О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 2 марта 2005 года № 56 "О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и правилах их финансирования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 2 марта 2005 года № 56 "О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и правилах их финансирования"
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 56 "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1390
- Қабылданған күні
- 29.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2009 26472_189838.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05VA000024
- ЭКБ идентификаторы
- 26472
- Редакция идентификаторы
- 26472_189838
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:03
0 Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 56 "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 1, 18-1 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 56 "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы" (әділет Департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда N 2225 тіркелген, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 47 "Рудный Алтай", 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 34 "Дидар" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіндегі:
1 1) 2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орны-мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт жасасудың негізінде, олардың еңбек ақыларын төлеуге кеткен жұмыс берушінің шығынының орнын жартылай толтырумен құрылатын жұмыс орны";
2 2) 3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"Осы ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 1, 7, 18-1 баптарына сәйкес әзірленген";
3 3) 6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен жасасқан шарттың негізінде жүзеге асырылады".