О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 2 мая 2002 года № 161/30-II "О дополнительном регламентировании порядка и мест для проведения мирных собраний, митингов и пикетов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 2 мая 2002 года № 161/30-II "О дополнительном регламентировании порядка и мест для проведения мирных собраний, митингов и пикетов"
- Атауы (қаз.)
- "Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 161/30-ІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 358/48-IV
- Қабылданған күні
- 28.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2013 AI53419_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A000635_
- ЭКБ идентификаторы
- 53419
- Редакция идентификаторы
- AI53419_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:05
0 "Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 161/30-ІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және шерулер өткізу және ұйымдастыру туралы» заңның 10-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 5 маусымда № 206 тіркелген, 2002 жылғы 15 маусымда № 69 «Вечерняя Астана», 2002 жылғы 20 маусымда № 82 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «Окан Атрико» ААҚ (3 шағын аудан)» сөздері «А. Пушкин көшесі мен Ш. Құдайбердіұлы даңғылының қиылысындағы шағын гүлбақ» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы Ю. Келигов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин