О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 395
- Қабылданған күні
- 27.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 AI22833_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003408_
- ЭКБ идентификаторы
- 22833
- Редакция идентификаторы
- AI22833_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:19
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1189 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 15 (186) басылымдарында 2000 жылғы 17-30 шiлдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1189 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 377 қаулысымен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3221 тiркелген, Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулыққа:
2-қосымшада:
200__ жылғы "__" ________ iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiнiң есебiнде:
жолдар, 3.2., 3.3., 3.4., 3.5., реттiк нөмiрлер алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қолданысқа енедi және оның қолданылуы 2004 жылғы 1 желтоқсаннан бастап басталған қарым-қатынастарға таралады.
3 3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, екiншi деңгейдегi банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.