінен жүргізілсін.
Тармақ 10
10. Қалалар және аудандар әкімдері өз шешімдерімен жоғары өрт қаупі бар кезеңде тұрғындардың және көлік кұралдарының шектеулі бөлігінің ғана орманға кіруіне рұқсат берсін немесе тыйым салсын.
Тармақ 11
11. Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы (В.И. Поддубный), мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы (А.А. Алпысов), экология және биоресурстар басқармасы (А.Д. Кәрімов) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға кінәлі кісілердің жауапкершілік деңгейлерін түсіндіре, орман өрттерін ескерту жөнінен ақпарат бере отырып, өртке қарсы насихат жүргізуді ұйымдастырсын. - орман өрттерінің шығу себептерін тексеру жөніндегі облыстық және аудандық жедел топтар арқылы кінәлі кісілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту жөнінен шаралар кабылдасын.
Тармақ 12
12. Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы (В.И. Поддубный) ішкі істер басқармасымен (С.Ж. Жорабеков), мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасымен (А.А. Алпысов) бірлесе отырып: - өртке қарсы кезенде тексеру жұмыстарын жүргізсін, анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды әкімшілік тәртіппен қатаң жазаласын.
Тармақ 13
13. Төтенше жағдайлар жоніндегі басқарма (Е.В. Батов) ормандарда өрт қаупі бар кезең басталғанда облыстық кызметтердің басшы кұралдарының тәуліктік кезекшілігін ұйымдастырсын.
Тармақ 14
14. Осы шешімнің қабылдануына байланысты "Қостанай облысы ормандарын 1998 жылғы өрттен қорғау туралы" Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 13 сәуірдегі 59 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 15
15. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 16. Қостанай облысының ормандарындағы өрттің алдын алу жөніндегі шаралар ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі 174 шешіміне 1-ші қосымша Қостанай облысының ормандарындағы өрттің алдын алу жөніндегі шаралар ЖОСПАРЫ № Шаралардың аттары Орындалу мерзімі 1. Орман шаруашылықтарының орман өрттерімен күреске дайындығына бақылау тексеруін жүргізу Сәуір, мамыр Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы 2. Орманда жұмыс істейтін кәсіпорындардың, сонымен бірге орманда жүретін азаматтардың өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауына ұдайы бақылау жасауды уйымдастыру Өртке қауіпті кезең уақытында Орман,балық және аң шаруашылығы басқармасы, орман шаруашылықтары 3. Орманда орналасқан үй және өндіріс объектілерінің, бағалы орман алқаптарының, мәдени орман, қылқанды жас ағаштар, айналасындағы темір, автомобиль жолдары бойындағы қорғалатын минералды алаптарға өртқауіпсіздігі ережелерінің тәртібі мен шектелген құрылғыларды өрналастыруды ұйымдастыру сәуір, мамыр Ақмола темір жолы филиалы, "Қостанай жолдары" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы 4. Ормандағы өртті ескерту және оны мен күрес мәселелері жөнінде тұрғындар, оқушылар, онда жұмыс істейтін жұмысшылар арасында жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Орманды өрттен қорғау туралы радиода телеарнада, баспасөзде сөз сөйлеуді ұйымдастыру 1999 жылғы сәуірдің 15-і мен 1-ші қазан аралығында Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, орман шаруашылықтары, Науырзым қорығы 5. Ормандардағы халық көп баратын жерлерде, орман алқаптары арқылы, санаторийлердің, мектеп оқушыларының лагерлерінің маңайынан өтетін автомобиль жолдарының бойларында өртке қарсы тақырыпқа арналған плакаттар мен аншлагтарды, осы уақыттағы өрт қаупі туралы ескертетін үздіксіз жаңартылып тұратын хабарландыруларды шығаруды және орнатуды үйымдастыру сәуір, мамыр Орман шаруашылықтары 6. Кеңінен пайдаланылатын жолдардың бойларында дем алу және темекі шегу орындарын жабдықтау Сәуір, мамыр Орман шаруашылықтары 7. Өрт қаупі бар кезеңде орман мекемесі, орман шаруашылығы кеңселері жанынан демалыс және мереке күндері жауапты қызметкерлердің қүзетін ұйымдастыру Өрт қаупі бар кезеңде Орман, балық жөне аң шаруашылығы басқармасы, өрман шаруашылықтары 8. Өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылау мақсатында халық көп келетін орындарға бірлескен жүйелі күзет жүргізуді ұйымдастыру Жөғарғы деңгейдегі өрт қаупі бар кезеңде Орман, балық жөне аң шаруашылығы басқармасы, өрман шаруашылықтары, ішкі істер басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы 9. Орман алқаптарының жанындағы елді мекендерді, күзет орындарын, орман мекемесін үзіліссіз телефон және радио байланыстарымен қамтамасыз ету 1999 жыл Қазақтелекөм, Орман балық және аң шаруашылығы басқармасы, өрман шаруашылықтары. 10. Қалалар мен аудандардағы төтенше жағдайлар жоспарларының талаптарына сәйкес өртті сөндіруді ұйымдастыру жағдайында жағдайында өртті сөндіруге тікелей қатысушы қызмет көліктеріне және қамтамасыз етуші қызметтердің көліктеріне жанармай құюды алдын ала ақы алмай қамтамасыз ету Өртті сөндіру кезеңінде Қала және аудан әкімдері 11. Облыс телеарналары және газет редакцияларымен бірлесе өтырып ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, өрт туралы тікелей хабарламалар шығаруды қамтамасыз ету. Өрт қауіпі бар кезеңде Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, орман шаруашылықтары, облыстық газет редакциялары, теле және радио арналары (келісім бойынша) 12. Демалыс үйлерінде, балалар лагерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын Шілде, тамыз Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы, орман шаруашылықтары 13. Жас маусымы басталар алдында демалыс орындары мен балалар лагерлерінде өрттен қорғау техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу, олардың пайдалануға берілуіне қатысу Мамыр, маусым Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы, қала және аудан әкімдері 14. Орман шаруашылықтарында орман өрттері туралы хабарларды қабылдайтын орындарды жабдықтау, жол бойында олардың тұрған жері мен хабарлау мүмкіндігінің әдістері туралы көрсеткіштерді орнату Сәуір Орман шаруашылықтары 15. Жер үсті күзеттерінің бағдар үлгілерін дайындап бекіту, онда ауарайының жағдайына қарай болуы мүмкін қаупінің классына байланысты орналасқан күзет орындарының, адамдардың және көліктердің орналасқан орындарын көрсету 1999 жылдың 1-ші мамырына дейін Орман шаруашылықтары 16. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы мен орман, балық және аңшаруашылығы, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларын халыққа хабар беру және қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін өрт қаупнің класын көрсете отырып, ауа райының болжамымен қамтамасыз ету ұдайы Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы мен орман шаруашылықтарының басшылары 17. Өртке қарсы ерікті құрылған құрама мүшелерін және мемлекеттік орман қорғау қызметінің өрт сөндірудің-химиялық станция қызметкерлерін өртке қарсы ережелеріне, ормандағы өртті сөндіру әдіс-тәсілдеріне үйретуді жүргізу 1999 жылдың 1-ші мамырына дейін Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшылары 18. Орман алқаптарында шөп, ағаш дайындауға, сонымен бірге сондай жұмыстарға техникалардың жіберілуі жөнінде өндіріс жұмыстарының құқына рұқсат беру үшін мемлекеттік өртке қаррсы қызметі басқармасының қатысуымен балық және аң шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінен комиссия құру ұдайы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы 19. Орман шаруашылығы кәсіпорындары мен орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының өртке қарсы қолданылатын құрал-жабдықтарының жай-күніне тексеру ұйымдастыру 1999 жылдың 1-ші мамырына дейін Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы 20. Орман өрттерін сөндіру және оған құрал-жабдықтар мен күштерді тартудың аудандық жоспарларына түзетулер енгізу және оны практика жүзінде қолдану 1999 жылдың 1-ші мамырына дейін Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы 21. Өртті сөндіруге қатысушы басшылар тобының штабтық жаттығұларын өткізу
Басқа 17. Қостанай облысы аумағында күштер мен құралдарды орман өрттерін тартуды ұйымдастырудың тәртібі туралы НҰСҚАУ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі 174 шешіміне 2-ші қосымша Қостанай облысы аумағында күштер мен құралдарды орман өрттерін тартуды ұйымдастырудың тәртібі туралы НҰСҚАУ
Тарау 1. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының орман өрттерін анықтау және сөндіру жайында көрсетілген Қазақстан Республикасы "Өрт қауіпсіздігі туралы" күші бар заңының негізінде жасалды.
Тармақ 2
2. Нұсқау мен орман өрттері туралы хабарларды берудің тәртібі, оларды жою үшін қолданылатын шаралардың түрлері мен тәртіптерін белгілейді.
Тарау 2. ІІ. Өртті анықтау жұмыстарын ұйымдастыру және олар туралы мәліметтер беру
ІІ. Өртті анықтау жұмыстарын ұйымдастыру және олар туралы мәліметтер беру
Тармақ 1
1. Облыс аумағында пайда болған өрттерді анықтау және ол туралы хабарлар беру жерді пайдаланушылар күштері арқылы жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Өзара әәрекет ететін қызметтер арасындағы байланыс үлгісіне сәйкес ормандағы өртті сөндіру қызметін басқару диспетчерлік басқарма орны (ДБО) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2.1
2.1. Д БО ормандағы өрт және өрт қаупінің класына (ӨҚК) қарай өрт қаупінің дәрежесі туралы түскен хабарларды жинауды, өңдеуді және хабарлауды жүзеге асырады.
Тармақ 2.2
2.2. Өртті анықтаған кезде ДБО-ға жіберілетін хабарлардың мазмұны: - анықталған уақыты - орны (кварталдың, орман шаруашылығының, орман мекемесінің, жақын елді мекеннің) - өрт түрі - қарқындылығы - өрт шалған алаң (жанған шоқтың ұзақтығы) - қолданылған шараның түрі - өрт себептерінің болжамы
Тармақ 2.4
2.4. ДБО пайда болған өрт туралы хабарды тіркеп, оған кезекті нөмірді қойып белгілейді және ол туралы хабар алмасушыға хабарлайды. Алынған хабар мемлекеттік өртке қарсы қызметінің байланыс және құралдар басқармасы орталығына (МӨҚ БҚБО), орман басқармасына және белгіленген нысан бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (ТЖБ) мен ішкі істер басқармасы (ІІБ) кезекшілеріне хабарланады.
Тарау 3. ІІІ. Орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру
ІІІ. Орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Ауа райы жағдайына байланысты өрт қаупінің орта дәрежеде болуы және нақты жануы кезінде (ІІ-ІІ ӨҚК) және бір өрттің өртенуінің өрт алаңы: - орманда 50 га дейін болса, онда орман өртінің пайда болуын жою жерді пайдаланушылармен жердің кімге қарайтынына және келісіміне карамай, жер үстіндегі орман шаруашылығы күштері мен құралдары арқылы орындалады. Өрт сөндіріліп болғаннан кейін нақты шығын көрсетілген есеп бойынша белгіленген заң тәртібіне сәйкес өзара есеп жүргізіледі.
Тармақ 1.1
1.1. Өрт және оны сөндіру туралы хабарларды орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының барлық бөлімшелері күн сайын ДБО-ға мынадай бағыт беріп отырады: - өрттін түрі - оның карқыны - қөзғалысты дүрыстау - өрт шалған аудандағы ауа райы - өрт шалған алаң көлемі - өртті сөндірудің әдісі мен адамдардың қанша күн жұмыс істегені (оның ішінде ұйымдар бойынша), көлік ауысымының қанша күн жұмыс істегені (онын ішінде техника түрлері бойынша) - жиектердің ұзақтығы - жан-жағын карауылдау Берілген хабарлардың уақытын өртті сөндіру басшылары (ӨСБ) белгілейді.
Тармақ 1.2
1.2. ДБО осы ережелермен анықталған мөліметтер жағдайына қарай объектілердегі мерзімдерді орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы мен мемлекеттік өртке қарсы қызметінің құралдар мен байланыс басқармасы орталығына беріп отырады.
Тармақ 2
2. Өрт қаупінің жоғары және төтенше жағдайында және өртену кезеңінде өрт алаңы: - орманның 50 га — дан астамы болса, сонымен бірге орманды қорғау күзетінің жер үсті күшімен өртті жою мүмкін болмаса, онда орман шаруашылыгы мен ДБО басшылары Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасынан, аудан әкімі аппаратынан, облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет баскармасынан, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан өрт болып жатқан жерге қосымша күштер мен құрал-жабдықтар жіберуін сұрайды.
Тармақ 2.1
2.1. Аумақта ірі орман өртін сөндіруді басқаруды Қостанай облысының өрт сөндіру штабы жүзеге асырады.
Тармақ 2.2
2.2. Орман өрті ірі категорияға (50 га жоғары) ауысқаннан кейін Қостанай облысының өрт сөндіру штабы мыналарды жүзеге асырады: - өрт сөндіру жоспарына сәйкес барлық күштер мен құрал-жабдықтарды қатыстыра отырып, облыс штабының жұмысын ұйымдастырады; - өрт болған жерде тікелей сол орман өртін сөндіру жөніндегі жергілікті штабты ұйымдастыру туралы әкім шығарады; - өрт сөндіру басшысын тағайындайды; - Костанай облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелерін өрт сөндіру жұмыстарына тарту қажеттігі туралы шешім шығарады; - өрт сөндіру) жеріне жіберілетін қосымша күштер мен құрал-жабдықтардың нақты тізімін белгілейді және оларды жіберуді қамтамасыз етеді; - мемлекеттік өртке қарсы қызметінің департаментіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға, ішкі істер басқармасына, әкім аппаратына өз уақытында хабарлады беріп тұру шараларын жүзеге асырады.
Тармақ 2.3
2.3. Өрт сөндіру басшысы (ӨСБ) мыналарды жүзеге асырады: әскери учаскелердің басшыларын (ӘУБ) тағайындайды; учаскелер бөйынша өз қарауындағы өрт сөндіру күштері мен құрал-жабдықтарды орналастырады; ӘУБ-ны орман шаруашылығы мен құтқарушылар құрамынан тәжірибелі жол серік нұсқаушыларымен қамтамасыз етеді.
Тармақ 2.4
2.4. ӘУБ (әскери учаскелердің басшылары); - саны 5-10 адамнан тұратын әр команданы құрады; - командалардың басшысын тағайындайды; - өзіне берілген учаскеде күштерді нақты орналастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 2.5
2.5. Әскериленген құрамалардың жеке құрамы мен төтенше жағдайлар жағынан тартылған күштердің бағыныштылығы тікелей басқарылады.
Тармақ 2.6
2.6. Өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастыруға қатысушы барлық басшылар үшін Қостанай облысының өрт сөндіру штабының шешімі міндетті болып табылады.
Тармақ 2.7
2.7. ӨСБ-ның шешімі өртті сөндіру және ұйымдастыру мәселелерін қамтамасыз етуге қатысушы барлық қызметкерлерге міндетті бодып табылады.
Тармақ 2.8
2.8. ӨСБ-ның уәкілеттігі облыстық өртті сөндіру штабының шешімімен өрт сөндірілгеннен және ол акті бойынша орман шаруашылығының қарауылдауына берілгеннен кейін тоқтатылады.
Тарау 4. ІҮ. Өрт алған алқаптарды және келтірілген шығындарды анықтау, өрттің шығу себептерін талдау
ІҮ. Өрт алған алқаптарды және келтірілген шығындарды анықтау, өрттің шығу себептерін талдау
Тармақ 1
1. Өрт шалған алқаптарды анықтау және келтірілген шығынды анықтауды реттеуші құжаттарға сәйкес орман шаруашылығы қызметкерлері жүргізеді.
Тармақ 2
2. Өрт жойылғаннан кейін өрттің себептерін талдауды, орман шаруашылықтары басшылары мен штабты қатыстыра отырып, өрт сөндіру; басшысы жүргізеді.
Тармақ 2.1
2.1. Қорытынды мәліметтерде анағұрлым қайшылық болған жағдайда өртті сөндіру басшысы пайда болған қайшылықты тексеру үшін мына құрамда комиссия тағайындайды: - өрт сөңдіру штабының бастығын - орман шаруашылығының бас орманшысын енгізеді.
Тармақ 2.2
2.2. Шешілмеген, талас тудыратын мәселелер Қостанай облысы өрт сөндіру штабының тексеруіне беріледі
Басқа 45. Ірі орман өрттерін жоюдағы облыстық ұдайы жұмыс істейтін өртті сөндіру штабының ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі 174 шешіміне 3-ші қосымша Ірі орман өрттерін жоюдағы облыстық ұдайы жұмыс істейтін өртті сөндіру штабының ҚҰРАМЫ И.В. Мейстер - Қостанай облысы өкімінің бірінші орынбасары (аға жедел басшылық жасаушы) Е.В. Батов - төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы (штаб бастығы) В.И. Поддубный - орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының бастығы (өрт сөндіру басшысының орынбасары) А.А. Алпысов - Қостанай облысы мемлкекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы (өрт сөндіру басшысы) Штаб мүшелері: С.Н. Байтенов - "КРЭК" жабық түрдегі акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Ф.Т. Гильмутдинов - облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары Е.М. Ғалымжанов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы К.К. Деткин - ауыл шаруашылығы жөне азық-түлік департаменті директорының орынбасары С.Ж. Жорабеков - Қостанай облысы ішкі істер басқармасының бастығы В.Н. Заболотько - облыстық "Қазтелеком" дирекциясының бас директоры (келісім бойынша) И.Н. Рахметжанов - Ақмола темір жолы Қостанай аймақтық филиалының бастығы ( келісім бойынша) Р.Н. Файзуллин - "Қостанаймұнайөнімдері" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Ескерту: Өртті сөндіру штабы өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы" заңын, нормативтік актілер мен өрт сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі құжаттарды басшылыққа алады.
Басқа 46. Ірі орман өрттерінің шығуы жөніндегі себептерді тергеуші облыстық ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы өкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі 174 шешіміне 4 қосымша Ірі орман өрттерінің шығуы жөніндегі себептерді тергеуші облыстық ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Қостанай облысы бойынша - басқарма бастығының бірінші орынбасары төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма
Тармақ 2
2. Мемлекеттік өртке қарсы - басқарма бастығының бірінші орынбасары кызмет басқармасы
Тармақ 3
3. Қостанай облысының ішкі - басқарма бастығының бірінші орынбасары істер басқармасы
Тармақ 4
4. Орман, балық жөне аң шаруашылығы басқармасы - басқарма бастығының бірінші орынбасары
Тармақ 5
5. Айырықша қорғалатын табиғи - басқарма бастығының бірінші орынбасары аумақтардың өсімдіктер және жануарлар әлеміне мемлекеттік бақылау жасаудың облыстық инспекциясы
Тармақ 6
6. Қоршаған ортаны және табиғи - басқарма бастығының бірінші орынбасары ресурстарды қорғау басқармасы Ескерту: Тергеу барысы туралы Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасарына хабарлап тұру қажет.