Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства экономики и торговли Республики Казахстан от 2 мая 2001 года N 128 "Об утверждении некоторых Правил проведения конкурсов в области качества"

Бұйрық · № 232 · қабылданған 24.08.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2001-n-128/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства экономики и торговли Республики Казахстан от 2 мая 2001 года N 128 "Об утверждении некоторых Правил проведения конкурсов в области качества" Күшін жойған Бұйрық ·№ 232 ·24.08.2005
14.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства экономики и торговли Республики Казахстан от 2 мая 2001 года N 128 "Об утверждении некоторых Правил проведения конкурсов в области качества"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 232 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства экономики и торговли Республики Казахстан от 2 мая 2001 года N 128 "Об утверждении некоторых Правил проведения конкурсов в области качества"
Атауы (қаз.)
"Сапа саласындағы конкурсты өткізудің кейбір ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
232
Қабылданған күні
24.08.2005
Көрсетілген редакция
14.12.2010 AI25316_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003829_
ЭКБ идентификаторы
25316
Редакция идентификаторы
AI25316_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:26

0 "Сапа саласындағы конкурсты өткізудің кейбір ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сапа саласындағы конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің талаптарын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. "Сапа саласындағы конкурсты өткізудің кейбір ережелерін бекіту туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде N 1526 тіркелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық атқару және өзге органдарының бюллетенінде 2001 жылғы,

N 27, 457 бабында жарияланған Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31-мамырдағы N 138; 2004 жылғы 31-мамырдағы N 139 бұйрықтарымен) өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығына алу материалдарын ресімдеу, ұсыну және сараптау ережесінде:
тақырыптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алу материалдарын рәсімдеу, ұсыну және сараптау ережелері";
барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапа саласындағы жетістіктері үшін Сыйлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасында "Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "(1-қосымша)" деген сөзден кейін "түптеп тігілген" деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сыйлық алуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың жиынтығы:
1) бекітілген нысанда (2-қосымша) толтырылған сауалнама-декларациясы 2 беттен кем емес;
2) конкурсанттың қызмет деңгейін өзіндік бағалауды көрсететін және сапа саласындағы нақты нәтижелердің есебі - 36 беттен кем емес;
3) есепке қосымша (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмесі және тағы басқалары) - 30 беттен кем емес;
4) сапа саласында мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде N 2918 тіркелген, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 139 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктер үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесінде жазылған әдістемелік ұсынымдардың 1а-дан 9б-ға дейінгі көрсеткіштер өлшемдерінің негізінде конкурсанттың қызметін бағалау (өзін-өзі бағалау) жөніндегі сауалнама (3-қосымша) - 2 беттен кем емес;
5) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі.";
10-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"10-1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім бір данада жіберіледі, ал жиынтық құжаттар бес данада (құжаттардың үш данасы өтінішпен бірге Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберіледі, ал екі данасы конкурсқа қатысушыға сарапшылық топтың есебімен бірге жергілікті жерлерде тексеру жүргізгеннен кейін Комиссияның жұмыс органына жіберіледі).
Конкурсқа қатысуға арналған материалдарды ұсыну мерзімі - конкурсты өткізетін ағымдағы жылдың 1-шілдесіне дейін.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Есеп А4 форматты қағазда басылуы тиіс. Мәтін қағаздың екі жағынан да мәтін редакторы "Word" N 14 шрифтінде терілуі тиіс. Есеп 36 беттен аспауы тиіс. Есептің мейлінше қажетті ережесін бөліп көрсету ұсынылады.
Көлемі 30 беттен кем емес диаграммалар, графиктер, сызбалар, кестелер және басқа да материалдар қосымша қоса беріледі.";
1-қосымшада:
"тіркеу нөмері" деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы: "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті - Конкурстық комиссияның Жұмыс органы" деген сөздермен толықтырылсын;
"кәсіпорынның атауы" деген сөзден кейін "(мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Есеп" деген сөз "Құжаттар жиынтығы" деген сөздермен толықтырылсын";
3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстанның үздік тауарлары" Республикалық конкурсына ұсынылған өнімдерді сараптап бағалау ісін ұйымдастыру және жүргізу Ережесінде:
4-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тұтынушылық және азық-түлік тауарлары өндірісін жүзеге асырады;";
барлық мәтін бойынша "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті", "Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті", "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетімен" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология комитеті", "Техникалық реттеу және метрология комитеті", "Техникалық реттеу және метрология комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
"Мемлекеттік бақылау басқармасының" деген сөздер "аумақтық бөлімшелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде" деген сөздер "Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Төртінші кезең қорытындылаушы.
Қыркүйектен қарашаға дейін жүргізіледі және мынадай мәселелерді қамтиды:
Республикалық Конкурсқа қатысушылардың тізімі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетімен бекітілген;
Конкурсқа қатысушылардың материалдарын сараптау топтарының қарауы;
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-жарнама жұмыстары;
Дүниежүзілік көрме күні аясында Конкурс өткізу;
Конкурсқа қатысушы сараптау топтың сараптық бағалауы және конкурстық комиссияның Конкурстық қортындысын шығару (лауреаттарды және дипломанттарды анықтау және оларды құттықтау);
Конкурс жеңімпаздарының тізімін жариялау;
"Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсы лауреаттарының каталогын шығару.".
12-тармақта 3) тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"3) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер (3-қосымша)";
13-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Конкурстың әр номинациясы қосымша көрермендер көзайымы жүлдесімен белгіленуі мүмкін".

2 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік қадағалау мониторинг, іс жүргізу және мемлекеттік тіл бөлімі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

4 Сапа саласындағы конкурсанттың қызметін бағалау (өзін-өзі бағалау) жөніндегі САУАЛНАМА

"Сапа саласындағы
конкурсты өткізудің кейбір
Ережелерін бекіту туралы"
Экономика және сауда
министрлігінің
Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі
Комитеті Төрағасының
2001 жылғы 2 мамырдағы
N 128 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда
министрлігі
Техникалық реттеу және
метрология комитеті
Төрағасының бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
"Сапа саласындағы
жетістіктері үшін"
сыйақысына ізденуге
конкурсқа
қатысушыларды бағалау
Ережесіне 3 қосымша
Сапа саласындағы конкурсанттың қызметін бағалау (өзін-өзі бағалау) жөніндегі
САУАЛНАМА
Сый­а­қы
мо­де­ліне
сәй­кес
өл­шем­дер
ата­уы
Ба­лы
Өл­шем-
дер
көр-
сет-
кі­ші
Бал бой­ын­ша ба­ға­лау
Ес-
кер­ту
Өл­шем-
дер­дің
ба­рын­ша
көр­сет-
кі­ші
Өзін-
өзі
ба­ға­лау
Са-
рап-
та­ма-
лық
ба-
ға­лау
1
2
3
4
5
6
7
Бас­шы­лық­тың
бел­сен­ді­лік
рө­лі
100
1 а
25
1 б
25
1 в
25
1 г
25
Са­па
са­ла­сын­да­ғы
са­я­сат және
стра­те­гия
100
2 а
25
2 б
25
2 в
25
2 г
25
Пер­со­нал
100
3 а
20
3 б
20
3 в
20
3 г
20
3 д
20
Әріп­те­стік
және
ре­сур­стар
8
4 а
16
4 б
16
4 в
16
4 г
16
4 д
16
Ұй­ым­дар
жү­зе­ге
асы­ра­тын
про­це­стер
120
5 а
24
5 б
24
5 в
24
5 г
24
5 д
24
Мүм­кін­дік­ті
ба­ға­лау
бар-
лы­ғы
max
500 бал
Тұ­ты­ну­шы­ның
өнім
са­па­сы­на
қа­на­ғат­та­нуы
(кыз­мет­тер
көр­се­ту)
200
6 а
150
6 б
50
Пер­со­нал
қа­на­ғат­та­нуы
90
7 а
67,5
7 б
22,5
Ұй­ым­ның
қо­ғам­ға
ық­па­лы
70
8 а
40
8 б
30
Ұй­ым­ның
жұ­мыс
нәти­же­сі
140
9 а
70
9 б
70
Нәти­же­нің
ба­ға­ла­нуы
бар-
лы­ғы
max
500 бал
Бар­лық көр­сет­кіш бой­ын­ша жал­пы са­ны

Қолданыстағы