Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным гражданам (семьям) Атырауской области на 1999 год

Өзге акт · № 207 · қабылданған 17.10.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-4444/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным гражданам (семьям) Атырауской области на 1999 год Қолданыста 17.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным гражданам (семьям) Атырауской области на 1999 год

Қолданыста Өзге акт № 207 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным гражданам (семьям) Атырауской области на 1999 год
Атауы (қаз.)
Атырау облысының аз қамтылған азаматтарына (отбасыларына) 1999 жылы адрестік әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
17.10.1999
Көрсетілген редакция
17.10.1999 4444_255523.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99T000105_
ЭКБ идентификаторы
4444
Редакция идентификаторы
4444_255523
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:52
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Атырау облысының аз қамтылған азаматтарына (отбасыларына) 1999 жылы адрестік әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 сәуірінднгі № 359-1 «Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» және 1999 жылдың 22 шілдесіндегі № 1036 «Адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережесін бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. 1999 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жергілікті бюджет қаржысы есебінен келесі төлем түрлерінде адрестік әлеуметтік көмек көрстету белгіленсін:

1) балалары бар отбасыларына жәрдемақы;

2) баланың тууына берілетін әлеуметтік көмек;

3) жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек;

4) аз қамтылған отбасыларына және азаматтарға тұрғын үйді ұстауға төленетін жәрдемақы түріндегі тұрғын үйлік көмек;

5) жұмыссыздарға көрсетілетін материалдық көмек;

6) жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек;

2. Адрестік әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақылары мынадай мөлшерде белгіленсін;

1) балалары бар отбасыларына:

Бірінғай 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға жәрдемақы – 1,0 айлық есептік көрсеткіш
Мерзімі әскери қызметкерлердің балаларына жәрдемақы – 1,0 айлық есептік көрсеткіш
СПИД ауруын жұқтырған балаларға жәрдемақы – 1,0 айлық есептік көрсеткіш
7 жасқа (дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыс жасамайтын аналарға жәрдемақы -1,0 айлық есептік көрсеткіш;

2) баланың тууына арналған әлеуметтік көмек – 4,0 айлық есептік көрсеткіш;

3) жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек – 10,0 айлық есептік көрсеткіш;

4) жұмыссыздарға материалдық көмек - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;

5) Жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек -10,0 айлық есептік көрсеткіш.

3. Жәрдемақы тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерту есебімен төленеді.

4. Балалары бар отьасыларына жәрдемақы, баланың тууы кезінде берілетін әлеуметтік көмек, жұмыссыздарға материалдық көмек, егер отбасындағы жан басына шаққандағы айлық орташа табыс, тиісті жылға зейнетақы , жәрдемақы, және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіштің екі еселеген мөлшерінен аспаған жағдайда көрсетіледі.

5. Адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу туралы жалғанып отырған Уақытша ереже бекітілсін.

6. Аз қамтылған отбасыларына және азаматтарға тұрғын үйді ұстауға берілетін тұрғын үй көмегі Қазқстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 12 сәуіріндегі № 437 «Коммуналдық қызмет және тұрғын үйді ұстау төлемдерінің жаңа принципке ауысуы туралы» және 1997 жылдың 28 тамызындағы № 1297 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуіріндегі № 437 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес ұсынылады.

7. Областық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Ахмедов Ж.) уәкілетті орган есебінде жергілікті атқарушы органдармен бірге отырып, адрестік әлеуметтік көмек жәрдемақыларын тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.

8. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы осы шешім бойынша халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын.

9. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.) 1999 жылға қаралған жергілікті бюджет қаржылары есебінен адрестік әлеуметтік көмек жәрдемақыларын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т. Мұрсалиеваға жүктелсін.

11. Облыс әкімінің осы шешімі қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

23 Облыс әкімінң

1999 жылғы 18 қазандағы
№ 207 шешіміне қосымша
Адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі туралы Уақытша Ережелер

1. Жалпы қағидалар

1. Осы Уақытша Ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 22 шілдесіндегі № 1036 «Адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережелерін бекіту туралы» қаулысына және күші бар заңдарға сәйкес адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің Тәртібін белгілейді.

2. Адрестік әлеуметтік көмектің негізі қызметі аса аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) уақытша қаржылай қолдау көрсету болып табылады.

3. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы, баланың тууы кезінде берілетін әлеуметтік көмек, жұмыссыздарға материалдық көмек түрлеріндегі адрестік әлеуметтік көмек егер отбасындағы жан басына шаққандағы айлық орташа табыс, тиісті жылға зейнетақы, жәрдемақы, және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіштің екі еселеген мөлшерінен аспаған жағдайда көрсетіледі.

4. Адрестік көмекті алуға құқын анықтаған кезде отбасы құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 21 наурызындағы № 382 «Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы ережені бекіту» және 1998 жылдың 21 наурыздағы № 382 қаулысына өзертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес аңықталады.

5. Отбасы мүшелерінің жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 1997 жылдың 2 сәуіріндегі № 2 және Қазақстан Республикасы Ұлтық санақ агенттігі Директорының 1997 жылдың 26 наурызындағы № Р-1-14/124 бұйрықтарымен, экономика Министірілігінің, қазақстан Республикасы қаржы Министрілігінң келісімдері мен бекітілген жиынтық табысты есептеу тәртібі туралы Нұсқаумен анықталады.

6. Адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау мәселелерін шешу және материалдар дайындау үшін қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылады (бұдан әрі – комиссия).

7. Адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арыз барлық қажетті құжаттармен түскен күннен бастап 10 күн ішінде тиісті комиссиямен қаралады.

8. Комиссия әлеуметтік көмекті тағайындауға қарсы болған жағдайда шешім шығарғаннан кейін қарсы болудың себебін көрсетіп, барлық құжаттарды арыз берушіге қайтарады.

9. Комиссия тағайындалған әлеуметтік көмектің дұрыстығына жауапты.

10. Қомиссияның әлеуметтік көмекті тағайындауға қарсылық білдірген шешімі заңдармен белгіліенген ережелер бойынша шағымдалуы мүмкін.

11. Адрестік әлеуметтік көмек тағайындау туралы арыз барлық берілген құжаттарымен, сонымен қатар адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау туралы комиссия шешімінің хаттамасы немесе одан суырма алушының жеке іс-қағазында сақталады.

II. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау тәртібі

1. Балалры бар отбасыларына жәрдемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 21 наурызындағы № 382 «Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы ережені бекіту» және 1998 жылдың 7 сәуіріндегі № 292 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына, сонымен бірге осы Ережеге сәйкес тағайындалады және төленеді.

III. Баланың тууы кезінде берілітін әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

1. Баланың тууы кезінде берілетін әлеуметтік көмек бала туылғанда бір рет баланың шешешсіне немесе әкесіне төленеді.

2. Ата-анасының өліміне байланысты алынбаған баланың тууы кезінде берілетін әлеуметтік көмек, баланы нақты тәрбиелеп отырған басқа ата-анаға немесе баланы тәрбиелеп отырған басқа адамға беріледі.

3. Егер бала өлі туса баланың тууына арналған әлеуметтік көмек төленбейді.

4. Егер баланың ата-анасының немесе баланы нақты тәрбилеушінің жұмыс орнынан 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 17 сәуіріне дейін баланың туылуына арналған бір жолғы жәрдемақы есептелініп қойылса баланың туылуына арналған бір жолғы әлеуметтік көмек төленбейді.

5. Әлеуметтік комекті тағайындау үшін келесі құжаттарды тіркеп арыз беріледі (арызда отбасы табыстары туралы анықтамадағы көрсетілгендегіден басқа табыс көздері жоқтығы көрсетіледі):

1) азаматтық хал актілерін тіркеу органы берген баланың туылғаны туралы анықтама;

2) отбасы құрамы туралы анықтама;

3) өткен тоқсандағы отбасының табысы туралы анықтама.

Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарынан анықтама, ал жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселелерінің уәкілетті органдарынан алатын жәрдемақысының мөлшері көрсетілген анықтама.

IV. Жұмыс жасаған азаматтарға жерлеуге төленетін әлеуметтік көмекті және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге төленетін материалдық көмекті тағайында тәртібі

1. Жұмыс жасаған немнсе рисми түрде жұмыссыз деп танылған азаматтар қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді уйымдастыруды өзіне алған адамдарға отбасы табысына қарамай әлеуметтік немесе материалдық көмек төленеді.

2. егер бұрын жұмыс жасаған жерінен 1999 жылдың 1 қаңтарынан 17 сәуіріне дейінгі аралықта оның жанұясына немесе жерлеуді үйымдастыруды өзіне алған адамдарға жерлеуге жәрдем ақы есептелген жағдайда әлеуметтік көмек төленбейді.

3. Бір жолғы әлеуметтік немесе материалдық көмекті тағайындау және төлеу үшін келесі құжаттарды тіркеп арыз беріледі:

1) азаматтық хал актілер тіркеу органы берген қайтыс болғандығы туралы анықтама;

2) қайтыс болғанға дейін азаматтың жұмыс жасағандығын дәлелдейтін жұмыс рынан анықтама немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;

3) азаматтың қайтыс болған уақытта жұмыссыздар есебінде тіркеуде болғандығын дәлелдейтін жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдардардың анықтамасы.

V. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау тәртібі

1. Жұмыссыздарға материалдық көмек белгіленген тәртіппен жұмыссыздық мәртебесін алған азаматтарға береліді. Жұмыссыздар кәсіби оқуға немесе қоғамдық жұмысқа жіберілген жағдайда материалдық комек көрсету жұмыссызды жұмыссыздар есебінен шығармай оқудың немесе жұмыстың басталу уақытынан бастап тоқтатылады. Материалдық көмек көрсетудін жалпы мерзімі он екі айлық кезеңнің алты айынан аспауы тиіс.

2. Материалдық көмекті тағайындау үшін арыз келесі құжаттарды тіркеу арқылы беріледі (арызды отбасының анықтамада көрсетілген табыстан басқа табыстары жоқ екендігі көрсетіледі):

1) жұмыссыздық мәртебесі берілгендігі туралы анықтама;

2) отбасы құрамы туралы анықтама;

3) өткен тоқсандағы отбасының табысы туралы анықтама.

Заңды тұлға құқығынсыз кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарынан анықтама, ал жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселелерінің уәкілетті органдарынан алатын жәрдемақысының мөлшері көрсетілген анықтама.

3. Жұмыссыздарға материалдық көмек арыз берген күннен бастап тағайындалады.

VI. Адрестік әлеуметтік көмекті қаржыландыру және төлеу тәртібі

1. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1997 жылғы 10 сәуірдеге № 103 бұйрығымен бекітілген балалары бар отбасыларына жәрдемақыларды қаржыландыру Тәртібіне сәйкес қаржыландырылады және төленеді.

2. Баланың туылуына, жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге төленетін әлеуметтік және жұмыссыздарға, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге берілетін материалдық көмек Қазақстанның Акционерлік Халықтық Жинақ банк филиалдары арқылы төленеді.

3. Қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері (бұдан әрі – еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері) ай сайын әр айдың 25-ші жұлдызына дейін адрестік әлеуметтік көмек алушылардың санын және тағайындалған адрестік әлеуметтік көмектің сомасын анықтайды. Әр сайын тағайындалған адрестік әлеуметтік көмектің біріктірілген тізімін адрестік әлеуметтік көмектің түрлері бойынша жасақтайды және әр айдың 30-шы жұлдызына дейін Қазақстан Халықтық банкісінің аудандық бөлімшілерене, сонымен бірге облыстың еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдае әрі – еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы) тапсырыс жолдайды.

4. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің тапсырыстары негізінде облыс бойынша әлеуметтік көмектерді төлеуге қажетті қаржы көлемін көмек түрлері бойынша анықтап, әр айдың 30-шы жұлдызына дейін облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруға тапсырыс жолдайды.

5. Облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тапсырысы негізінде бюджетте адрестік әлеуметтік көмекті төлеуге қаралған қаржыны еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына бөлінеді.

Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ағымдағы шотқа қаржы келіп түскен соң екі күндік мерзім ішінде адрестік әлеуметтік көмекті төлеуге қажетті қаржыны, сонымен бірге басқарма және қазақстан Халықтық Акционерлі жинақ банкісінің облыстық филиалы арасында жасалған агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды Халықтық банктің шотына аударады.

6. Әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Акциоенрлік Халықтық жинақ банкісінің филиалдары арқылы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінен келіп түскен алушылар тізімі негізінде, алушының жеке іс-қағазында азаматтардың Халықтық банк арқылы сомаларды арнаулы салымдарға қосу жолымен әлеуметтік көмекті алатындықтары туралы жазбаша мәлімдемелері ьолу міндетті шарт болып саналады.

VII. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

1. Адрестік әлеуметтік көмек көрстеу бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беру еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына және оның құрылымдылық бөлімшелеріне жүктеледі.

2. Қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері әр айдың 5-жұлдызына дейін Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ банк филиалдарымен төленген адрестік әлеуметтік көмек бойынша көмек түрлерін жіктеп салыстырмалы- акт жасайды. Салыстырмалы – акт негізінде төленеген адрестік әлеуметтік көмектің, көмек түрлерін жектеп, сомасын анықтап, алушылардың санын көрсетіп есеп жасайды және еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды.

3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әр айдың 10 жұлдызына облыстық қаржы басқармасына төленген адрестік әлеуметтік көмек бойынша көмек түрлерін жіктеп, алушылардың санын көрсетіп жиынтық есеп береді.

4. Әлеуметтік көмектерді төлеуге бөлінген қаржылардың мақсаты жұмсалуын, сонымен бірге Қазақстан Халықтық банкісінің бөлімшілері алушыларға әлеуметтік көмекті дер кезінде төлеуіне бақылауды олардың жоғары тұрған органдары, қаржы органдары, қазынашылық органдары және еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары атқарады.

5. Тиісті органдардың тексеруі барысында анықталған, қате тағайындалу салдарынан артық төленген әлеуметтік көмек сомасы күші бар заң актілеріне сәйкес бюджеттке кері қайтарылуға жатады.