О решении акима области от 2 марта 2001 года № 84 «Об утверждении Положения о предоставления кредитов сельхозсубъектам области по программе 82 «Кредитование сельхозтоваропроизводителей в 2001 году» Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2 наурыздағы 84 санды «2001 жылы облыс ауыл шаруашылығы субъектiлерiне «Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелеу» 82 бағдарламасы бойынша несие беру Ережесін бекіту туралы» шешімі туралы
Облыс ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi қаржылай қолдау мақсатында II сайланған Атырау облыстық Мәслихатының Х сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2 наурыздағы 84 санды "2001 жылы облыс ауыл шаруашылығы субъектiлерiне "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелеу" 82 бағдарламасы бойынша несие беру Ережесiн бекiту туралы" шешiмi бекiтiлсiн (жалғанды).
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Әжiғалиева А.Т.) облыстық мәслихаттың IХ-шы сессиясында "2001 жылға облыстық бюджет туралы" шешiмiнде қаралған мөлшерде ауыл шаруашылық субъектiлерiне қаржы бөлу қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелеу" бағдарламасының әкiмгершiлiгi - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Нұршаев Е.Н.) бөлiнген несие қаржының уақтылы, мақсатты пайдалануын және оның мезгiлiнде қайтарылуын қадағаласын.
Басқа 4
Облыстық Мәслихаттың кезектi
X сессиясының 2001 жылғы
16 наурыздағы N 114-II санды
шешiмiне жалғама
Облыс ауылшаруашылығы субъектiлерiне 2001 жылы "Ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлердi несиелеу" 82 бағдарламасы бойынша несие беру
Ережесi
Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 ақпандағы N 175 "Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың 2000-2002 жылдарға бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар Жоспарын бекiту туралы", 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 "Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы", 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдардың несие беру ережесiн бекiту туралы" қаулыларымен және өазақстан Республикасының "Қаржылық лизинг туралы" Заңына сәйкес әзiрлендi, ол облыстық бюджеттiң ақшасы есебiнен бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
несие берушi - облыс әкiмшiлiгi атынан облыстық қаржы басқармасы;
бағдарламаның әкiмгерi - облыстық ауылшаруашылығы басқармасы;
заемшы - бағдарламаның операторы - "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны немесе түпкi заемшы - ауылшаруашылық субъектiсi;
бағдарламаның операторы - "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны, оның негiзгi қызметi облыстық ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлерiне, бағдарламаның әкiмгерi арқылы облыстық бюджеттен бюджеттiк несие алу жолымен, қаржылай қолдау көрсету және оларды одан әрi несиелеу болып табылады;
түпкi заемшы - заңды немесе жеке тұлға, бағдарламаның операторы арқылы бюджеттен несие алушы;
бюджеттiк несие бойынша берешек - белгiлi бiр күнгi бюджеттiк несиенi өтеу және оған қызмет көрсету кестесiне сәйкес заемшы төлемеген төлемдердiң сомасы.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк несиелендiру облыс әкiмшiлiгiнiң тиiстi жылға қабылдаған облыстық бюджеттi атқаруының құрамдас бөлiгi болып табылады және "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнына бюджеттiк несиелердi бере отырып, кейiннен оларды түпкi заемшыларға - ауылшаруашылығы субъектiлерiне беру жолымен жүзеге асырылады. Бюджеттiк несиелер беру өазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес несие шарттарымен ресiмделедi.
Тармақ 3
3. Бюджеттiк несиелендiрудiң мiндеттi шарты несие берушiнiң мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету, несие тәуекелiнiң туындауын ең аз мөлшерге келтiру болып табылады.
Тармақ 4
4. Бағдарламаның операторы - "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны түпкi заемшылармен белгiленген тәртiп бойынша несиелiк және кепiлдiк келiсiм - шарттар жасасады, бюджеттiк қаржылардың тиiмдi және мақсатты пайдаланып, мезгiлiнде қайтарылуын қамтамасыз етуде бағдарламаның әкiмгерi мен облыстық бюджет алдында толық жауапкершiлiкте болады.
Тарау 2. 2. Бюджеттiк несиелендiрудiң бағыттары
2. Бюджеттiк несиелендiрудiң бағыттары
Тармақ 5
5. Бюджеттiк несиелер нысаналы болады және облыстық мәслихаттың шешiмiмен тиiстi қаржы жылына бекiтiлген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелеу" 82 бағдарламасына қаралған сомалар шегiнде көзделген бағыттар бойынша берiледi.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджетте қаралатын бюджеттiк несиелендiрудiң басымды
бағыттары мыналар:
Тармақша 1
1) тұқым сатып алу;
Тармақша 2
2) көтерме сауда - дайындау жүйелерiн дамыту;
Тармақша 3
3) машина-технологиялық стансалары мен сервистiк қызметтер көрсету
пункттерiн дамыту;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы малдарын заңды және жеке тұлғалардан сатып алу,
малдарды қолдан ұрықтандыру және тауарлы-сүт фермаларымен, жанұялық және
фермерлiк шаруашылықтар құру;
Тармақша 5
5) түйе шаруашылығын дамытып, шұбат өндiру;
Тармақша 6
6) жылыжай шаруашылықтарын дамыту;
Тармақша 7
7) лизингiлiк негiзде ауыл шаруашылығы техникаларын алу;
Тармақша 8
8) көпжылдық жемiс ағаштарын отырғызу, бұрынғы жемiс ағаштары
бақтарын қайта жаңарту.
Тарау 3. 3. Бюджеттiк несиелердiң түрлерi мен нысандары
3. Бюджеттiк несиелердiң түрлерi мен нысандары
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы субъектiлерiн несиелеудiң қаржылық операцияларын бағдарламаның операторы "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк несиелендiру процесiнде:
бағдарламаның әкiмгерi мен оның операторы арасында;
бағдарламаның операторы - "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны мен түпкi заемщиктер арасында несиелiк шарттар жасалады.
Тармақ 9
9. Беру нысаны бойынша бюджеттiк несиелер мыналарға бөлiнедi:
Тармақша 1
1) бюджеттiк несиенiң бүкiл сомасын заемшының - ауыл шаруашылығы
субъектiсiнiң шотына бiр жолғы аудару не оның төлем құжаттарын бiр жолғы
төлеу жолымен берiлетiн мерзiмдi несиелер;
Тармақша 2
2) несиелiк желiлер - бюджеттiк несие сомасын аудару кестесiнде
сәйкес түпкi заемшының шотына кезең-кезеңмен аудару жолымен берiлетiн
несиелер.
Тармақ 10
10. Беру мерзiмiне қарай бюджеттiк несиелер мыналарға бөлiнедi:
Тармақша 1
1) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн мерзiмдегi несиелер;
Тармақша 2
2) орташа мерзiмдi - 1 жылдан артық, бiрақ 3 жылдан аспайтын
мерзiмдегi несиелер;
Тармақша 3
3) ұзақ мерзiмдi несие - 3 жылдан артық мерзiмдегi несиелер.
Орташа және ұзақ мерзiмдi несиелендiру кезiнде борыштың негiзгi
сомасын өтеуге мынадай жеңiлдiк кезеңi берiледi:
2 жылға дейiнгi мерзiмге берiлген несиелер үшiн - 3 ай;
5 жылға берiлген несиелер үшiн - 2 жыл;
7 жылға дейiнгi мерзiмге берiлген несиелер үшiн - 3 жыл.
Тармақ 11
11. Бюджеттiк несиелер ұлттық валютада берiледi, оны облыстық қаржы басқармасы бағдарламаның әкiмгерiне сыйақы ставкасысыз аударады, бағдарламаның әкiмгерi де осы соманы бағдарламаның операторына сыйақы ставкасысыз аударады.
Тармақ 12
12. Бюджеттiк несиелендiрудiң 2,3,4,5,6 және 8 бағыттарына берiлетiн орташа және ұзақ мерзiмдi несиелер түпкi заемшыға оның алған несие сомасынан жылдық 2 пайызы мөлшерiнде сыйақы ставкасын, ал лизингiлiк несие алатындар жылдық 3 пайыз мөлшерiнде сыйақы ставкасын төлеуiмен берiледi.
Сыйақы ставкаларынан түскен қаржылар бюджетке қайтарылмайды. Оларды "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны салықтар төлеуге (мүлiк салығы, қосымша құн салығы), түпкi заемшыларды бюджеттiк несиелеуге байланысты операциялық шығындарды және кәсiпорынның аппаратын ұстауға бөлiнген бюджеттiк қаржының жетiспейтiн бөлiгiн өтеуге пайдаланады.
Тармақ 13
13. Бюджеттiк несиелендiрудiң негiзгi шарттары:
несиелердi "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелеу" 82 бағдарламасында көзделген мақсаттарға бағыттау;
кепiлдiк дүние-мүлiктермен қамтамасыз ету;
несиелер берудiң субъектiлерi;
берiлетiн несиелердiң сомасы;
несиелер берудiң мерзiмдерi;
несиелердiң қайтарылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Бағдарлама операторы несие берушiнiң несие қорынан түпкi заемшыға бюджеттiк несие берудi осы Ережеге сәйкестi және олармен жасалынған несиелiк және кепiлдiк келiсiм шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Бюджеттiк несиелер мына мерзiмдерге берiледi:
Тармақша 1
1) тұқым сатып алуға - 1 жылға;
Тармақша 2
2) көтерме сауда - дайындау жүйелерiн дамытуға - 2 жылға;
Тармақша 3
3) машина-технологиялық стансалары мен сервистiк қызметтер көрсету пункттерiн дамытуға - 2 жылға;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы малдарын заңды және жеке тұлғалардан сатып алу, малдарды қолдан ұрықтандыру және тауарлы-сүт фермаларымен, жанұялық және фермерлiк шаруашылықтар құруға - 5 жылға;
Тармақша 5
5) түйе шаруашылығын дамытып, шұбат өндiруге - 5 жылға;
Тармақша 6
6) жылыжай шаруашылықтарын дамытуға - 2 жылға;
Тармақша 7
7) лизингiлiк негiзде ауыл шаруашылығы техникаларын алуға - 7 жылға;
Тармақша 8
8) көпжылдық жемiс ағаштарын отырғызу, бұрынғы жемiс ағаштары бақтарын қайта жаңартуға - 5 жылға.
Тармақ 16
16. Ауыл шаруашылығы субъектiлерi несие алу үшiн бағдарламаның операторы - "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнына мына құжаттар пакетiн тапсырады:
Тармақша 1
1) бизнес-жоспар;
Тармақша 2
2) салық инспекциясынан бюджетке салық және басқа төлемдер үшiн бережақтары жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) қызмет көрсететiн банкiсiнен және басқа да мекемелерден ссудалық бережақтары жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) Атырау облысы бойынша "Жылжымайтын мүлiк орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кепiлдiкке берiлетiн дүние-мүлiктердi бағалау актiсi.
Тармақ 17
17. Бағдарламаның әкiмгерi - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қаржыландыру басталғанға дейiн, iрiктелiнiп, тиiстi аудандық комиссиялардан қанағаттанарлық баға алған, аудан әкiмдерiмен келiсiлген бизнес-жоспарларды қарап, салалық сараптау қорытындысын бередi.
Тармақ 18
18. Бағдарламаның операторы - кепiлдiк ұстаушы несиенiң кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн ұсынылған кепiлдiк мүлiктi не объектiнi несие берiлетiн кезеңдегi оның бағаланған не орташа нарықтық құнының 75 пайызына дейiнгi мөлшерiнде есепке алады. Бұл ретте кепiлдiк құны берiлетiн несие қаржыдан 25 пайыз артық болуы тиiс.
Кепiлдiк нысаны ретiнде жылжымайтын мүлiк, мал, техникалық жарамды жағдайдағы ауыл шаруашылығы техникалары және автокөлiктер бола алады.
Тармақ 19
19. Лизингiлiк негiзде несие беру мiндеттi түрде өазақстан Республикасының "Қаржылық лизинг туралы" Заңының 4-бабына сәйкестi жүргiзiледi және оның мынадай ерекшелiктерi белгiленедi:
Тармақша 1
1) лизингiлiк негiзде бөлiнген техника үшiн мүлiк салығын бағдарламаның операторы төлейдi;
Тармақша 2
2) лизингтiң құнын мерзiмiнен бұрын бөлшектеп өтеген жағдайда, өтелген қайтарым сомасы есептелiп екi жақ арасында кепiлдiк келiсiм шарт қайтадан жасалуы мүмкiн;
Тармақша 3
3) лизингiлiк несиенiң берiлуi ауылшаруашылық субъектiсiне, оның қаржылық жағдайы тұрақты болып, жаңадан алатын несие сомасын өтеуге кепiлдiк мүлкi қамтамасыз етiлген жағдайда, лизингтiң каникулы мерзiмi iшiнде "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелеу" 82 бағдарламасы бойынша басқа несиелер түрлерiн алуына кедергi болмайды;
Тармақша 4
4) лизингiлiк несиенi бөлу кезiнде пайда болған ерекше жағдайлар лизингiлiк несие келiсiм шартында көрсетiлуi қажет.
Тарау 4. 4. Бюджеттiк несиенi өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң тәртiбi
4. Бюджеттiк несиенi өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң тәртiбi
Тармақ 20
20. Негiзгi борышты өтеудi және есептелген сыйақыны төлеудi түпкi заемшы жасалған несие шартына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл ретте төлемдердiң мынадай кезектiлiгi белгiленедi:
Тармақша 1
1) есептелген айыптар мен өсiмақылар;
Тармақша 2
2) есептелген сыйақы ;
Тармақша 3
3) негiзгi борышты өтеу.
Бағдарламаның операторы келiсiм шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға түпкi заемшы несиелiк келiсiм шарттың ережелерiн бұзған жағдайда несиенiң iс жүзiндегi ұсынылған сомасын сыйақы, айыппұлдармен бiрге қайтаруға құқылы.
Тармақ 21
21. Түпкi заемшы негiзгi борышты өтемеген немесе бюджеттiк несие бойынша сыйақыны несие шартында белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда, пайда болған берешекке айыппұл пайыздары есептелiнедi.
Тармақ 22
22. Түпкi заемшы бюджеттiк несие бойынша берешек пайда болған және оны несие шартының ережелерiнде анықталған мерзiмнiң iшiнде өтемеген кезде берешектiң қайтарылуын қамтамасыз ететiн тиiсiнше мынадай шаралар алынады:
Тармақша 1
1) қолданылып жүрген Заңнамаға сәйкес кепiл туралы шарттың негiзiнде
түпкi заемшы кепiлге салған мүлiктi сатуды;
Тармақша 2
2) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түпкi
заемшыны банкрот деп жарияланғанға дейiн де сот тәртiбiмен өндiрiп алуды
жүзеге асыруды қолданады.
Тармақ 23
23. Түпкi заемшыдан негiзгi борышы мен айыппұлын өтеу үшiн төленген
қаржылардың түсуi барысында оларда оператор үш күн iшiнде облыстық
бюджетке аударады.
Тармақ 24
24. Облыстық бюджеттiң ақшасы есебiнен берiлген несие түпкi заемшы
мен бағдарламаның операторы негiзгi борыштық сомасын қайтарған және
айыппұлдар қоса алғанда, осы несиеге байланысты сыйақыны және басқа iлеспе
төлемдердi толық көлемде төлеген кезде өтелген болып саналады.
Тарау 5. 5. Бюджеттiк несиелердiң есебi және оны бақылау
5. Бюджеттiк несиелердiң есебi және оны бақылау
Тармақ 25
25. Бюджеттiк несиелердiң игерiлуiне, мақсатты пайдалануына, уақтылы
және толық өтелуiне бақылауды:
бағдарламаның әкiмгерi - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы;
қала және аудандар әкiмгерi;
бағдарламаның операторы - "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорны жүргiзедi.
Тарау 6. 6. Есеп беру тәртiбi
6. Есеп беру тәртiбi
Тармақ 26
26. Бағдарламаның операторы - "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны бағдарламаның әкiмгерiне бюджеттiк несиелердiң игерiлуi және қайтарылуы туралы берiп отырады.
Бағдарламаның әкiмгерi - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өз кезегiнде облыстық қаржы басқармасына өазақстан Республикасы қаржы Министрлiгi бекiткен тәртiп және формалар бойынша бюджеттiк қаржылардың игерiлуi туралы әр тоқсан сайын есеп бередi.