О внесении изменений в решение 2 сессии Нуринского районного маслихата от 16 февраля 2012 года № 22 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Нуринского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение 2 сессии Нуринского районного маслихата от 16 февраля 2012 года № 22 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Нуринского района"
- Атауы (қаз.)
- Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 22 "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 12.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2024 83535_708590.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KN002790
- ЭКБ идентификаторы
- 83535
- Редакция идентификаторы
- 83535_708590
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:36
0 Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 22 "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 22 "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-14-170 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 14 (5248) "Нұра" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 3-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3. Тұрғын үй көмегі Нұра ауданының кентінде тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иелері немесе тұрғын үйді пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын тұлғаларға тұрғын үй-жайларда (тұрғын үйде) коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне тұрғын үй аумағының шекті шамасында, өтемақылық шамалармен қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ алатын нақты жалпы аумағынан тұрғын үй-жайларда (тұрғын үйде) коммуналдық қызметтерді тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеу шығындарының мөлшерлерінен аспайтын, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуі, отбасы (азаматтың) бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын тұлғаларға беріледі.
Қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу отбасының (адамның) зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналасатын адамдар) жиынтық табысының сегіз пайызы мөлшерінде белгіленеді, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (адамның) жиынтық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.";
көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 18-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкеметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ:
"Нұра ауданының
жұмыспен қамту әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы Г. Жүпенова
16 қыркүйек 2014 жыл