О внесении дополнений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 2 октября 1999 года N 33/251 "О Правилах хранения, передачи в архив и уничтожения документов, связанных с подготовкой и проведением выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 2 октября 1999 года N 33/251 "О Правилах хранения, передачи в архив и уничтожения документов, связанных с подготовкой и проведением выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 71/139
- Қабылданған күні
- 22.08.2006
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2013 AI29615_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004388_
- ЭКБ идентификаторы
- 29615
- Редакция идентификаторы
- AI29615_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:56
0 "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"»Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінің 78-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 130 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінің 64-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 932 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 17 ақпандағы N 97/118 және 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 155/221 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) қаулының тақырыбы мен 1-тармағы»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін ", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
2 2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесінде:
атауы»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін ", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
төртінші абзацта:
"Қазақстан Республикасының»"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" "Конституциялық заңының" деген сөздерден кейін ", "Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген әкімдердің сайлауын өткізу ережесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін»", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші абзац»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін ", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақта:
төртінші және бесінші абзацтар»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін»", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"азаматты әкім лауазымына кандидат ретінде ұсыну туралы әкім ұсынымы;
азаматтың әкімдікке кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
әкімдікке кандидаттың өмірбаяндық деректері;
әкімдікке кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкі туралы декларацияларды тапсырғанын растайтын құжаттар;
әкімдікке кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген әкімдердің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
әкімдікке кандидаттың аумақтық сайлау комиссиясына сенім білдірілген адамдарды тіркеу туралы өтініштері;
әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
әкімді сайлау бойынша сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімі;
әкімді сайлау бойынша дауыс беруге арналған пункттің ашылғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;
әкімді сайлау бойынша таңдаушылар отырысының хаттамалары;
әкімді сайлау нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
сайланған әкімді тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімдері";
5-тармақ»"мәслихаттарының депутаттарын" деген сөздерден кейін ", әкімдерін" деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әкімдерді сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлаудың қорытындылары жарияланғаннан кейінгі алты ай бойы құпия ақпарат ретінде сақтайды, содан кейін акті бойынша жояды.".
2 2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдеріне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан
Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына, Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілсін.