О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"
- Атауы (қаз.)
- "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 251
- Қабылданған күні
- 29.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 AI44096_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005535_
- ЭКБ идентификаторы
- 44096
- Редакция идентификаторы
- AI44096_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:07
0 "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1189 тіркелген), " Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 377 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1302 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1189 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3221 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 9-13, 43- құжат), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3408 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Агенттігі басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 8 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5150 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 30 маусымдағы N 91 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5296 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақта:
" жарғылық капиталдың" деген сөздерден кейін "немесе банктің баланс бойынша меншікті капиталының (есеп айырысу кезінде банктік операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Коэффициент үтірден кейін үш белгімен ұсынылады.";
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3- 1. Банктің жарғы капиталының, меншікті капиталының және реттелген борышының орташа айлық шектері жарғы капиталының немесе меншікті капитал сомасының (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады) және тиісті есепті кезеңнің жұмыс күнінің санына есепті кезеңнің әрбір жұмыс күнінің жағдайы бойынша реттелген борышқа қатынасы ретінде есептеледі.";
1-қосымшадағы:
мына жол алынып тасталсын:
"
Қазақстан Республикасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің жиынтығы
";
"Жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері" деген сөздерден кейін "немесе банктің меншікті капиталы (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын;
"ішкі міндеттемелердің" деген сөздер "ішкі және басқа да міндеттемелердің" деген сөздермен аустырылсын;
2-қосымшадағы:
7-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. Төленген жарғы капиталы (акциялар) немесе меншікті капитал (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)
";
соңғы жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ішкі міндеттемелердің орташа айлық сомасының, реттелген борыштың орташа айлық шегінің, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шегінің, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шегінің, жарғы капиталының орташа айлық шегінің немесе меншікті капиталдың орташа айлық шегінің жиынтық сомасы (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)
";