Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах финансового регулирования государственного закупа зерна урожая 1999 года

Қаулы · № 1612 · қабылданған 26.10.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-4406/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах финансового регулирования государственного закупа зерна урожая 1999 года Қолданыста 23.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах финансового регулирования государственного закупа зерна урожая 1999 года

Қолданыста Қаулы № 1612 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах финансового регулирования государственного закупа зерна урожая 1999 года
Атауы (қаз.)
1999 жылдың астығын мемлекеттік сатып алуды қаржылық реттеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1612
Қабылданған күні
26.10.1999
Көрсетілген редакция
23.12.1999 AI4406_1.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990001612_
ЭКБ идентификаторы
4406
Редакция идентификаторы
AI4406_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:52
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1999 жылдың астығын мемлекеттік сатып алуды қаржылық реттеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 және "Мемлекеттік астық ресурсын және резервін пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506 қаулыларына сәйкес астықты мемлекеттік сатып алуға бағытталған ақшаны жинақтауды және оның пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының арнаулы шотына:

екінші деңгейдегі банктер мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамынан соңғысы 1998 жылдың астығын мемлекеттік сатып алуға алған 41 887 801 (қырық бір миллион сегіз жүз сексен жеті мың сегіз жүз бір) АҚШ долларын 1999 жылдың 5 қарашасына дейін;
екінші деңгейдегі банктер мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамынан белгіленген мерзімде түсуі күтіліп отырған 10 097 375 (он миллион тоқсан жеті мың үш жүз жетпіс бес) АҚШ долларын оның өтелуіне қарай бір банктік күннің ішінде аударсын;

2) заңдарда белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының ақшаны уақытылы қайтаруы жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

📌 Ескерту. 1-тармақтың 1) тармақшасы өзгерді - ҚР Үкіметінің
1999.12.23. N 1964 қаулысымен.

2. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы үш банктік күннің ішінде, 1998 жылы астықтың мемлекеттік ресурстарын сатудан түскен 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ доллары сомасындағы ақшаны, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырудан алынған 254 233 (екі жүз елу төрт мың екі жүз отыз үш) АҚШ доллары сомасындағы оларға есептелінген сыйақыны (мүддені) осы қаулы күшіне енген күннен бастап Эскроу шотына аударсын.

3. "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

2-тармақ "сондай-ақ астықтың мемлекеттік резервінің ақшалай нысанда сақталатын бөлігі ретіндегі 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ доллары сомасындағы қаражаттың есебінен" деген сөздермен толықтырылсын.

4. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының

кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27
мамырдағы N 656

қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.