Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 1999 года

Өзге акт · № 222 · қабылданған 06.10.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-4671/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 1999 года Күшін жойған 06.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об очередном призыве граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 1999 года

Күшін жойған Өзге акт № 222 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 1999 года
Атауы (қаз.)
1999 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамаларына кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
222
Қабылданған күні
06.10.1999
Көрсетілген редакция
06.10.1999 4671_258146.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99N000135_
ЭКБ идентификаторы
4671
Редакция идентификаторы
4671_258146
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1999 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамаларына кезекті шақыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Казақстан Республикасының Заңына сәйкес" Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерді босату және Казақстан Республикасы азаматтарын 1999 жылғы қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 5 қазандағы № 223 Жарлығының негізінде ШЕШТIМ:

1. 1999 жылдың қазан-желтоқсанында 1981 жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізілсін. Шақырылған азаматтарды медициналық куәландыру мен аудандық, қалалық және облыстық шақыру комиссияларының жұмыстары облыстық әскери комиссариаттың жоспары бойынша жүргізілсін.

2. Аудандық және қалалық шакыру комиссияларының жұмысына басшылық пен бақылау жасау үшін 1, 2 қосымшаларға сәйкес облыстық шақыру және медициналық комиссияларының құрамы бекітілсін.

3. Қалалар және аудандар әкімдері:

қалалар мен аудаңдардың шақыру және медициналық комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын, әскери комиссариаттарға кажетті мөлшерде дәрігер-мамандарды, техникалық кызметкерлерді, қызмет көрсетуші адамдарды бөлсін;
шақырушыларды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін әскери комиссариаттардың қарамағына көлік кұралдарын бөлсін және жағар-жанар материалдармен қамтамасыз етсін;
шақырылғандарды кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден жұмыстан босатқан кезде есеп айырысу бөлігінде еңбек заңдылығының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен Қазақстан Республикасының басқа әскери құрамаларына жіберілетін шақырушыларды салтанатты шығарып салу жөнінен шараларды ұйымдастырсын;
хабарландыру, шақыруды жүргізу, шақырушыларды медициналық куәландыру және аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, облыстық жинақтау пунктіне медициналық комиссияға және әскерге жөнелту үшін жеткізуді қарастырылған ассигнованиелер шегінде жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес аудандық, қалалық және облыстық бюджеттердің есебінен жүргізсін;
шақыру учаскелері мен облыстық жинақтау пунктіне жұмысқа жіберілген шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың орташа еңбекақысы, жұмыс орны және осы лауазымды тұлғаларды жіберген ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметтері сақталсын;
әскери комиссариаттарға шақыру пункттері үшін жабдықталған орыңдар және белгіленген талаптарға сәйкес шақыру пункттеріне жөндеу;
жүргізу мен оны қайта жабдықтауға басқа кұрал-жабдықтарды бөлу жөнінен шараралар қабылдасын;
Қостанай қаласының әкімі (Н.С. Әшімов) облыстық жинақтау пунктінің жұмысын қамтамасыз ету үшін автокөлік бөлуді қамтамасыз етсін.

4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Ә.М. Ғалымжанов) аудандық медициналық комиссияларын жетіспейтін дәрігер-мамандармен, қажетті медициналық кұралдар және мүліктермен оның ішінде флюропленкалармен, химиялық реактивтермен толықтырсын, облыстық медициналық комиссияда жұмыс істеу үшін қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандарды бөлсін.

5. Медициналық қызмет көрсетулерге төлем төлеу жөніндегі орталықтың Қостанай облыстық бөлімшесі (Г.Т. Әбенов) әскери-медициналық комиссиялар жіберген шақырушыларды тексеру және емдеуге медициналық мекемелердің жұмсаған шығындарын облыстық бюджетте қарастырылған каржылар есебінен толтырсын.

6. "Қазақстан темір жолы" АМК Қостанай тасымалдау бөлімшесі (Е.Н. Рахметжанов) облыстық әскери комиссариаттың тапсырыстары мен келісім бойынша әскерге кетіп бара жатқан командаларды жөнелту үшін жолаушылар поездарында қажетті мөлшелерде орындар бөлсін.

7. Облыстық онеркәсіп және сауда департаменті (Д.Т. Әбенов) "Облтұтынуодағы" қауымдастығымен (А.Ө. Байғабылов) келісе отырып шақыру пункттері мен облыстық жинақтау пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда жасауды ұйымдастырсын.

8. Облыстық ішкі істер басқармасы (С.Ж. Жорабеков) шақыруды жүргізу және командаларды жөнелту кезінде мыналарды жүзеге асырсын:

мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген адамдарды іздестіру және ұстауды жүргізу, іздестіру және ұсталғандарды жеткізу шығындарына төлем толеуді сол адамдардың есебінен жүргізуді;
облыстық жинақтау пунктінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойына кезекшілік жасайтын полиция нарядын бөлуді;
шақырылушыларды облыстық әскери комиссариаттарынан, соңдай-ақ Қостанай темір жол стансасынан жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді және әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойьшша шақырушыларды шығарып салу үшін автокөліктер бөлуді.

9. "Қостанай автобус паркі" АҚ (М.А. Шаяхметов) келісе отырып облыстық әскери комиссариаттың тапсырыстары бойынша шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, төлем төлеу шақыру кезінде тасымалданғандардың нақтылы саны бойынша жүргізілсін.

10. Облыстық қаржы басқармасы (М.А. Щеглова) шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі шараларды қаржыландыруды 3 қосымшаға сәйкес облыстық әскери комиссариаттың шығыстар сметасында қарастырылған ассигнованиелер есебінен жүзеге асырсын.

11. Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2000 жылдың 10 қаңтарына дейін облыс әкімінің аппаратына түсірсін.

12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа, облыс әкімінің көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.

13 1999 жылғы мерзімді әскери қызметке азаматтарды күзгі шақырудағы облыстық шақыру комиссиясының құрамы

Казақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 7 қазандағы
№ 222 шешіміне 1 қосымша
1999 жылғы мерзімді әскери қызметке азаматтарды күзгі шақырудағы облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Бектұрғанов С.Ш. - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Лосьев И.Е. - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары
Куванова Б.Т. - шақыру комиссиясының хатшысы
Шақыру комиссиясының мүшелері:
Абраменко А.И. - облыстық әскери комиссариаттың 2 бөлімі бастығының
аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, медкомиссияның төрағасы
Қайдауылова А.Б. - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Моор Ю.А. - ІІБ бастығының орынбасары
Синютин А.В. - облыс әкімінің көмекшісі

14 Облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссия құрамы

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 7 қазандағы
№ 222 шешіміне 2 қосымша
Облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссия құрамы
Абраменко А.И. - обләскерикомиссариаттың 2-ші бөлімі
бастығының аға көмекшісі
Комиссия мүшелері:
Алдажұманова У.Т. - дәрігер-терапевт
Байдосов Б.С. - дәрігер-стоматолог
Бауэр М.И. - дәрігер-хирург
Досмұхамбетов М.С. - дәрігер-психиатр
Емельянов М.П. - дәрігер-психиатр
Жабаев А.А. - дәрігер-нарколог
Жұмабаев Б.А. - дәрігер-оториноларинголог
Кияшко Н.В. - дәрігер-терапевт
Кужильная Г.Н. - дәрігер-окулист
Лукьяненко Л.П. - дәрігер-невропатолог
Нұрғалиева К.С. - дәрігер-фтизиатр
Садуакасов Б.Н. - дәрігер-хирург
Сәренова Р.Б. - дәрігер-рентгенолог
Степаненко О.Г. - дәрігер-дерматолог
Арқалық қала бойынша комиссия мүшелері:
Әбілдин Х.М. - дәрігер-хирург
Бабин Г.А. - дәрігер-стоматолог
Беляков К. - дәрігер-оториноларинголог
Бисенәлиева Б.К. - дәрігер-психиатр
Ибышев Б.К. - дәрігер-невропатолог
Набига Ж. - дәрігер-дерматолог
Сағындықова Г.С. - дәрігер-окулист
Спандияров М.С. - дәрігер-фтизиатр

15 1999 жылғы күзгі әскерге шақыруды қамтамасыз ету жөніңдегі шараларды қаржыландыру

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 7 қазандағы
№ 222 шешіміне 3 қосымша
1999 жылғы күзгі әскерге шақыруды қамтамасыз ету жөніңдегі шараларды қаржыландыру
Әскерге шақырылғандармен мәдени-тәрбие жұмыстарын жүргізуге —37 мың теңге;
Облыстық жиналу пунктін автокөлікпен және жанармай материалдарымен қамтамасыз етуге —80 мың теңге;
Облыстық жиналу пунктінде әскерге шақырылғандарды тамақтандыруды ұйымдастыруға — 60 мың теңге;
Облыстық жиналу пунктінен әскерге шақырылғандарды тасымалдауға — 100 мың теңге;
Облыстық жиналу пунктінде әскерге шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізу үшін тартылған медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге — 505 мың теңге;
Әскерге шақырылғандардың жеке істерін ресімдеу үшін қажетті бланктер мен құжаттар дайындауға — 447 мың теңге.
Жиынтығы: 1,229 мың теңге.