О внесении дополнений в приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 2 февраля 2006 года № 43 "Об утверждении Инструкции по выдаче разрешения на сжигание попутного и природного газа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 2 февраля 2006 года № 43 "Об утверждении Инструкции по выдаче разрешения на сжигание попутного и природного газа"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің "Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 216
- Қабылданған күні
- 01.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2010 AI41120_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005282_
- ЭКБ идентификаторы
- 41120
- Редакция идентификаторы
- AI41120_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:01
0 Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің "Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығына (2006 жылы 7 сәуірде N 61-62 (1041-1042) "Заң газетінде" жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4105 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ілеспе және табиғи газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулыққа:
9-тармақта "тәжірибелік-өнеркәсіптік" деген сөздерден кейін "және өнеркәсіптік" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген нұсқаулыққа 1-қосымшада:
бірінші бөлімде ", табиғи және (немесе) ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламада көрсетілген технологиялық есеп негізінде нақты әр кен орындары үшін белгіленген жағудың технологиялық болмай қоймайтын көлемін қоспағанда." деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлім:
"құрылады" деген сөзден кейін "ведомствоаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"Ведомствоаралық жұмыс тобы табиғи және (немесе) ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны, сондай-ақ оған, технологиялық бөлігіндегі іс-шараларға, іске асыру кестесі мен мерзімі, құрамы белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілетін толықтырулар және өзгерістерді қарайды, бекітеді.";
бесінші абзацтағы 4) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"алауда жағылатын газдың нақты есебін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын енгізу".
2 2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткенде қолданысқа енгізіледі.
Келісілген: Келісілген:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы төтенше
Қоршаған ортаны қорғау жағдайлар жөніндегі министрінің
министрі міндетін атқарушы
_________Н. Ысқақов _________________А. Сабдалин
2008 жыл 4 тамыз 2008 жыл 1 тамыз