Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 452

Қаулы · № 2020 · қабылданған 05.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2007-no-452-ekb-48993/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 452 Күшін жойған Қаулы ·№ 2020 ·05.12.2009
28.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 452

Күшін жойған Қаулы ·№ 2020 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 452
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2020
Қабылданған күні
05.12.2009
Көрсетілген редакция
28.02.2013 AI48993_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090002020_
ЭКБ идентификаторы
48993
Редакция идентификаторы
AI48993_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:50

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 18, 202-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы "немесе жедел басқару" деген сөздер ", жедел басқару немесе мүліктік жалдау (жалға алу)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Арнайы білім беретін бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) арнайы және арнайы (түзеу) ұйымдарға қабылдауды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сай жас шамасына және топтың, сыныптың толымдылығына сәйкес жүзеге асыру;
2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілер, мұғалімдер үлесі олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
5) білім беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
6) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандыру мен қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптардың нормативтеріне сәйкес өзінің меншік құқығында бар жабдықтардың саны мен сапасы туралы өтініш берушінің мәліметтерімен расталатын ұсынылатын арнайы білім беру қызметтерінің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы;
7) оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
8) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы