Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 2 сентября 2007 года № 256 "Об утверждении Правил разработки, утверждения, учета, изменения, отмены, регистрации, обозначения, издания стандартов организаций"

Бұйрық · № 38 · қабылданған 23.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2007-no-256-ekb-53195/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 2 сентября 2007 года № 256 "Об утверждении Правил разработки, утверждения, учета, изменения, отмены, регистрации, обозначения, издания стандартов организаций" Күшін жойған Бұйрық ·№ 38 ·23.04.2010
28.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 2 сентября 2007 года № 256 "Об утверждении Правил разработки, утверждения, учета, изменения, отмены, регистрации, обозначения, издания стандартов организаций"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 38 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 2 сентября 2007 года № 256 "Об утверждении Правил разработки, утверждения, учета, изменения, отмены, регистрации, обозначения, издания стандартов организаций"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту және күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерін бекіту туралы 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38
Қабылданған күні
23.04.2010
Көрсетілген редакция
28.12.2012 AI53195_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006275_
ЭКБ идентификаторы
53195
Редакция идентификаторы
AI53195_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:18

0 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту және күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерін бекіту туралы 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4949 енгізілген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылы қыркүйек-қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерінде:
2-тармақ «және ұйымды жетілдіру және өндірісті басқару, шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарын және нормативтік құжаттарын енгізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «авторлық құқық объектісі болып табылады және таратыла алады» деген сөздер «таратылады» деген сөзбен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ұйым стандарттарында әр түрлі параметрлер және (немесе) өлшемдер кезінде жалпы белгіге, бірдей құрастырылымға ие өнімнің бір немесе бірнеше нақты түрлеріне қойылатын талаптар белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:
«11-1. Мүдделі тұлғаларды әзірленетін ұйым стандарты туралы хабарландыру мақсатында әзірлеуші ұйым, оның түпнұсқасын әлеуетті ұстаушы ол туралы ақпарат басылымдарда және Интернет-ресурстарында орналастырады.
11-2. Егер ұйым стандартын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасында терминдер мен анықтамаларды, қабылдау тәртібін, бақылау, тасымалдау және сақтау, сондай-ақ өнімді жіктеуге қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер, мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық стандарттар болмаса, онда осы талаптарды әзірленетін ұйым стандартына енгізеді.»;
14-тармақта:
3)-тармақша алынып тасталсын;
сегізінші абзац алынып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрақты қысқартылған сөздерді қолданатын ұйымдар үшін стандарт белгілеуінде тұрақты қысқартылған сөздер және жоғары тұрған министрліктің (ведомствоның) шартты белгісі көрсетуге рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұнда 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде стандартталмаған бақылау (сынау) әдістеріне және өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардан тұратын стандарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте метрологиялық сараптауға жатады.»;
16-тармақтағы бірінші абзацтағы «уәкілетті орган жүргізеді» деген сөздер «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «Ұйым стандартын тіркеу алдында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгілеуге жатады» деген сөздер алынып тасталсын.
17-тармақтағы:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйым стандарты 30-күнтізбелік күнде қаралады. Оң шешім қабылданғанда 3 жұмыс күннен ұзақ емес күнде тіркеледі. Теріс нәтиже кезінде қайта қарауға жіберіледі.»;
мынадай мазмұнда алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Ұсынылатын ұйым стандарты нөмірленеді, тігіледі және мөрмен таңбаланады.».

2

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы