О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 18.01.2007
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 AI31623_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004534_
- ЭКБ идентификаторы
- 31623
- Редакция идентификаторы
- AI31623_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:13
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының банктерінде жаңадан құрылатын қоғамдық бірлестіктердің уақытша жинақ шоттарын ашу және жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылы жарияланған, N 9; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 382 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы жарияланған, N 40-41, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің N 137-138 (23348) жарияланған, "Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы 2-15 маусымда жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінің N 42-43 (849) жарияланған қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережеде:
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Жаңадан құрылатын заңды тұлға үшін, оның ішінде жаңадан құрылатын саяси партия үшін банк банктік салым шарты (шартты салым) негізінде уақытша жинақ шотын ашады.";
38-тармақта "қалыптастыруға" деген сөзден кейін "не саяси партия құруды қаржыландыруға, оның ішінде құрылтай съезін (конференциясын) жүргізуді ұйымдастыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда банк уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкілеттік берген жеке тұлғаның өтініші бойынша құрылтайшыларға не олардың бастамасы бойынша саяси партия құрылатын жеке тұлғаларға ақшаны қайтарады және уақытша жинақ шотын жабады.".