Құжат мәтініне өту

О признании банковских депозитных сертификатов ценными бумагами и внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1199

Қаулы · № 140 · қабылданған 21.04.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2000-n-266-n-1199/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О признании банковских депозитных сертификатов ценными бумагами и внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1199 Күшін жойған Қаулы ·№ 140 ·21.04.2003
22.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании банковских депозитных сертификатов ценными бумагами и внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1199

Күшін жойған Қаулы ·№ 140 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании банковских депозитных сертификатов ценными бумагами и внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1199
Атауы (қаз.)
Банктiк депозиттiк сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1199 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
140
Қабылданған күні
21.04.2003
Көрсетілген редакция
22.12.2017 15703_288501.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002343_
ЭКБ идентификаторы
15703
Редакция идентификаторы
15703_288501
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:16

0

Банктiк депозиттiк сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1199 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ережесi мен құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы негiзiнде бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1 1. Осы қаулының 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттерi - екiншi деңгейдегi банктер шығаратын банктiк депозиттiк сертификаттар бағалы қағаздар деп танылсын.

2 2. Банктiк депозиттiк сертификаттарды меншiктi бағалы қағаздар (акцияларды қоспағанда) эмиссиясына және депозиттер қабылдауға, заңды және жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашуға және жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер шығаруға құқылы деп белгiленсiн.

3 3. Банктiк депозиттiк сертификат - оны шығару талаптары үшiн белгiленген айналыс мерзiмi бiткеннен кейiн не бiткенге дейiн оның нақты құнын, сондай-ақ шығару талаптарымен белгiленген мөлшерде сыйақы алуға оның ұстаушысының құқығын куәландыратын эмиссиялық емес атаулы бағалы қағаз деп белгiленсiн.

4 4. Банктiк депозиттiк сертификат:

1 1) құжаттандырылмаған нысанда шығарылатыны;

2 2) банктiк депозиттiк сертификаттар бойынша мәмiлелердi есепке алуды және құқығын растауды және тiркеудi орталық депозитарий жүзеге асырады.

📌 Ескерту. 4-тармақ өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.09.2003 N 319 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6 6. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппараттың барлық мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға, "Активтердi Басқару қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

8 8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

Қолданыстағы