О внесении изменений в решение 2 сессии Нуринского районного маслихата от 16 февраля 2012 года № 20 "О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для покупки жилья специалистам, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района в 2012 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение 2 сессии Нуринского районного маслихата от 16 февраля 2012 года № 20 "О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для покупки жилья специалистам, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района в 2012 году"
- Атауы (қаз.)
- Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "2012 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит түрінде ұсыну туралы" № 20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 04.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2013 68269_214717.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KN001959
- ЭКБ идентификаторы
- 68269
- Редакция идентификаторы
- 68269_214717
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:12
0
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "2012 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" N 2/16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "2012 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" N 2/16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-12-124 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 наурыздағы N 13-14 (9487) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы және 1 тармағындағы "және спорт" сөздері ", спорт және ветеринария" сөздерімен ауыстырылсын;
тақырыбындағы "сатып алуға" сөздерінен кейін "немесе салуға" сөздерімен толықтырылсын;
1 тармағындағы "сатып алу" сөздерінен кейін "немесе салу" сөздерімен толықтырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
З. Сердалинов
2012 жылғы 28 қыркүйек