Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 2 апреля 2002 года № 244 «Об утверждении Правил прохождения испытательного срока в органах дипломатической службы»

Бұйрық · № 11-1-2/316 · қабылданған 30.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2002-no-244/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 2 апреля 2002 года № 244 «Об утверждении Правил прохождения испытательного срока в органах дипломатической службы» Күшін жойған 20.06.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 2 апреля 2002 года № 244 «Об утверждении Правил прохождения испытательного срока в органах дипломатической службы»

Күшін жойған Бұйрық № 11-1-2/316 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 2 апреля 2002 года № 244 «Об утверждении Правил прохождения испытательного срока в органах дипломатической службы»
Атауы (қаз.)
«Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-1-2/316
Қабылданған күні
30.07.2015
Көрсетілген редакция
20.06.2016 93439_Some(98185).kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011989
ЭКБ идентификаторы
93439
Редакция идентификаторы
93439_Some(98185)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1848 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені», 2002 жылғы № 30, ст. 646 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаменті:

1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.