Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан 1999 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области

Өзге акт · № 1 · қабылданған 26.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1999-ekb-99374/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О проведении приписки граждан 1999 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·26.10.2015
20.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан 1999 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан 1999 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области
Атауы (қаз.)
1999 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеудi өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
26.10.2015
Көрсетілген редакция
20.12.2016 99374_166423.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15KR003515
ЭКБ идентификаторы
99374
Редакция идентификаторы
99374_166423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:54

0 1999 жылы туған азаматтарды

Қарағанды облысы Балқаш
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің
шақыру учаскесіне тiркеудi
өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. 2016 жылғы қаңтардан наурызға дейін 1999 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеу ұйымдастырылсын.

2 2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.

3

3. Приозерск қаласы әкімінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 7 «1998 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2825 болып тіркелген, «Приозерский вестник» газетінде 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 49/382, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 23 қаңтарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.

5 5. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

«КЕЛIСIЛДI»
Балқаш қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
майор
_________________Б.А. Алишев
2015 жылғы «_____»_________

Қолданыстағы