О внесении дополнения и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 25.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 AI38066_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005150_
- ЭКБ идентификаторы
- 38066
- Редакция идентификаторы
- AI38066_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:09
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1189 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 9 қазандағы N 377 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1302 тіркелген), Агенттік Басқармасының, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1189 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3221 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2005 ж., N 9-13, 43 құжаттар жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3408 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының, кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктер есеп беретін айдың ішінде меншікті қаражатын және тартылған қаражатты ішкі активтерге орналастырады, бұл ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері, реттелген борыштың орташа айлық мөлшері, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық мөлшері, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық мөлшері және ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің сомасына қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс";
2-тармақтың екінші абзацы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдында "Банк шығарған борыштық бағалы қағаздардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
4-1 және 4-4-тармақтарында "оның орнындағы" деген сөздер "есепке қол қоюға уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-2. Банктер қосымша мәліметтерді уәкілетті органға күн сайын электрондық тасымалдағышта есепті күннен кейін келетін жетінші жұмыс күні Астана қаласы бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынады.";
1, 2, 3-қосымшалар осы қаулының қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3 3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4 4. Ақпараттық технологиялар басқармасы (А.Ж. Бейсенбаев) 2008 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде "Екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық ақпаратты жинақтау және өңдеу" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің жетілдіруін қамтамасыз етсін.
5 5. Агенттіктің Төрайымының қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6 _____________________________________
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
N 8 қаулысына қосымша
"Қаражатының бір бөлігін ішкі
активтерге орналастыру
нұсқаулыққа 1-қосымша
_____________________________________
банктің атауы
200__ жылғы "___"________ ішкі активтердің орташа айлық
мөлшерінің және қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге
орналастыру коэффициентінің есебі
Активтер
Есеп беретін
айдың күндері
бойынша ішкі
активтер
Ішкі
активтердің
орташа
айлық
мөлшері
А
1
2
3
...
n
1. Ақша мен салымдар
2. Берілген заемдар
3. Борыштық бағалы қағаздар
4. Дебиторлық берешек
5. Жарғылық капиталға қатысуы
6. Тазартылған қымбат металдар
7. Жылжымалы мүлік
8. Жылжымайтын мүлік
9. Материалдық емес активтер
Қазақстан Республикасындағы
активтердің орташа айлық мөлшері-
нің жиынтығы
Ішкі активтердің орташа айлық
мөлшерінің жиынтығы
Жұмыс күнінің айлық саны _________
Банктің меншік капиталының мөлшері _________
Жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері _________
Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері _________
Ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшері _________
Ішкі активтерге қаражаттың бір бөлігін
орналастыру коэффициенті _________
Бірінші басшы немесе
есепке қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
күні мөр
Банктер қаражатының
бір бөлігін ішкі активтерге
орналастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
_____________________________________
банктің атауы
200__ жылғы "___"________ ішкі және өзге міндеттемелердің
орташа айлық мөлшерінің есебі
Міндеттемелер және жарғылық
капитал
Есеп беретін айдың күндері
бойынша ішкі міндеттемелер
1
2
3
...
n
1. Салымдар
2. Алынған заемдар
3. Кредиторлық берешек
Ішкі міндеттемелердің орташа
айлық мөлшерінің жиынтығы
4. Реттелген борыш
5. Банк шығарған борыштық
бағалы қағаздар
6. Мерзімсіз қаржы құралдары
7. Төленген жарғылық капитал
(акциялар)
Орташа айлық ішкі
міндеттемелер, реттелген
борыштың орташа айлық мөлшері,
банк шығарған борыштық бағалы
қағаздардың орташа айлық
мөлшері, мерзімсіз қаржы
құралдарының орташа айлық
мөлшері, жарғылық капиталдың
орташа айлық мөлшері сомасының жиынтығы
Бірінші басшы немесе
есепке қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
күні мөр
Банктер қаражатының
бір бөлігін ішкі активтерге
орналастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
3-қосымша
_____________________________________
банктің атауы
200__ жылғы "___"________қаражаттардың бір бөлігін ішкі
активтерге орналастыру коэффициентін есептеуге
арналған қосымша мәліметтер
Белгі-
нің
нөмірі
Көрсеткіш атауы
Сомасы
1
2
3
8801
Қолма қол теңге
8802
Қазақстан Республикасының
резиденттері - екінші
деңгейдегі банктердегі
салымдар және ностро
шоттар
8803
Қазақстан Республикасының
резиденттеріне берілген
заемдар
8804
Қазақстан Республикасы
резиденттерінің борыштық
бағалы қағаздары
8805
Қазақстан Республикасы
резиденттерінің
дебиторлық берешегі
8806
Жарғылық капиталға қатысуы
8807
Қазақстан Республикасы
аймағында сақталатын
тазартылған қымбат
металдар сомасы
8808
Қазақстан Республикасы
аймағындағы жылжымалы
мүлік
8809
Қазақстан Республикасы
аумағында орналасқан
жылжымайтын мүлік
8810
Қазақстан Республикасында-
ғы материалдық емес
активтер
8811
Қазақстан Республикасы
резиденттері - екінші
деңгейдегі банктердің
салымдары мен лоро шоттары
8812
Қазақстан Республикасы
резиденттерінің салымдары
8813
Қазақстан Республикасы
резиденттерінен алынған
заемдар
8814
Қазақстан Республикасы
резиденттері алдындағы
кредиторлық берешек
Бірінші басшы немесе
есепке қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
күні мөр.".