О внесении изменений в решение акима села Умирзак от 2 марта 2007 года № 18 "Өмірзақ ауылы көшелерінің аттарын қайта қою туралы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима села Умирзак от 2 марта 2007 года № 18 "Өмірзақ ауылы көшелерінің аттарын қайта қою туралы"
- Атауы (қаз.)
- Өмірзақ ауылы әкімінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 18 "Өмірзақ ауылы көшелерінің аттарын қайта қою туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 28.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2017 113929_210171.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MAA03394
- ЭКБ идентификаторы
- 113929
- Редакция идентификаторы
- 113929_210171
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:39
0 Өмірзақ ауылы әкімінің 2007 жылғы
2 наурыздағы №18 «Өмірзақ ауылы
көшелерінің аттарын қайта қою туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Өмірзақ ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Өмірзақ ауылы әкімінің 2007 жылғы 2 наурыздағы №18 «Өмірзақ ауылы көшелерінің аттарын қайта қою туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-54 болып тіркелген және 2007 жылғы 1 наурыздағы №35-36 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Е.Р. Сарыев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Өмірзақ ауылы әкімінің
2017 жылғы «28» 06
№ 51 шешіміне
қосымша
Р/c
Бау – бақша серіктестігінің
қазіргі атауы
Жоспардағы (жаңа)
тұрғын-үй массивінің атауы
1
«Энергетик» ББС-і
«Рауан» тұрғын-үй массиві
Ескерту: ББС-і – бау-бақша серіктестігі