Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"

Қаулы · № 22 · қабылданған 28.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2000-no-262/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы" Күшін жойған Қаулы ·№ 22 ·28.02.2011
28.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"

Күшін жойған Қаулы ·№ 22 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 262 "Об утверждении Инструкции по размещению части средств банков во внутренние активы"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22
Қабылданған күні
28.02.2011
Көрсетілген редакция
28.04.2012 AI58307_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006866
ЭКБ идентификаторы
58307
Редакция идентификаторы
AI58307_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:03

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Екінші деңгейдегі банктердің қызметiн реттейтін нормативтік құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1189 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақтағы «жарғылық капиталдың немесе банктің баланс бойынша меншікті капиталының (есеп айырысу кезінде банктік операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады) орташа айлық мөлшері,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасы резиденттерінің алдындағы реттелген борышты, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі банк шығарған борыштық бағалы қағаздарды және банктің кастодиандық шарт негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйлықақыларды, оң/теріс түзетулерді, провизияларды (резервтерді) ескергендегі банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының тиiстi есептi айдағы жұмыс күндерiнің санына қатынасы ретінде есептеледi.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары оның ішінде провизиялар (резервтер) ескеріліп есептеледi.»;
3-1-тармақ алып тасталсын;
1-қосымшада:
«ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің және қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентінің есебі» деген кестедегі реттік нөмірі 10-жолдың бірінші бағаны «түзетулер» деген сөзден кейін «, провизиялар (резервтер)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Банктің меншік капиталының мөлшері __________» деген сөздер алып тасталсын;
«Жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері немесе банктің меншікті капиталы (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады) _____________» деген сөздер алып тасталсын;
2-қосымшаның «ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің есебі» деген кестесінде:
«
Мін­дет­те­ме­лер және жар­ғы­лық ка­пи­тал
»;
деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«
Мін­дет­те­ме­лер
»;
«
7. Тө­лен­ген жар­ғы ка­пи­та­лы (ак­ци­я­лар) неме­се мен­шік­ті ка­пи­тал (есеп ай­ы­ры­су ке­зін­де банк­тік және өзге опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ли­цен­зия алын­ған сәт­тен ба­стап бір жыл ішін­де жа­ңа­дан құ­ры­л­ған банк­ке ар­нал­ған ша­ғын шек­тер қол­да­ны­ла­ды)
»;
деген жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 8-жолдың бірінші бағаны «түзетулер» деген сөзден кейін «, провизиялар (резервтер)» деген сөздермен толықтырылсын;
«
Іш­кі мін­дет­те­ме­лер­дің ор­та­ша ай­лық со­ма­сы­ның, рет­тел­ген бо­ры­штың ор­та­ша ай­лық ше­гі­нің, банк шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың ор­та­ша ай­лық ше­гі­нің, мер­зім­сіз қар­жы құ­рал­да­ры­ның ор­та­ша ай­лық ше­гі­нің, жар­ғы ка­пи­та­лы­ның ор­та­ша ай­лық ше­гі­нің неме­се мен­шік­ті ка­пи­тал­дың ор­та­ша ай­лық ше­гі­нің жиын­тық со­ма­сы (есеп ай­ы­ры­су ке­зін­де банк­тік және өзге опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ли­цен­зия алын­ған сәт­тен ба­стап бір жыл ішін­де жа­ңа­дан құ­ры­л­ған банк­ке ар­нал­ған ша­ғын шек­тер қол­да­ны­ла­ды)
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Ор­та­ша ай­лық іш­кі мін­дет­те­ме­лер­дің, рет­тел­ген бо­ры­штың ор­та­ша ай­лық ша­ма­сы­ның, банк шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың ор­та­ша ай­лық ша­ма­сы­ның, мер­зім­сіз қар­жы құ­рал­да­ры­ның ор­та­ша ай­лық ша­ма­сы­ның жиын­тық со­ма­сы
»;
3-қосымшаның «қаражаттардың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеуге арналған қосымша мәліметтер» деген кестесінде:
реттік нөмірі 8801-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8801
Тең­ге­мен және ше­тел ва­лю­та­сын­да­ғы қол­ма-қол ақ­ша
»;
реттік нөмірі 8815-жолдың екінші бағаны «түзетулер» деген сөзден кейін «, провизиялар (резервтер)» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 8817-жолдың екінші бағаны «түзетулер» деген сөзден кейін «, провизиялар (резервтер)» деген сөздермен толықтырылсын.

2

2. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші, жиырма екінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы», «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.

4 4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов):

1

1) 2011 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде осы қаулының 1-тармағының он бірінші, жиырма екінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулының 1-тармағында көзделген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеу» есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін (бұдан әрі – Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе) жетілдіруді қамтамасыз етсін;

2 2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 1-тармағының он бірінші, жиырма екінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарында көзделген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.

5 5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Қолданыстағы