О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 2 августа 2002 года № 07/10 «О рациональном использовании площадей государственного нежилого фонда объектов коммунальной собственности и утверждении Правил предоставления в имущественный найм (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе коммунальных предприятий и государственных учреждений» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік тұрғын емес қордың
коммуналдық меншіктегі объектілер
алаңдарын тиімді пайдалану және
коммуналдық кәсіпорындар мен
мемлекеттік мекемелер балансындағы
мемлекеттік тұрғын емес жай қорынан
объектілерді мүліктік жалдауға (жалға)
беру ережелерін бекіту туралы» облыс
әкімиятының 2002 жылға 2 тамыздағы
№ 07/10 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылы 23 қаңтардағы №148-11 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тұрғын емес қордың коммуналдық меншіктегі объектілер алаңдарын тиімді пайдалану және коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер балансындағы мемлекеттік тұрғын емес жай қорынан объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру ережелерін бекіту туралы» (Әділет департаментінде тіркелген күні 2002 жылғы 13 тамыз № 904, мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі 13020) Қарағанды облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 тамыздағы № 07/10 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер балансындағы мемлекеттік тұрғын емес жай қорынан объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру ережелерінде;
Тармақша 1
1) 1 тармақтағы «Коммуналдық меншікті басқару Департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге» сөздері алынып тасталсын.
Тармақша 2
2) 3 тармақтағы «Коммуналдық меншікті басқару Департаментінің» сөздері «облыстық, қалалық және аудандық коммуналдық меншікті басқаруға Уәкілетті органдар (әрі қарай – Уәкілетті орган)» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақша 3
3) 4 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Шаруашылық жүргізудегі Объектілерді мүліктік жалдауға беруде немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды, сондай-ақ жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін жедел басқаруда жалға беруші ретінде коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (әрі қарай – Жалға беруші) кіреді».
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі Объектіні үш жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалға беру туралы шешімді өз бетімен қабылдайды.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі Объектіні үш жылдан астам мерзімге, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жедел басқаруындағы Объектіні мүліктік жалға беру кәсіпорынның мемлекеттік басқару органымен келісілгенне кейін және Уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана жүзеге асуы мүмкін.
Мемлекеттік мекемелердің балансындағы Объектіні мүліктік жалға беруді Уәкілетті орган (әрі қарай – Жалға беруші) жүзеге асырады.
Тармақша 4
4) келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
«5-1. Шаруашылық жүргізуіндегі Объектілерді мүліктік жалға беру немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекеттік мекемелерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін жедел басқаруына берілетін объектілердің тізімін жергілікті ресми басылымда жариялағаннан кейін мынадай жағдайларды қоспағанда тендерлік негізде жұргізіледі:
1) мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша Уәкілетті органның жазбаша келісімімен іске асатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық шараларды жүргізу үшін бір айдан артық емес мерзімге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың ғимараттарын және 100 ш.м. дейінгі алаңдағы ғимараттарды, баланстық құны 150-еселі ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықтарды беру.
2) Мемлекеттік жалдау бойынша қызметтерді сатып алуға арналған мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекемелер өткізетін конкурстарға қатысу.
3) Үміткерлергекелісім шарт негізінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабына сәйкес жай беру.
4) Мемлекеттік мекемелерге жай беру».
Тармақша 5
5) 7 тармақ келесі мазмұнлағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігі».
Тармақша 6
6) 8 тармақтағы «тек қана тендер қорытындысы бойынша» сөздерінің алдынан: «егер тапсырылатын Объект коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансында балса» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақша 7
7) 14 тармақтың 1) тармақшасындағы сөйлемнің басы «жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесінің көлемі» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақша 8
8) 17 тармақтың 2) тармақшасы «және жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесінің көлемі» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақша 9
9) Келесі мазмұндағы 20-1 тармағымен толықтырылсын:
«20-1. Ақпараттық хабарламада және тендерлік құжаттамада Жалға беруші ұсынған талаптарға жауап бере алатын жеке және заңды тұлғалар тендерге қатысушы бола алады».
Тармақша 10
10) 22 тармақтағы 1) тармақша келесі редакцияға мазмұндалсын:
«1) тендер құжаттамаларында анықталған талаптарға және шарттарға сәйкес дайындалған өтінімді. Өтінімдер жұпталған конверттерде қабылданады. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы болуы керек. Сыртқы конвертте осы тармақтың 3-8 тармақшаларында көрсетілген құжаттар болуы керек. Өтінім берген кезде ішкі конверт жабық болуы және оған үміткер сүргі салуы керек».
2) тармақша алынып тасталсын.
5) тармақша келесі сөздермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігі, заңды тұлғаны құрмай өз қызметін іске асыратын кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі».
Тармақша 11
11) 23 тармақ келесі редакцияға мазмұндалсын:
«23. Өтінімді қабылдау кезінде тендерлік комиссия ішкі конверттегіні есептемегенде қажетті құжаттардың барлығын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тендерлік комиссия сол күніөақ өтінімді қабылдау және тіркеуден бас тарту жөнінде бас тарту себептерін көрсете отырып үміткерді жазбаша хабардар етеді».
Тармақша 12
12) 25 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«25. Тендерге қатысу үшін кепілдемелі жарна Объектінің баланстық құнынан 1-ден 5 процентке дейінгі көлемде (Жалға берушінің қарауы бойынша) белгіленеді».
Тармақша 13
13) 45 тармақтың 5 тармақшасындағы «мүліктік жалдау» сөздерінің алдынан «жалға берушінің жазбаша келісімінсіз» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақша 14
14) 48 тармақтағы «тоқсан сайын қайта есептеу және құнсыздану коэффициентінің есебімен» сөздері алынып тасталсын.
Тармақша 15
15) 53 тармақтағы «Мүлікті пайдаланудың жалдық төлем мөлшерлемесі жылына бір рет өзгереді, егер ол мүліктік жалдау келісім шартында көрсетілмеген болса.» сөйлемі алынып тасталсын.
Тармақша 16
16) 55-1 тармағы келесі мазмұндалғандармен толықтырылсын:
«55-1. Төлемдерді төлеу мерзімін бұрмалағандығы үшін Жалға алушы мерзімін өткізген әрбір күн үшін төлем сомасынан 0,3% көлемінде төлемақы өсімін төлейді».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.У. Тоғайбаевқа жүктелсін.
К. Мұхамеджанов