Об утверждении нормативов платы за загрязнение окружающей среды на 1999 год по Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов платы за загрязнение окружающей среды на 1999 год по Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1999 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем мөлшерлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 30.09.1999
- Көрсетілген редакция
- 30.09.1999 4818_262021.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99K000045_
- ЭКБ идентификаторы
- 4818
- Редакция идентификаторы
- 4818_262021
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:53
0 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1999 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем мөлшерлерін бекіту туралы
1. 1999 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем мөлшерi Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша № 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсiн.
3 Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
1 қазандағы № 92
шешiмiне
№ 1 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 1999 жылға қоршаған
ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлерi
1. 1999 жылға ластайтын заттарды шығарып тастағаны, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгiленген шектелген көлемде орналастырылғаны үшiн төлемақы келесi мөлшерлерде белгiленсiн:
1) Тұрақты көздерден бiр шартты тонна ластайтын заттарды ауаға тастағаны үшiн-304,57 тенге.
2) Меншiк нысандарына және ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан атмосфералық ауаны жылжымалы көздермен (автомобильдермен, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа техникамен, тепловоздармен, өзен және теңiз кемелерiмен және басқа) ластағаны үшiн шығындалған отының 1 тоннасына:
этилсiз бензин - 250,0 теңге/тн;
этилдi бензин - 300,0 теңге/тн;
сұйытылған мұнай газы - 150,0 теңге/тн;
сұйытылған табиғи газы - 110,0 теңге/тн;
дизель жанар-жағар майы - 390,0 теңге/тн;
3) су объектiлерiне 1 шартты тонна ластайтын заттарды тастағаны үшiн - 5163,71 теңге. Бекiтiлген төлемақы ластайтын заттарды мынадай орындарға тастағаны үшiн:
жер бедерi мен коллекторларға - 10%,
жинағыштарға, биотоғандарға, сүзгiш алаңдарға және басқа
жерлерге - 15% төмендетiледi.
4) Қалдықтарды және ағынды суларды арнайы емес орындарға орналыстырғаны (сақтағаны, көмгенi) үшiн сол аумақтың жер көлемiнiң 1 шаршы метрiне төлемақы - 99,23 тенге. Улы химиялық заттар үшiн төлем 10 есе өседi.
5) Қалдықтарды арнайы бөлiнген аумаққа, полигондарға, жинағыштарға және рұқсат етiлген қоқыс орындарына орналыстарғаны үшiн (тн. куб.):
Улылық
Класы
Әрбiр өлшем бiрлiгiнде
төлем шегi, теңге
I
II
III
IV
V
Құрамында сынап бар
(бiр дана) шамды
орналыстырғаны үшiн,
(0,065 грамм)
2560,0
1280,0
320,0
160,0
80,0
100 еселiк бағасы
2. Өндiрушi-кәсiпорындарда табиғатты падалануға рұқсаты болмаған жағдайда және өз бетiмен кесiмдi шегiнен үстем ластайтын заттарды, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сарқын суларды тастағаны үшiн ақы белгiлген төлем мөлшерiнен 10 есе артық көлемiнде өндiрiледi.
3. Кесiмдi шегiнен үстем ластайтын заттарды, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сарқын суларды тастағаны үшiн еселенген төлемақы төлеу Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң 1994 жылдың 9 тамызында бекiткен қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн ақы анықтаудың әдiстемесiне сай айқындалады.