Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2006 года № 496 "Об утверждении Типового положения об экспертных советах по вопросам предпринимательства"

Қаулы · № 1417 · қабылданған 08.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2006-no-496/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2006 года № 496 "Об утверждении Типового положения об экспертных советах по вопросам предпринимательства" Күшін жойған Қаулы ·№ 1417 ·08.11.2012
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2006 года № 496 "Об утверждении Типового положения об экспертных советах по вопросам предпринимательства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1417 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2006 года № 496 "Об утверждении Типового положения об экспертных советах по вопросам предпринимательства"
Атауы (қаз.)
«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1417
Қабылданған күні
08.11.2012
Көрсетілген редакция
28.12.2015 AI68451_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001417
ЭКБ идентификаторы
68451
Редакция идентификаторы
AI68451_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:57

0 «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 204-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережеде:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік органның шешімі бойынша оның тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын сараптамалық кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы Ереженің 7-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қарау нәтижелері бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық кеңес төрағасының қолы қойылатын хаттама жасалады.
Аталған хаттама сарапшылар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі және нормативтік құқықтық акті жобасының міндетті қосымшасы болып табылады.»;
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және оларды қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар оларды қабылдағанға дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;

2 осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ХАТТАМАСЫ _________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 1417 қаулысына
қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі сараптамалық
кеңестер туралы үлгі ережеге
қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ХАТТАМАСЫ _________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
№__________ ______ жылғы «__»_____
Күн тәртібі
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері
_______________________________________________________ қарауы туралы
(нормативтік құқықтық акті жобасының атауы немесе қаралып отырған мәселе)
1. Сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынғандар:
_____________________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы)
2. Сараптамалық қорытындыларды ескертулермен және ұсыныстармен ұсынғандар:
_____________________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы,
_____________________________________________________________________
ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны,
олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)
3. Сараптамалық қорытынды ұсынған жоқ:
_____________________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы)
4.____________________________________________________________
(ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат**)
Сараптамалық кеңестің төрағасы
Сараптамалық кеңестің хатшысы
Ескертпелер:
* - Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы – 10 (7/3)
** - Мұндай жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі

Қолданыстағы