О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 августа 2005 года № 264-П "Об утверждении Правил оказания услуг сотовой связи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 августа 2005 года № 264-П "Об утверждении Правил оказания услуг сотовой связи"
- Атауы (қаз.)
- "Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы № 264-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63-п
- Қабылданған күні
- 09.02.2007
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2009 AI32397_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004573_
- ЭКБ идентификаторы
- 32397
- Редакция идентификаторы
- AI32397_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:06
0 "Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 264-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Ұялы байланыс қызметінде тарифтеу жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 264-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3817 тіркелген, 2005 жылғы 11 қарашадағы N 209-210 "Юридическая газета" және "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерінде 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Ұялы байланыс операторы осы Ережелердің 44-тармағының талаптарын ескере отырып тарифтеу бірлігінің құнын есепке алу және ақы төлеуді белгілей алады. Тарифтеу бірлігінің көлемі 10 секундтан артық болмауы керек.".
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Е.В.Волкова) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Р.Р. Нұршабековке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Web-сайтына орналастырылуы тиіс.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті төрағасы
2007 жылғы 27 ақпан