Об итогах социально-экономического развития области за 1999 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об итогах социально-экономического развития области за 1999 год
- Атауы (қаз.)
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 1999 жылғы қортындылары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 07.02.2000
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2000 5636_285991.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00C000405_
- ЭКБ идентификаторы
- 5636
- Редакция идентификаторы
- 5636_285991
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:40
0 Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 1999 жылғы қортындылары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Облыстың дамуының стратегиялық жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыру 1999 жылы экономиканың негізгі секторларында қол жеткізілген тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. Облыстың негізгі капиталына 16.7 млрд. тенге инвестиция салынды немесе ол 1998 жылғы деңгейге 100,8 %. Осының нәтижесінде 40-ка жуық ірі өндірістік және әлеуметтік объектілер іске қосылды, олардың қатарында - «Ақтурбо» ақционерлік қоғамындағы қайта өндеу қазаны,
«Дөң кен байыту комбинаты», акционерлік қоғамының «Центральная» шахтасы, қалааралық автоматтандырылған телефон стансасы, «Әлия» жабық базары, «Нүрдәулет», «Қоныс» сауда орталықтары, жаңа мешіт, сондай-ақ, шағын кәсіпкерліктің 138 объектісі, олар, наубайханалар, шұжық цехтары, дүкендер, қоғамдық тамақтандыру орындары, шаштараздар, сурет салондары, мейрамханалар және басқалар. Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда салық жинау және бюджетке басқа төлемдердің түсуі 64,5 % өсіп, 15,8 млрд. теңгені құрады (болжамға 110,6 %). Жергілікті бюджетке теңге кіріс түсті, бұл өткен жылғы деңгейден 4,1 млрд. теңгеге артық. Осының нәтижесінде бюджеттік саладағы қызметкерлерге уақытында еңбекақы төлеуге және балаларға төленетін жәрдемақы бойынша қарыздарды толық өтеуге мүмкіндік туды. Инфляция қарқынының деңгейі 114,6% құрады, бұл республикалық орта көрсеткіштен 3,2 тармаққа төмен.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1998 жылмен салыстырғанда 30 % өсіп, 55,5 млрд. теңге құрады. Физикалык көлемнің индексі 103,3 % құрады. Мұнайдың ілеспе газын өндіру көлемін 72,3 %, хром рудаларын - 50,1 %, феррохром өндіруді - 44,9 %, хромдық малма - 43,9 %, электр қуатын - 16,3 %, жылу қуатын - 12,5% өсіру қамтамасыз етілді. Жыл ішінде өнеркәсіп өнімдерінің жаңа 25 түрі игерілді.
Жаңажол - Ақтөбе газ құбырын пайдалану Жаңажол ілеспе газын «Ақтөбе жылу - электр отралығы» ақционерлік қоғамында және Ақтөбе қаласында орналасқан жеке секторларда тұтынуға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде сырттан әкелінетін табиғи газды тұтыну 80 млн. куб. метрге азайтылды. «Ақтурбо» ақционерлік қоғамында қайта өндеу қазанын іске қосу «Ақтөбе жылу электр орталығы» ақционерлік қоғамында пайдаланылған газды қайта өңдеу есебінен электр қуатын өндіруді өсіруге мүмкіндік берді. Бюджеттік мекемелерді жеке дара жылыту жүйесіне көшіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жыл ішінде 42
жылыту қазандары орнатылды, олар негізінен алыс аудандардағы жалпы білім беру мектептерінде және медициналық мекемелерінде.
Бірнеше жыл қатарынан кездескен қуаншылықтан кейін ауыл шаруашылығында біршама жақсы нәтиже қол жеткізілді. Оны дамытуға 525,1 млн. теңге жұмсалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1998 жылғы деңгейден 18,5 % өсіп, 13,2 м. млрд. теңгені құрады. Мал басының барлық түрінің өсуі орын алуда. Астық, сүт және жұмыртқа өндіру көлемі арта тусті.
Алынған шаралардың нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19,7 %, олардағы жұмыс істейтіндердің саны 39,2 % өсіп, барлық жұмыс істейтіндердің санының 40 % құрады. Осы секторда 14,8 млрд. теңгенің өнімдері өндірлді және қызмет көрсетілді, ол 1998 жылғы деңгейдің 149,6 % құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін берілген несиенің көлемі 1,3 есе өсті. Екінші деңгейдегі банктер 2,3 млрд. теңге сомалық 449 жоба қаржыландырды.
Бұл еңбеқ рыногіндегі жағдайды жақсартуға әсер етеді. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 2798 адамға қыскартылды. Жұмыссыздықтың деңгейі 5 % құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,7 % төмен.
Ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде 16 кәсіпорын өздерінің жұмысын қайтадан бастады, 26 жаңа өндіріс орындары ашылды, оларда 2 мыңға жуық адамдар жұмыс істеуде. Жұмыс істейтін кәсіпорындарға 4,9 мың адам еңбекке орналастырылды, оның ішінде 463 адам аз қорғалған азаматтар категориясына қатысты үлес есебінен. Жалпы облыс бойынша әртүрлі инвестиция көздерінің есебінен 20 мыңнан астам қосымша жұмыс орындары құрылған.
Жалғыз басты және аз қамтылған азаматтарға тұрақты түрде тікелей көмек көрсетілуде. Жыл ішінде 90 мың адамға жалпы сомасы 196 млн. теңгелік қайырымдылық жәрдем көрсетілді, оның ішінде облыстың аз қамтылған азаматтарына 11 млн. теңге көмек көрсетілді.
Үйде әлеуметтік көмек көрсететін 17 бөлімшелер атылды. Осы құрылымдар арқылы 1681 еңбекке жарақсыз, кәрияларға қызмет көрсетілді.
Дегенмен, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтайтын маңызды индикаторлардың талдауы, жекелеген аудандарда жүргізіліп отырған реформалардың тиімділігі мен нәтижелігі толық қамтамасыз етілмей отырғанын көрсетеді. Есепті кезеңде Алға, Байғанин және Шалқар аудандары жұмыс көрсеікіштерін жақсарта алмағандықтан рейтингтік кесте бойынша соңғы орындарды иеленді.
Облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуының 1999 жылғы қортындысын қарап, облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында, айқындалған экономиканың нақты секторының орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз ету және қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтау облыстық басқармалардың, комитеттердің, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің негізгі міндеттері болып есептелсін.