О внесении изменения в Закон Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 1999 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в Закон Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 1999 год"
- Атауы (қаз.)
- "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 468
- Қабылданған күні
- 03.10.1999
- Көрсетілген редакция
- 03.10.1999 AI4277_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z990000468_
- ЭКБ идентификаторы
- 4277
- Редакция идентификаторы
- AI4277_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:53
0 "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
1-бап. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 23, 427-құжат;
1999 ж., N 7, 227-құжат; 1999 жылғы 29 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-1-бапта "есеп айырысуларды жүргізу кезінде өтелмеген 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешегін өтеу есебінен көзделсін" деген сөздер "шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп айырысуды жүргізу кезінде
қалыптасқан берешегін, бірақ 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
пайда болған берешегінің сомасынан аспайтын берешегін өтеу есебінен
көзделсін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.