Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 1999 года N 1303 и от 23 декабря 1999 года N 1963

Қаулы · № 548 · қабылданған 09.04.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-1999-n-1303-23-1999-n-1963/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 1999 года N 1303 и от 23 декабря 1999 года N 1963 Қолданыста 09.04.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 1999 года N 1303 и от 23 декабря 1999 года N 1963

Қолданыста Қаулы № 548 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 1999 года N 1303 и от 23 декабря 1999 года N 1963
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 және 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
548
Қабылданған күні
09.04.2000
Көрсетілген редакция
09.04.2000 AI5706_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000548_
ЭКБ идентификаторы
5706
Редакция идентификаторы
AI5706_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:32
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 және 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

"1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 қаулысына:
2-тармақтағы "43 854 000 (қырық үш миллион сегіз жүз елу төрт мың) АҚШ доллары сомасына дейін 627 000 (алты жүз жиырма жеті мың) тоннаға дейін" деген сөздер "32 500 000 (отыз екі миллион бес жүз мың) АҚШ доллары сомасына дейін 450 000 (төрт жүз елу мың) тоннаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2000 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай таралатын зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963 қаулысына:
2-тармақтың 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай зиянкестерімен және ауруларымен күреске қайтарымсыз негізде 5 000 000 (бес миллион) АҚШ доллары".

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен 2000 жылғы егіннің астығын сатып алуға арналған ақшаның қалдығын пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір ай мерзімде ұсыныстар енгізсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.