Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 643 и Министра государственных доходов Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 1478 "Об утверждении Инструкции о порядке применения Конвенций (Соглашений) об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от уплаты налогов на доход и капитал (имущество), заключенных Республикой Казахстан с иностранными государствами"

Бұйрық · № 278а · қабылданған 03.05.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-1999-no-643-2-1999-no-1478/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 643 и Министра государственных доходов Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 1478 "Об утверждении Инструкции о порядке применения Конвенций (Соглашений) об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от уплаты налогов на доход и капитал (имущество), заключенных Республикой Казахстан с иностранными государствами" Күшін жойған Бұйрық ·№ 278а ·03.05.2007
09.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 643 и Министра государственных доходов Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 1478 "Об утверждении Инструкции о порядке применения Конвенций (Соглашений) об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от уплаты налогов на доход и капитал (имущество), заключенных Республикой Казахстан с иностранными государствами"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 278а · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 643 и Министра государственных доходов Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 1478 "Об утверждении Инструкции о порядке применения Конвенций (Соглашений) об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от уплаты налогов на доход и капитал (имущество), заключенных Республикой Казахстан с иностранными государствами"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1478 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
278а
Қабылданған күні
03.05.2007
Көрсетілген редакция
09.01.2009 AI33296_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004675_
ЭКБ идентификаторы
33296
Редакция идентификаторы
AI33296_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:41

0

"Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1478 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы N 1478 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1021 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда N 4496 болып тіркелген»"Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1478 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 500 бұйрығымен енгізілген толықтырумен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
Кіріспенің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.";
2-тараудың 4-тармағы үшінші абзацының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Салық кодексі әрекет ететіндіктен, қазiргi уақытта осы Салық Конвенциясы корпорациялық табыс салығы және жеке табыс салығы сияқты салықтарға қолданылады.";
3-тарауда:
5-тармақтың 2) тармақшасында:
"473000, Астана, Республика даңғылы, 60, телефоны (3172) 280985" деген сөздер "010000, Астана қ. Жеңіс даңғылы, 11; телефоны (3172) 717290" деген сөздермен ауыстырылсын;
"уағдаласушы мемлекеттерде қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының резиденттiгiн растауға," деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздер" 010000, Астана қ. Жеңіс даңғылы, 11, телефоны (3172) 717108 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитеті;" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың үшінші абзацындағы "Заңның 5-бабының 20-тармағына сәйкес сыйақы (мүдде)" деген сөздер "Салық кодексінің 10-бабы
1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сыйақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тараудың 7-тармағының екінші абзацындағы "Заңның 5-бабының" 22 "резидент" тармағында" деген сөздер "Салық кодексінің 176-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тарауда:
11-тармақтың екінші абзацында:
бірінші сөйлемдегі "заңды" тұлғалар деген сөз алынып тасталсын;
екінші сөйлемдегі "резидент" деген сөз "осы мемлекеттің резиденті" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Атап айтқанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргiзу, көпiрлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектiсi) деп түсiнiледi. Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берiлген объектiнi (орындалған жұмыстың көлемiн) қабылдау туралы актiге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейiнгi күннен бастап өзiнiң iс-әрекетiн тоқтатады.";
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер мердігер мен тапсырыс беруші (құрылыс салушы) арасында осы тұлғалардың арасындағы шартта көзделген жұмыстар кешенін қабылдау актісіне қол қойылса, бірақ бұл ретте жұмыстар объектіде тапсырыс беруші мен үшінші тұлға мердігердің арасындағы шарттың негізінде жалғасып жатса және осы үшінші тұлға мен айтылып өткен мердігер Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (IAS) сәйкес айқындалатын өзара байланысты тараптар болып табылатын болса, онда жұмыстарды орындауға үшінші тұлға жұмсаған уақыт кезеңі, бірінші тұлға жұмсаған уақыт кезеңі болып есептеледі.";
6-тараудың 22-тармағындағы "Заңның 5-бабының 16-тармағына сәйкес "жылжымайтын мүлiк" терминi үйдi, ғимаратты, көп жылғы өскiндердi" деген сөздер "1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 117-бабының 1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тарауда:
25-тармақтың үшінші абзацындағы "қонақ үй шаруашылығын" деген сөздердің мемлекеттiк тiлдегi мәтiні өзгерiссiз қалдырылсын;
26-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша" деген сөздер "корпорациялық табыс салығы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.";
28-тармақта:
бірінші абзацтағы "онда" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацта:
"Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталып, "салық" деген сөз "Салық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасында" деген сөздер "уағдаласушы мемлекетте" деген сөздермен ауыстырылсын;
"түзетiлуi керек" деген сөздер "түзету қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдік заңды тұлға тұрақты мекемеге тауарларды айтылған қағидатқа сәйкес келмейтін бағалар бойынша жеткізген және сондықтан, тұрақты мекеме пайданы шетелдік заңды тұлғаның пайдасына немесе керісінше түзеткен жағдайда, байланысты тараптардың арасындағы белгіленген бағалар, аумағында тұрақты мекеме орналасқан уағдаласушы мемлекеттің ішкі заңнамасының ережелеріне сәйкес түзетіле алады.";
жетінші және сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
он бірінші абзацта:
"Бәсекелi (нарықтық)" деген сөздер "Нарықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ассоциациялар атын компаниялармен" деген сөздер "ассоцияландырылған кәсіпорындармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық Конвенцияларының "Қауымдасқан кәсiпорындар" 9-бабына сәйкес, егер, екi қауымдасқан кәсiпорын арасында олардың коммерциялық және қаржылық қарым-қатынастарында тәуелсiз кәсiпорындар арасында қолданылатындардан ерекшеленетiн шарт жасалса немесе белгiленсе, онда олардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ бұл шарттардың бар болуынан оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына енгiзілуi және оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
Тәуелсіздер арасында, сонымен қатар қауымдасқан кәсіпорындар арасында жасалатын мәміленің пайдасы мәміленің бағасымен айқындалатын болғандықтан, ал қауымдасқан кәсіпорындар арасындағы мәміленің бағасы "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес бақылау объектісі болып табылса, онда нарықтық бағаларды, мәміле бағасының нарықтық бағадан рұқсат етілген ауытқуын және сәйкесінше қауымдасқан кәсіпорынның пайдасын айқындау тәртібі "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңында тәуелсіз кәсіпорындар (тараптар) арасындағы мәмілелер үшін көзделген ережелердің негізінде белгіленеді".";
үшінші абзацтың үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдiк компания мен қазақстандық кәсiпорын байланысты тараптар болып табылғандықтан және шетелдік компания нарықтық бағаларға сәйкес келмейтін бағалар бойынша шоттар шығарса, онда "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңының ережелері қолданылады.";
төртінші абзацтағы "Заңның 138-1-бабына" деген сөздер "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.
10-тарауда:
42-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Дивидендтер ұғымы Салық кодексінің 10-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында берілген.";
үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;
43-тармақта:
он бірінші абзацтағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық кодексінің 179-бабына сәйкес резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс.";
11-тараудың 48-тармағында:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемемен байланысты емес екінші уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге (сыйақыларға) екінші уағдаласушы мемлекетте осы екінші уағдаласушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс салығы салынуға жатады.";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Немiс банкi қазақстандық банкке 10 миллион теңге көлемiнде жылдық 15%-пен қысқа мерзiмдi несие бердi. Бiр жылдан кейiн қазақстандық банк 11 500 000 теңге сомасында берешегiн өтейдi. 1 500 000 теңге сомасындағы проценттер Қазақстанда Салық кодексінің 180-бабында белгіленген ставкалар бойынша шегерімдерді жүзеге асырусыз төлем көзінде табыс салығы салынуға жатады.";
12-тарауда:
53-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Роялти" терминiнiң дәл анықтамасы тиiстi Салық Конвенциясында нақтылы берiлген. Мүлікке меншік құқығы берілген жағдайда, төлем роялти ретінде қарастырыла алмайды. Роялти дегеніміз пайдаланғаны үшін немесе мүлікті пайдалану құқығы үшін төлемақылар.
Мысалы: дискіде кинофильмді дүкеннен сатып алу роялти болып табылмайды; осы фильмді телеарналар бойынша трансляциялау құқығын сатып алу роялти болып табылады.";
54-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемемен байланысты емес екінші уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге екінші уағдаласушы мемлекетте осы екінші уағдаласушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс салығы салынуға жатады.";
57-тармақтың үшінші абзацындағы "6 миллион" деген сөздер "60 мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тараудың 70-тармағының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші уағдаласушы мемлекеттің резиденттерi болып табылатын өнер қызметкерлерiне немесе спортшыларға уағдаласушы мемлекетте төленетін табыстарға екінші уағдаласушы мемлекетте осы екінші уағдаласушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс салығы салынуға жатады.";
4-бөлімде:
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бөлім. Арнайы ережелер";
23-тарау алынып тасталсын;
24-тарау мынадай мазмұндағы 97-1-тармақпен толықтырылсын:
"97-1. Резиденттік елінде салық салынатын табысты есептеу кезінде шетел салығын есепке жатқызу салық шетелдік мемлекетте Салық Конвенцияларының ережелеріне сәйкес төленген жағдайда жүргізіледі. Егер салықты төлеу Салық конвенциясының шарттары бойынша салық төлеушінің резиденттік елінде жүргізілсе, онда табыс туындаған мемлекетте төленген шетел салығын есепке жатқызу жүргізілмейді.";
"5-тарау. Арнайы ережелер" деген сөздер алынып тасталсын;
26-тараудың 102-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі Салық Конвенциясы қолданылатын мемлекетте қызметiн жүзеге асырады және тиісті Салық Конвенциясында көзделген жеңiлдiктерге құқығы бар. Алайда, оны осы екінші уағдаласушы мемлекетте Салық Конвенциясының ережелерiне сәйкес емес салық салуға ұшыратты. Бұл жағдайда Қазақстанның салық төлеушiсi өзінің iсiн Салық Конвенциясына сәйкес келмейтiн қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында уағдаласушы мемлекеттің құзыреттi органымен өзара келiсiм бойынша iстi шешуге ұмтылатын Салық Конвенцияларының мәселелерiнде Қазақстан Республикасының құзыреттi органының уәкілетті өкiлi болып табылатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетінің қарауына жiбере алады.";
1-қосымшада:
атауындағы "1999 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-37-жолдармен толықтырылсын:
"
23
Че­хия
29.10.1999 ж.
01.01.2000 ж.
ба­стап
01.01.2000 ж.
ба­стап
24
Моң­ғо­лия
02.12.1999 ж.
01.01.2000 ж.
ба­стап
01.01.1999 ж.
ба­стап
25
Бель­гия
13.04.2000 ж.
01.01.2000 ж.
ба­стап
01.01.2000 ж.
ба­стап
26
Тү­рік­мен­стан
10.03.2000 ж.
01.01.2001 ж.
ба­стап
01.01.2001 ж.
ба­стап
27
Ру­мы­ния
21.04.2000 ж.
01.01.2001 ж.
ба­стап
01.01.2001 ж.
ба­стап
28
Фран­ция
01.07.2000 ж.
01.01.1996 ж.
ба­стап
01.01.1996 ж.
ба­стап
29
Гру­зия
05.07.2000 ж.
01.01.2001 ж.
ба­стап
01.01.2001 ж.
ба­стап
30
Эс­то­ния
19.07.2000 ж.
01.01.2001 ж.
ба­стап
01.01.2001 ж.
ба­стап
31
Тә­жікс­тан
07.11.2000 ж.
01.01.2001 ж.
ба­стап
01.01.2001 ж.
ба­стап
32
Швей­ца­рия
24.11.2000 ж.
01.01.2000 ж.
ба­стап
01.01.2000 ж.
ба­стап
33
Мол­до­ва
25.02.2002 ж.
01.01.2003 ж.
ба­стап
01.01.2003 ж.
ба­стап
34
Лат­вия
02.12.2002 ж.
01.01.2003 ж.
ба­стап
01.01.2003 ж.
ба­стап
35
Қы­тай
09.08.2003 ж.
01.01.2004 ж.
ба­стап
01.01.2004 ж.
ба­стап
36
Нор­ве­гия
24.01.2006 ж.
01.03.2006 ж.
ба­стап
01.01.2007 ж.
ба­стап
37
Ав­стрия
01.03.2006 ж.
01.01.2007 ж.
ба­стап
01.01.2007 ж.
ба­стап
";
2-3-қосымшалар осы бұйрыққа 1-2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-6-қосымшалар алынып тасталсын.

2 2. Халықаралық салық салу басқармасы (М.С. Мұханова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Ю. Юсупов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден соң ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Шет мемлекеттердің аумақтарында Салық Конвенциялары қолданылатын салықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2007 жылғы 3 мамырдағы
N 278-а бұйрығына 1-қосымша
"2-қосымша
Шет мемлекеттердің аумақтарында Салық Конвенциялары қолданылатын салықтардың тізбесі
1
Ұлы­бри­та­ния мен
Ир­лан­дия
Бі­рік­кен
Ко­роль­ді­гі
та­быс са­лы­ғы;
кор­по­ра­ци­я­лар­ға са­лы­на­тын са­лық;
мү­лік құ­ны­ның өсі­мі­нен алы­на­тын
та­быс­қа са­лы­на­тын са­лық
2
Ита­лия
Рес­пуб­ли­ка­сы
же­ке та­быс са­лы­ғы;
кор­па­ра­ци­я­лық та­быс са­лы­ғы;
жер­гі­лік­ті та­быс са­лы­ғы;
3
Поль­ша
Рес­пуб­ли­ка­сы
заң­ды тұ­лға­лар­дан
алы­на­тын та­быс са­лы­ғы;
же­ке тұ­лға­лар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
4
Аме­ри­ка Құ­ра­ма
Штат­та­ры
жи­нақ­тал­ған та­быс­қа са­лы­на­тын
са­лық­ты, же­ке хол­динг­тік
ком­па­ни­я­лар­ға са­лы­на­тын са­лық­ты
және әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру­ды
ұста­у­ға са­лы­на­тын са­лық­ты
қо­с­па­ған­да, Іш­кі Кі­рі­стер
Ко­дек­сіне сәй­кес са­лы­на­тын
фе­де­раль­ды та­быс са­лық­та­ры;
5
Пәкі­стан Ис­лам
Рес­пуб­ли­ка­сы
(бө­лім­ше­нің
пай­да­сы ту­ра­лы
пай­да
та­быс са­лы­ғы;
үсте­ме са­лық,
қо­сым­ша са­лық;
6
Ни­дер­лан­ды
та­быс са­лы­ғы;
жа­ла­қы­ға са­лы­на­тын са­лық;
1967 жыл­дан ба­стап шы­ға­ры­л­ған
кон­цес­си­я­лар­ға қа­ты­сты Mijnwet
(1810 Тау за­ңы­на) сәй­кес неме­се
1965 жы­л­ғы Кон­ти­нен­таль­дық
Жос­пар­ға (1965 Ни­дер­лан­дия
Кон­ти­нен­таль­ды Шель­фі ту­ра­лы
Тау за­ңы­на) сәй­кес са­лық
са­лы­на­тын та­би­ғат ре­сур­ста­рын
өн­ді­ру­ден алы­на­тын та­за
пай­да­да­ғы Үкі­мет үле­сін қо­са
ал­ған­да, ком­па­ни­я­лар­дың
пай­да­сы­на са­лы­на­тын са­лық;
ди­ви­дент­тер­ге са­лы­на­тын са­лық;
ка­пи­тал­ға са­лы­на­тын са­лық;
7
Укра­и­на
кә­сі­по­рын­дар­дың та­быст­а­ры­на
са­лы­на­тын са­лық;
аза­мат­тар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
8
Вен­гер
Рес­пуб­ли­ка­сы
же­ке тұ­лға­лар­дың та­быст­а­ры­на
са­лы­на­тын са­лық;
кор­по­ра­ци­я­лық са­лық;
жер мен­ші­гіне са­лы­на­тын са­лық;
құ­ры­лы­сқа са­лы­на­тын са­лық;
9
Түр­кия (хат­та­ма)
та­быс са­лы­ғы;
кор­по­ра­ци­я­лық са­лық;
та­быс са­лы­ғы мен кор­по­ра­ци­я­лық
са­лық­тан ауда­ры­ла­тын алым­дар;
10
Өзбек­стан
кә­сі­по­рын­дар­дың, бір­ле­стіктер­дің
және ұй­ым­дар­дың та­быст­а­ры­на
са­лы­на­тын са­лық;
Өзбек­стан аза­мат­та­ры­ның, ше­тел
аза­мат­та­ры­ның және аза­мат­тығы
жоқ тұ­лға­лар­дың та­бысы­на
са­лы­на­тын са­лық;
кә­сі­по­рын­дар­дың мүл­кіне
са­лы­на­тын са­лық;
же­ке тұ­лға­лар­дың мүл­кіне
са­лы­на­тын са­лық;
11
Әзір­бай­жан
Рес­пуб­ли­ка­сы
заң­ды тұ­лға­лар­дың пай­да­сы­на және
же­ке­ле­ген та­быс түр­ле­ріне
са­лы­на­тын са­лық;
же­ке тұ­лға­лар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
мү­лік­ке са­лы­на­тын са­лық;
12
Ре­сей
кә­сі­по­рын­дар мен ұй­ым­дар­дың
пай­да­сы­на (та­бысы­на) са­лы­на­тын
са­лық;
же­ке тұ­лға­лар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
кә­сі­по­рын­дар­дың мүл­кіне
са­лы­на­тын са­лық;
же­ке тұ­лға­лар­дың мүл­кіне
са­лы­на­тын са­лық;
13
Үн­ді­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы
та­быс са­лы­ғы, оның кез-кел­ген
қо­сым­ша­сын қо­сқан­да;
ка­пи­тал са­лы­ғы (бай­лық са­лы­ғы);
14
Бе­ла­русь
Рес­пуб­ли­ка­сы
заң­ды тұ­лға­лар­дың та­быст­а­ры мен
пай­да­сы­на са­лы­на­тын са­лық;
аза­мат­тар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке са­лы­на­тын
са­лық;
15
Ка­на­да
"Та­быс са­лы­ғы ту­ра­лы" Заң
бой­ын­ша Ка­на­да Үкі­ме­ті­нің
са­ла­тын са­лық­та­ры;
16
Лит­ва
заң­ды тұ­лға­лар­дың пай­да­сы­на
са­лы­на­тын са­лық (juridini asmenu
pelno mokestis);
же­ке тұ­лға­лар­дың та­бысы­на
са­лы­на­тын са­лық;
(fiziniu asmenu pajamu
mokestis);
мем­ле­кет­тік ка­пи­тал­ды
пай­да­ла­на­тын кә­сі­по­рын­дар­ға
са­лы­на­тын са­лық (palukanos uz
valstybinio kapitalo naudojima);
жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке са­лы­на­тын
са­лық (nekilnojamojo turto
mokestis);
17
Қыр­ғыз
Рес­пуб­ли­ка­сы
заң­ды тұ­лға­лар­дың пай­да­сы­на және
та­быст­а­ры­на са­лы­на­тын са­лық;
же­ке тұ­лға­лар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
18
Бол­га­рия
Рес­пуб­ли­ка­сы
жал­пы та­быс­қа са­лы­на­тын са­лық;
пай­да­ға са­лы­на­тын са­лық;
үй­ге са­лы­на­тын са­лық;
19
Шве­ция
те­ңіз­ші­лер­ге са­лы­на­тын са­лық­ты
қо­са ал­ған­да, та­быс­қа са­лы­на­тын
ұлт­тық са­лық және та­быс кө­зі­нен
ұста­ла­тын, ди­ви­денд­тер­ге
са­лы­на­тын са­лық;
ре­зи­дент еме­стер­дің та­бысы­на
са­лы­на­тын са­лық;
ре­зи­дент емес әр­ті­стер­дің
ат­лет­тер­дің та­бысы­на са­лы­на­тын
са­лық;
та­быс­қа са­лы­на­тын му­ни­ци­пал­дық
са­лық;
20
ГФР
та­быс са­лы­ғы;
кор­по­ра­ци­я­лық са­лық;
мү­лік­ке са­лы­на­тын са­лық;
олар­дың үсте­ме­ле­ріне са­лы­на­тын
са­лық­ты қо­са ал­ған­да, қо­лө­нер
са­лы­ғы;
21
Оң­тү­стік Ко­рея
та­быс са­лы­ғы;
кор­по­ра­ци­я­лық са­лық;
жан ба­сы­на са­лы­на­тын са­лық;
се­ло­лық жер­лер­ді да­мы­ту­ға
ар­нал­ған әле­умет­тік са­лық;
22
Иран
заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың
та­бысы­на са­лы­на­тын са­лық;
заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың
мүл­кіне са­лы­на­тын са­лық;
23
Че­хия
же­ке тұ­лға­лар­дың та­быст­а­ры­на
са­лы­на­тын са­лық;
заң­ды тұ­лға­лар­дың та­быст­а­ры­на
са­лы­на­тын са­лық;
жы­л­жы­май­тын мү­лік са­лы­ғы;
24
Моң­ғо­лия
же­ке та­быс са­лы­ғы;
кор­по­ра­ци­я­лық та­быс са­лы­ғы;
25
Бель­гия
же­ке тұ­лға­лар­ға са­лы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
кор­по­ра­ци­я­лық са­лық;
заң­ды тұ­лға­лар­дың та­быст­а­ры­на
са­лы­на­тын са­лық;
ре­зи­дент еме­стер­дің та­быст­а­ры­на
са­лы­на­тын са­лық;
дағ­да­рыс болған жағ­дай­лар­ға
ар­нал­ған қо­сым­ша ауда­рым­дар;
26
Тү­рік­мен­стан
пай­да­ға (та­быс­қа) са­лы­на­тын
са­лық;
же­ке тұ­лға­лар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
жер қой­на­уын пай­да­лан­ға­ны үшін
са­лық;
кә­сі­по­рын­дар­дың мүл­кіне
са­лы­на­тын са­лық;
жер са­лы­ғы;
27
Ру­мы­ния
же­ке тұ­лға­лар ала­тын та­быс­қа
са­лы­на­тын са­лық;
түс­кен пай­да­ға са­лы­на­тын са­лық;
жа­ла­қы­ға және бас­қа осын­дай
сый­а­қы­лар­ға са­лы­на­тын са­лық;
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы қыз­ме­ті­нен
тү­се­тін та­быст­ар­ға са­лы­на­тын
са­лық;
ди­ви­денд­тер­ге са­лы­на­тын са­лық;
ғи­ма­рат­тар­ға және ғи­ма­рат­тар мен
құ­ры­лы­стар ор­на­лас­қан жер­ге
са­лы­на­тын са­лық;
28
Фран­ция
та­быст­ар­ға са­лы­на­тын са­лы­ғы;
кор­по­ра­ци­я­лық са­лық;
ыр­зы­қа­қы­ға са­лық;
мүлiк­ке са­лы­на­тын ор­тақ са­лық;
29
Гру­зия
кә­сі­по­рын­дар пай­да­сы­на
(кі­рі­сіне) са­лық;
же­ке тұ­лға­лар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
кә­сі­по­рын­дар­дың мүл­кіне са­лық;
же­ке тұ­лға­лар­дан алы­на­тын мү­лік
са­лы­ғы;
30
Эс­то­ния
та­быс са­лы­ғы;
жер­гі­лік­ті та­быс са­лы­ғы;
31
Тә­жікс­тан
заң­ды тұ­лға­лар­дың та­бысы­на
(пай­да­сы­на) са­лық;
аза­мат­тар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дан
алы­на­тын мү­лік са­лы­ғы;
32
Швей­ца­рия
та­быс­қа (жал­пы та­быс­қа, ең­бек
та­бысы­на, ка­пи­тал­дан алы­на­тын
та­быс­қа, өнер­к­әс­iп­тiк және
ком­мер­ци­я­лық қыз­мет­тен алы­на­тын
та­быс­қа, мүлiк құ­ны­ның өсi­мi­нен
алы­на­тын та­быс­қа және та­быст­ың
бас­қа да түр­лерiне) са­лы­на­тын
са­лық;
ка­пи­тал­ға (жиын­тық мүлiк­ке,
жы­л­жи­тын неме­се жы­л­жы­май­тын
мүлiк­ке, ак­ци­о­нер­лiк ка­пи­тал­дың
тө­лен­ген бөлi­гiне және ре­зер­віне
және ка­пи­тал­дың бас­қа да
түр­лерiне) са­лы­на­тын фе­де­раль­ды,
кан­тон­дық және ком­му­нал­дық
са­лық­тар;
33
Мол­до­ва
та­быс са­лы­ғы;
мү­лік са­лы­ғы;
34
Лат­вия
кә­сі­по­рын кі­рі­сіне са­лық;
дер­бес та­быс са­лы­ғы;
мү­лік са­лы­ғы;
35
Қы­тай
же­ке тұ­лға­лар­дың та­бысы­на
са­лы­на­тын са­лық;
ше­тел ин­ве­сти­ци­я­ла­ры бар
кә­сі­по­рын­дар­дан және ше­тел­дік
кә­сі­по­рын­дар­дан алы­на­тын та­быс
са­лы­ғы;
36
Нор­ве­гия
та­быс­қа са­лы­на­тын ұлт­тық са­лық;
та­быс­қа са­лы­на­тын ай­мақ­тық
қа­ла­лық са­лық;
та­быс­қа са­лы­на­тын қа­ла­лық са­лық;
Са­лық­тық Те­ңе­сті­ру ұлт­тық Қо­ры­на
жар­на­лар;
ка­пи­тал­ға са­лы­на­тын Ұлт­тық
са­лық;
ка­пи­тал­ға са­лы­на­тын қа­ла­лық
са­лық;
су асты мұ­най ре­сур­ста­рын бар­лау
мен иге­ру­ден, мұ­най өнім­де­рін
құ­быр­мен та­сы­мал­да­уды қо­са
ал­ған­да, со­лар­ға бай­ла­ны­сты
әре­кет­тер мен жұ­мыстар­дан
алы­на­тын та­быс пен ка­пи­тал­ға
қа­ты­сты ұлт­тық са­лық;
ре­зи­дент емес әр­ті­стер­дің
сый­а­қы­ла­ры­на са­лы­на­тын ұлт­тық
алым­дар;
37
Ав­стрия
та­быс са­лы­ғы;
кор­по­ра­ци­я­лық са­лық;
жер са­лы­ғы;
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы және ор­ман
кә­сі­по­рын­да­ры­на са­лы­на­тын са­лық;
бос (ие­сіз, құ­ры­лыс са­лын­ба­ған)
жер учас­ке­ле­рі­нің құ­ны­на
са­лы­на­тын са­лық;

2 Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан Салық Конвенцияларына сәйкес белгіленген шетелдік тұлғалардың табыстарының жекелеген түрлеріне салық салудың мүмкін шекті ставкалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2007 жылғы 3 мамырдағы
N 278-а бұйрығына 2-қосымша
"3-қосымша
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан Салық Конвенцияларына сәйкес белгіленген шетелдік тұлғалардың табыстарының жекелеген түрлеріне салық салудың мүмкін шекті ставкалары
Р/с N
Мем­ле­кет
Ди­ви­денд­тер
Про­цен-
ттер
Ро­я­л­ти
Тұ­рақ­ты
ме­ке­ме­нің
та­за
пай­да­сы­на
са­лы­на­тын
са­лық
1
Ұлы­бри­та­ния
мен Ир­лан­дия
Бі­рік­кен
Ко­роль­ді­гі
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
егер
тұ­рақ­ты
ме­ке­ме­нің
пай­да
тү­сі­ре­тін
со­ма­сы 70
мың фунт
стер­линг­ті
құ­ра­са 5%
2
Ита­лия
Рес­пуб­ли­ка­сы
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
3
Поль­ша
Рес­пуб­ли­ка­сы
1) 10%/20%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
10%
4
Аме­ри­ка
Құ­ра­ма
Штат­та­ры
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
5
Пәкі­стан
Ис­лам
Рес­пуб­ли­ка­сы
(бө­лім­ше­нің
пай­да­сы
ту­ра­лы пай­да
1) 12,5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
12,5%
15%
-
6
Ни­дер­лан­ды
1) 0%/50%
және Үкі­мет
(ор­та­лық
банк)
ке­піл­дік
бер­ген 1
мил­ли­он АҚШ
дол­ла­ры­на
ар­тық
ин­ве­сти­ция-
лар
2) 75%/10%
3) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
1) егер
тұ­рақ­ты
ме­ке­ме­ге
Үкі­мет
(ор­та­лық
банк)
ке­піл­дік
бер­ген 500
мың АҚШ
дол­ла­ры­нан
ар­тық
ин­ве­сти­ция
жұм­сал­са,
0% қал­ған
жағ­дай­лар-
да 5%
7
Укра­и­на
1) 5%/25%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
8
Вен­гер
Рес­пуб­ли­ка­сы
1) 5%/25%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
9
Түр­кия
(хат­та­ма)
10%
10%
10%
10%
10
Өзбек­стан
10%
10%
10%
-
11
Әзір­бай­жан
Рес­пуб­ли­ка­сы
10%
10%
10%
2%
12
Ре­сей
10%
10%
10%
10%
13
Үн­ді­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы
10%
10%
тех­ни­ка­лық
қыз­мет
көр­сет­ке­ні
үшін
ро­я­л­ти­дің
неме­се
сый­а­қы­ның
10%
10%
14
Бе­ла­русь
Рес­пуб­ли­ка­сы
15%
10%
15%
5%
15
Ка­на­да
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
16
Лит­ва
1) 5%/25%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
17
Қыр­ғыз
Рес­пуб­ли­ка­сы
10%
10%
10%
10%
18
Бол­га­рия
Рес­пуб­ли­ка­сы
10%
10%
10%
10%
19
Шве­ция
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
20
ГФР
1) 5%/25%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
21
Оң­тү­стік
Ко­рея
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
-
22
Иран
1) 5%/20%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
23
Че­хия
10%
10%
10%
5%
24
Моң­ғо­лия
10%
10%
10%
10%
25
Бель­гия
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
26
Тү­рік­мен­стан
10%
10%
10%
5%
27
Ру­мы­ния
10%
10%
10%
-
28
Фран­ция
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
29
Гру­зия
15%
10%
10%
5%
30
Эс­то­ния
1) 5%/25%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
15%
5%
31
Тә­жікс­тан
1) 10%/30%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
10%
32
Швей­ца­рия
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5% Алай­да,
егер ти­іс-
ті қар­жы
жы­лы­на тұ-
рақ­ты
ме­ке­ме­нің
пай­да­сы
100 мың
АҚШ дол­ла-
ры­нан
ас­па­са,
осы
қо­сым­ша
са­лық
өн­ді­ріп
алын­бай­ды.
33
Мол­до­ва
1) 10%/25%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
34
Лат­вия
1) 5%/25%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
35
Қы­тай
10%
10%
10%
5%
36
Нор­ве­гия
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
37
Ав­стрия
1) 5%/10%
2) қал­ған
жағ­дай­лар­да
15%
10%
10%
5%
Мысалы:
Ұлыбританиямен жасалған Салық Конвенциясының шарттары бойынша дивидендтерге салынатын салық ставкасы мыналарды құрайды:

1 1) 5%/10%

2 2) барлық қалған жағдайларда 15%.

Мыналарды білдіреді: дивидендтерге салынатын салық мыналардан:

1

1) егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі дивидендтер төлейтін компания капиталында дауыс беру құқығы бар акцияларының кем дегенде 10 процентін (тиісті Салық Конвенциясына байланысты 20 және одан аса процентін) тікелей немесе жанама бақылайтын компания болып табылса, дивидендтердің жалпы сомасынан 5 процент;

2 2) барлық қалған жағдайларда дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен аспауы тиіс.".

Қолданыстағы