Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2007 года № 1033 "Об утверждении Правил предоставления в пользование памятников истории и культуры международного и республиканского значения"

Қаулы · № 254 · қабылданған 18.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2007-no-1033/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2007 года № 1033 "Об утверждении Правил предоставления в пользование памятников истории и культуры международного и республиканского значения" Күшін жойған Қаулы ·№ 254 ·18.03.2013
10.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2007 года № 1033 "Об утверждении Правил предоставления в пользование памятников истории и культуры международного и республиканского значения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 254 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2007 года № 1033 "Об утверждении Правил предоставления в пользование памятников истории и культуры международного и республиканского значения"
Атауы (қаз.)
"Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
254
Қабылданған күні
18.03.2013
Көрсетілген редакция
10.06.2015 AI71664_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000254
ЭКБ идентификаторы
71664
Редакция идентификаторы
AI71664_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:28

0 "Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 487-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесінде:
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекет меншігі болып табылатын ескерткішті пайдалануға алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
5. Уәкілетті орган жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және өтініш берушіге қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
6. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды не мынадай негіздер бойынша:
1) мәлімделген ескерткіш пайдалануда болса;
2) ескерткішті пайдаланудың мақсаты мен сипаты ескерткіштің жай-күйіне нұқсан келтіретін болса;
3) ескерткішті пайдаланудың мақсаттары оның бастапқы мақсатына сәйкес келмесе пайдалануға беруден бас тартады.
7. Уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруге келісу және ескерткішті пайдалануға беру туралы шарт жасасу туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Ескерткішті пайдалануға беру туралы шартқа уәкілетті орган мен өтініш беруші арасында өтініш берушіге хабарлама жіберілген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қол қойылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Уәкілетті орган теріс шешім қабылдаған кезде, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруден дәлелді бас тарту жазбаша нысанда жіберіледі.»;
10-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өтініш

Халықаралық және республикалық
маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерін пайдалануға
беру ережесіне
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрлігі
Мәдениет комитетінің төрағасы
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты немесе атауы)
Өтініш
________________________________________ ескерткішін ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ мақсатында
(ескерткішті пайдаланудың қысқаша сипаттамасы)
пайдалануға беруді сұраймын.
Өтініш берушінің деректері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тұратын жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері)
Қолы ____________________________
Мерзімі _________________________

Қолданыстағы