Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 2 декабря 2002 года № 184 "Об утверждении Правил по применению субъектами оценочной деятельности требований к методам оценки объектов интеллектуальной собственности", зарегистрированный за № 2076

Бұйрық · № 125 · қабылданған 29.06.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2002-no-184-no-2076/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 2 декабря 2002 года № 184 "Об утверждении Правил по применению субъектами оценочной деятельности требований к методам оценки объектов интеллектуальной собственности", зарегистрированный за № 2076 Күшін жойған Бұйрық ·№ 125 ·29.06.2003
03.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 2 декабря 2002 года № 184 "Об утверждении Правил по применению субъектами оценочной деятельности требований к методам оценки объектов интеллектуальной собственности", зарегистрированный за № 2076

Күшін жойған Бұйрық ·№ 125 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 2 декабря 2002 года № 184 "Об утверждении Правил по применению субъектами оценочной деятельности требований к методам оценки объектов интеллектуальной собственности", зарегистрированный за № 2076
Атауы (қаз.)
N 2076 тіркелген "Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 184 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125
Қабылданған күні
29.06.2003
Көрсетілген редакция
03.02.2012 AI16404_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002420_
ЭКБ идентификаторы
16404
Редакция идентификаторы
AI16404_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:12

0 N 2076 тіркелген "Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 184 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау концепциясын іске асыру жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 591 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1 1. N 2076 тіркелген "Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 184 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережеде:
3-тармақта 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "бағалау тәсілі - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын бір немесе бірнеше бағалау әдістерін қолданып анықтау тәсілі.";

2 2-бөлім мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

5-1

"5-1. Зияткерлік меншік объектілерінің нарықтық құнының бірыңғай негізделген мәнін алу үшін бір мезгілде есептер нәтижелерін кейін тапсырушымен келісіп және бағалау объектісінің негізделген нарықтық құнының бір мәнін алу арқылы шығындық, нарықтық және табыстық тәсілдер шегінде бағалау есептері әртүрлі әдістермен орындалады. Бағалаудың нақты әдістемелерін таңдау бағалаудың мақсаттарымен және қолда бар немесе қол жететін бастапқы деректермен белгіленеді.";

5 5-бөлім 13-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3, 13-4-тармақтармен толықтырылсын:

"13-1. Шығындық бағалау тәсілін қолдану кезінде мынадай негізгі әдістемелер қолданады:
1) нақты жұмсалған шығындар әдісі;
2) қалпына келтіру құнының әдісі;
3) келтірілген шығындар әдісі;
4) және өзге де әдістер.
13-2. Нақты жұмсалған шығындар әдісі әдетте, зияткерлік меншік объектісінің баланс (бухгалтерлік) құнын анықтау үшін қолданылады.
13-3. Қалпына келтіру құнының әдісі қызметі және сапасы бойынша сәйкес бағалау объектісінің бағалау күніне ұдайы өндіріс (қайта құру, қалпына келтіру) үшін қажет барлық шығындарды анықтауда тұрады.
13-4. Бағалау объектісінің ағымдағы нарықтық құнын есептеу кезіндегі келтірілген шығындар әдісі бағалау объектісін құруға және пайдалануға дайындауға жұмсалған өткен нақты шығындарды уақытта ақшаның өзгеруін ескеріп ағымдағы құнға қайта есептеуде тұрады.".

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеттің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін.

3 3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап күшіне енеді.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
2003 жылғы "___" _________
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
2003 жылғы "___" ________

Қолданыстағы