Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2005 года № 1092

Қаулы · № 1382 · қабылданған 29.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2005-no-1092-ekb-36562/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2005 года № 1092 Күшін жойған Қаулы ·№ 1382 ·29.12.2007
28.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2005 года № 1092

Күшін жойған Қаулы ·№ 1382 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2005 года № 1092
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1382
Қабылданған күні
29.12.2007
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI36562_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001382_
ЭКБ идентификаторы
36562
Редакция идентификаторы
AI36562_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:18

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 39, 556-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы "толғанға дейін" деген сөздер "толысымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымға мынадай өтініш берушілер өтініш жасайды:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін:
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатынына (қатыспайтынына) қарамастан, бала күтімін жүзеге асыратын адамдар;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін:
баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын адамдар;
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адамдар.
Өтініш жасаған кезде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) отбасының тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) отбасы құрамы туралы мәліметтер (бала күтімі жөніндегі жәрдемақы үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес).";
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);";
4) тармақша "(азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
"толғанға дейін" деген сөздер "толысымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса тағайындалады.";
17 және 26-тармақтар мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемі бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.";
17-1-тармақтың бірінші абзацы "есептік көрсеткіштің мөлшері" деген сөздерден кейін "және (немесе) жәрдемақылардың мөлшері" деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.";
мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:
"18-1. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің жобасын жәрдемақының тағайындалған мөлшерінің өзгеруін ескере отырып дайындайды және бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шешімнің жобасын қарап бекітеді және оны уәкілетті ұйымға жібереді.
18-2. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы төлемін тоқтату үшін негіз болып табылатын мән-жайлар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлемін тоқтату туралы шешімнің жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шешімнің жобасын қарап бекітеді және уәкілетті ұйымға жібереді.
Жәрдемақы төлемі төлемді тоқтату үшін негіз болып табылған мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар ерікті түрде, бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.";
31-тармақтың екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.";
Ережеге 4-қосымша:
"себеп бойынша тағайындаудан бас тартылды" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жәрдемақы төлемі мынадай себептер бойынша тоқтатылды:______".

2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы