Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О квоте иммиграции для Актюбинской области на 1999 год

Өзге акт · № 149 · қабылданған 25.08.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-5413/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О квоте иммиграции для Актюбинской области на 1999 год Күшін жойған 25.08.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О квоте иммиграции для Актюбинской области на 1999 год

Күшін жойған Өзге акт № 149 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О квоте иммиграции для Актюбинской области на 1999 год
Атауы (қаз.)
1999 жылға арналған Ақтөбе облысы үшін көшіп келу квотасы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
149
Қабылданған күні
25.08.1999
Көрсетілген редакция
25.08.1999 5413_266879.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99C000378_
ЭКБ идентификаторы
5413
Редакция идентификаторы
5413_266879
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:57
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1999 жылға арналған Ақтөбе облысы үшін көшіп келу квотасы

📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы № 128 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 532 Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы"
1999 жылғы 3 мамырдағы № 128 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы № 128 Жарлығымен Ақтөбе облысы үшін 1999 жылға арналған 50 отбасы, соның ішінде Ауғаныстаннан – 10 отбасы, Қытай Халық Республикасынан - 20 отбасы, Өзбекстан Республикасынан - 20 отбасы мөлшерінде бекітілген көшіп келу

квотасы басшылыққа және орындауға алынсын.

2. Облыстық көші-қөн және демография бөлімі облыс аудандарының, Ақтөбе қаласының әкімдерімен бірігіп, оралмандардың отбасыларын олардың туыстық және өндірістік-шаруашылық байланыстарын ескере отырып, жинақы орналастыруға шаралар алсын. Оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды ересек мүшелерінің біліктілігі мен мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуына, ұлттық кәсіптерін жаңғыртуына, кәсіпкерлік іс-әрекеттерін ұйымдастыруына, фермерлік және шаруа қожалықтарын құруына ықпал етілсін.

3. Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері тарихи Отанына қайтып келген оралмандарға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсін, тұрғын үй салу және шаруашылықпен айналысу үшін белгіленген тәртіп бойынша жер бөліп берсін.

4. Облыстық білім басқармасы (Құдайбергенов А. А.), аудан әкімдері оралмандардың балаларын тиісті оқу орындарына уақытында қабылдау мәселелерін жедел шешіп, қажет болған жағдайларда оларды өз тілінде оқытуды ұйымдастырсын.

5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Алдашев Ж.) облысқа көшіп келген оралмандарға тегін дәрігерлік тексеру ұйымдастырып, олардың емдік-профилактикалық көмек алу тәртібін айқындасын.

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары И. И. Иманкуловқа жүктелсін.